Жел 24, 2016 20:11 Asia/Almaty

Әнғам сүресі, 175-ші бөлім, 1-3 аяттар

"Әнғам" сүресінің 1-ші аяты:

"Барлық мадақ көк пен жерді жаратқан, қараңғылық пен жарықты жасаған А...-ға тән. Кәпір болғандар, сонда да Раббыларына серік қосады. (1)"

Бұл аят А... тағаланы былай деп таныстырады: "Ол көктер мен жердің Жаратушысы. Сендер табынатын нәрсенің жаратушы құдіреті бар ма? Ол Күн мен басқа да жарық беруші жұлдыздарды орнатып, жаратылыс әлеміне жарық пен жылу сыйлайды. Ол аспан денелерін айналдырып, тіршілік иелерінің дем алуына қажет қараңғылық береді. Сендердің құдайларыңда да осындай құдірет бар ма? Ендеше құдіретті жалғыз А...-ға ғана құлшылық етіңдер. Сендерге осындай тіршілік жүйесін бергені үшін Оған шүкір етіңдер". Бұл аят жаратылыстың илаһи бастауын мойындамайтын материалистердің де, зароастрлар секілді нұр мен қараңғылықтың екі негізден шыққанына сенетін кісілерге де, А...-ға серік қосатын мүшріктердің сенімдерін де жоққа шығарады. Бұл арадағы қызықты жайт, Құранның барлық жерінде "нұр" сөзі жекеше, ал "зулумат" сөзі көпше түрде қолданылған. Өйткені нұр болып табылатын ақиқат жолы біреу ғана. Ал қараңғылыққа апаратын жалғанның жолдары көп және әртүрлі. Былайша айтқанда "нұр" - бірліктің сыры болса, "қараңғылық" - араздықтың сыры. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағала барлық нәрсені жаратушы әрі олардың дамуы мен кемелденуіне бағыт беруші. Сондықтан олардың жаратылысы да, тіршілігі де А...-ның қолында.

Екіншіден, серік қосу - күпірліктің бір түрі. Өйткені А...-ға біреуді серік қосу, А...-ның құдіреті мен әлемді жалғыз басқарудағы жігерін мойындамау.

"Әнғам" сүресінің 2-ші аяты:

"А... сендерді (аталарың Адамды) балшықтан жаратты, онан соң (өлшемді өмір) мезгілдеріңді белгіледі. Тағы бір мезгілдерің (қиямет мезгілдерің) де оның қасында белгіленеді. Ал сендер сонда да (өлген соң тірілуге) шүбәланасыңдар. (2)"

Өткен аятта көктер мен жерді жаратудағы А...-ның құдіреті баяндалды. Бұл аят адамның жансыз балшықтан жаратылуына тоқталып былай дейді: "Сендердің өмірлерің мен өлімдерің А...-ның қолында болса, Оның болмысына қалай күмәнданасыңдар?". Бұл аятта адамның екі ажалы бар екені айтылған. Біріншісі, оны А... ғана білетін алдын-ала "белгіленген ажал". Екіншісі, әр адамның өміріндегі жағдайларға байланысты "белгіленбеген ажал". А... тағала әркімге белгілі мөлшерде күш пен қабілет берген. Осы күш пен қабілеттер түгесілсе, майы таусылған шам тәрізді адамның өмірі де аяқталады. Кейде адам белгіленген мерзімі аяқталмай тұрып, майы болғанына қарамастан, желдің соғуынан сөніп қалған шам секілді, түрлі келеңсіздіктер салдарынан науқастанып немесе бір оқиғада қаза болады. Осы негізде исламдық рауаяттарда адам өмірінің ұзақтығына дұрыс тамақтану мен тазалық сақтау себеп болатындығы айтылумен қатар, оның өмірінің қысқа болуына әсер ететін факторлар да баяндалған. Мысалы туыстық байланыстарды сақтау адам өмірінің ұзақтығында маңызды рөл атқарады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, біз өз еркімізбен кететіндей бұл дүниеге өз еркімізбен келген жоқпыз. Өмірдің басталуы мен аяқталуы біздің қолымызда емес. Ендеше біз тірі бола тұра дүниенің басталуы мен қайта тірілуіне қалайша күмәнданайық?

Екіншіден, біз өмір сүріп жатқан әлем тұрақты әрі мықты жүйеге бағынады. Ондағы әр тіршілік иесінің өмірінің соңы соған негізделген. Бұл әлемді жаратқан және оны толық білетін А... .

"Әнғам" сүресінің 3-ші аяты:

"Аспанда да, жерде де (құлшылық қылынуға тиісті) тек сол А... ғана. Ол сендердің көмескілеріңді де, көрнеулеріңді де және (жақсы-жаман) істеріңді де біліп тұрады. (3)" 

Өткен аяттарда көктер мен жерді және адамды жаратудағы А... тағаланың құдіреті баяндалған соң, осы аят былай дейді: "Көктер мен жердің билігі мен барлық нәрсені жарату тек бір А...-ға ғана тән". Бұл әр нәрсенің жеке құдайы бар дейтін адамдардың бұрыс сеніміне қайшы. Бұл аят сондай-ақ адамның көңіліндегі нәрсені, амалдары мен мінездерін білетін А...-ның шексіз біліміне тоқталып былай дейді: "Ол сендерді жаратушы ғана емес, сендердің барлық жағдайларыңды білуші. Сендерді жаратқан соң, өз беттеріңмен қоя берді деп ойламаңдар. Ол сендерді мәңгі бақылап, істеген істеріңді біліп тұрады". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, егер А... тағаланың біліміне сенетін болсақ, істерімізге абай болайық. Бұл сенім бізді жаман істерден сақтандырып, жақсы істерге ынталандырады.

Екіншіден, біздің білуімізше аспан мен жер, ашық пен жасырын әртүрлі болғанымен, А...-ның алдында оның барлығы бірдей.