Жел 24, 2016 20:09 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 177-ші бөлім, 10-14 аяттар

"Әнғам" сүресінің 10-шы аяты:

"(Мұхаммед с.ғ.с) Сенен бұрынғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Пайғамбарларды тәлкек қылғандарды, әжуалаған нәрселері бастарына жетті. (10)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, ақиқатты қабылдағысы келмейтін қасарысқан адамдар иман келтірмеу үшін сылтау айтып: "Осы пайғамбармен бірге оны растайтын және біз көретін періште неге жіберілмеді?",-дегенде осы аят олардың қисынсыз талаптарына былай деп жауап қайтарады: "Ей, пайғамбар! Тарихта ақиқатты қабылдамай, оны масқаралаған адамдар болған. Сенен бұрынғы пайғамбарлар да осындай адамдарға тап болған. Ендеше сен сабырлы бол. Олардың жауабын А... береді. Олар дүние мен ақыретте А...-ның азабына душар болған кезде, масқара еткендері ақиқат болғанын түсінеді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, шындыққа қарсылардың сөзі қисынсыз. Олардың әдісі шындық пен шындық тілеушілерді масқаралап, кемсіту болып табылады.

Екіншіден, басқаларға кемсітушілік мінез көрсетпейік. Өйткені бұл жағымсыз мінез кәпірлер мен мүшріктердің қылығы.

Кезекте "Әнғам" сүресінің 11-ші аяты:  

""Жер жүзін кезіңдер де сонан соң өтірікке ұйғарушылардың соңы не болатынын көріңдер",-де. (11)"

Бұрынғылардың тарихын зерттеудің ең абзал жолы олардан қалған археологиялық ескерткіштерді аралау болып табылады. Қазіргі заманда бұған туризм саласы ерекше көңіл бөледі. Әрине археологиялық ескерткіштерді тек аралап, көру жеткіліксіз. Бұрынғылардың оқиғаларынан ғибрат алу керек.

Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, саяхат жасау мен археологиялық ескерткіштерді аралау исламның өсиет еткен мәселесі және бұрынғылардың тарихымен танысып, болашақтың жолын анықтауға жағдай жасайды.

Екіншіден, "көру" мен "қарау" ісі адам мен жануарға ортақ. Сондықтан одан ғибрат пен сабақ алу маңызды.

"Әнғам" сүресінің 12-13 аяттары:  

"(Оларға): "Көктердегі және жердегі нәрселер кімдікі?" "А...-нікі",-де. Ол мәрхамет етуді өз міндетіне алған. Сендерді болуы күмәнсіз қиямет күнінде жинайды. Сондай өздеріне кесір тигізгендер, олар сенбейді. (12) Күндіз-түні тұрып тұрған нәрселер Онікі. Ол әр нәрсені естуші, білуші. (13)"

Мүшріктерге жауап берген өткен аяттардан кейін осы аяттар былай дейді: "Әлем жаратылысының басталуы мен аяқталуы бір-бірімен байланысты. Сендер әлем мен ондағы тіршілік иелерін өзінің мейірімі негізінде жаратқанына сенетін сол А... дүниені өз бетімен қоя берген жоқ және сендердің өмірлеріңді өліммен аяқтамайды. Ол қияметте сендерді бірге жинап, өмірлеріңді тозақта немесе пейіште жалғастырады". Аяттың соңы: "Әрине өзінің тәухидтік пәк табиғатына теріс қарап, өзін бақытсыздыққа түсірген адамдар да кездеседі. Олар ақиқатты қабылдамағандықтан, ешқашан иман келтірмейді",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қияметтің келуі тек А...-ның әділеті мен хикметі орнау үшін ғана қажет емес. Қайта Оның зор рақымы адам ғұмырының өліммен аяқталмай, басқа әлемде де жалғасуына мүмкіндік береді.

Екіншіден, біз А...-ны көріп, сөзін естімегенімізбен, Ол бізбен сөйлейді, бізді көріп, біліп тұрады.

"Әнғам" сүресінің 14-ші аяты:     

""Көктер мен жерді жаратушы Ол, өзі қоректендіретін, қоректенбейтін А...-дан басқаны дос тұтайын ба?",-де. "Күдіксіз мен мұсылман болған кісінің тұңғышы болуыма бұйырылдым",-де. Және әсте ортақ қосушылардан болма. (14)"

Меккенің кейбір мүшріктері ислам пайғамбарының (с) А... жолына шақырып, пайғамбарлықты жариялауының себебі оның кедейлігі деп ойлап: "Сен мына сөздеріңнен бас тартсаң, біз мал-мүлкімізді сенімен бөлісуге дайынбыз",-деді. А... тағала өзінің елшісіне оларға: "Сендердің жейтін заттарың мен қолдарыңдағы нәрселер А...-нікі. Мен А...-ны тастап, сендерге қосылатындай, сендерге ешнәрсе тиесілі емес. Мен көктер мен жерді жаратқан А...-ға бойсұндым. Мен Оған ешқашан серік қоспаймын және Оның нұсқауларына бағынған алғашқы мұсылманмын",-деп айт дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, бұл әлемде А...-дан басқа пана беруші жоқ. Адамдардың кедейі мен байы, ғалымы мен наданы, үлкені мен кішісі барлығының ризығы бір А...-дан және Оған мұқтаж.

Екіншіден, біздің пайғамбарымыздың діні – Ислам. Исламды қабылдау үшін А... мен Оның нұсқауларына бойсұну керек.