Мәида сүресі, 174-ші бөлім, 118-120 аяттар
Мәида сүресі, 174-ші бөлім, 118-120 аяттар
"Мәида" сүресінің 118-ші аяты:
ان تعذبهم فانهم عبادك و ان تغفر لهم فانك انت العزيز الحكيم.
"Егер оларды жазаласаң да, кешірім қылсаң да (өз еркіңде), сен шүбәсіз жеңімпазсың, хикмет иесісің. (118)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, хазірет Иса (ғ) қияметте А... тағаламен сөйлескен кезде, өзінің дәрежесін адамның дәрежесінен асырып, құдайдың қатарына қойған адамдардан безетіндігін айтып, олардың ісін өзінің тәухидке шақыру жолдауына қайшы келеді деп санайды. Осы аятта хазірет Иса (ғ) өзінің үмметі үшін А...-дан кешірім сұрап, былай дейді: "Ей, А...! Оларға азап берсең, оған лайық. Олардың еркі Өз қолыңда. Егер оларды кешіріп, жарылқасаң, бұл Сенің мейірімділігің мен рақымдылығыңа жақынырақ. Сен аса данасың". Пайғамбарлардың өз үмметіне шапағат етуі олардың халыққа деген мейірімділігі мен қателік жасағандарға жанашырлығын көрсетеді. Әрине шапағатқа бөленемін деген адам, бір оқушының дайындалып, тырысқанына қарамастан емтиханнан жеткілікті баға ала алмай, өзінің мұғалімі немесе директордың араласуымен өтетін баға алғаны тәрізді оған негіз дайындауы тиіс. Кейде күнә жасап қойған мүміндер кешірімге лайық болса, А...-ның әулиелері мен пайғамбарлары тарапынан шапағатқа бөленіп, пейішке кіруіне жағдай пайда болады. Ислам пайғамбары (с) да хазірет Иса (ғ) тәрізді өзінің үмметі үшін дұға оқып, А...-дан күнәһарларды кешіруін тілеген. Пайғамбардың (с) әйгілі сахабасы Әбузар айтқандай, ол хазірет (с) осы аятты оқыған кезде, қолын жоғары көтеріп, жылаған күйде А...-дан қателік жасағандарды кешіруін сұрайтын. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, жаза мен сауап, азаптау немесе кешіру А...-ның қолында. Біз дүниеде біреуді тозақтық деп санап, оған тозақтық ретінде қарауға хақымыз жоқ. Талай адам күнәһар болғанына қарамастан, өмірінің соңында тәубе етіп, пейішке барады.
Екіншіден, А...-ның мейірімі де, қаһары да хикметке негізделген. А... тағала ешкімді себепсіз жәннатқа немесе тозаққа апармайды.
Үшіншіден, пайғамбарлар шапағат ету дәрежесіне ие. Дегенмен барлық күнәһарлар шапағатқа бөленбейді. Шапағатқа лайық болу керек.
"Мәида" сүресінің 119-шы аяты:
قال ا هذا يوم ينفع الصادقين صدقهم لهم جنات تجري به تحتها الانهار خالدين فيها ابداء رضي ا عنهم و رضوا عنه ذلك الفوز العظيم .
"А... айтады: "Бұл күн (қиямет күні) – шыншылдық шыншылдарға игілігін тигізетін күн. Оларға іргесінен бұлақ ағып жататын жұмақтар бар, олар онда мәңгі тұра береді. А... оларға разы, олар А...-ға разы. Міне бұл – ұлы жетістік". (119)"
Хазірет Исаның (ғ): "Уа, Раббым! Күнәһарларды кешіріп, жарылқау Сенің қолыңда. Сен қалағаныңды кешіресің",-деген сөзіне былай деп жауап береді: "Қиямет күні тек шындық қана жүреді. Адамдарды тозақтың отынан құтқаратын нәрсе - шындық". Шыншыл адамдардың сыйлығы пейіш пен А...-ның ризалығы. Дүние мен ақыреттің бақыты осы. Құранның басқа аяттарында бақытқа жетудің шарты – иман мен ізгі амал делінсе, осы аят оның шартын шындық деп білген. Ол иман мен амалдағы шындықты баяндайды. Яғни, иман - ауызбен ғана айтылмай, жүрекпен де сезіну болып табылады. Бұған қоса ізгі амал да шын ниетпен А...-ға жақындау мақсатында болуы тиіс. Ізгі амалдар екіжүзділік пен көз бояушылықтан және тәкәппарлықтан ада болуы тиіс. Сол себепті бұл аят "олар А...-ға және Оның нұсқауларын орындауға риза" деген маңызды мәселеге меңзейді. Яғни олар әр нәрсені адамдардың көңілін аударту үшін емес, А... ризалығы үшін істейді. А...-ға риза болу адам үшін ең жоғары дәреже болып саналады. Сондықтан дүние мен ақыреттің бақыты осында. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, егер мүміндер осы дүниедегі шыншылдығы үшін қиыншылық көрсе, олар бұл шындығының пайдасын ақыретте көреді.
Екіншіден, адамға құр сөз пайдалы емес, амал пайдалы. Тек сөз сөйлеп, ұран тастаған адам емес, ой-пікірі, сенімі, істері мен сөзінде шындық болған адам мақсатына жетеді.
"Мәида сүресінің 120-шы аяты:
لله ملك السموات و الارض و ما فيهن و هو علي كل شي قدير
"Көк пен жердің және ондағы күллі болмыстың патшалығы А...-ға тән. Оның баршаға құдіреті кәміл. (120)"
"Мәида" сүресінің соңғы аяты болып табылатын бұл аят адамның көңілін жаратылыс әлемінің ұлылығы мен А...-ның құдіретіне аударып, былай дейді: "Адам А...-ның үстемдігінен шығып, Оның қалауынсыз іс істеймін деп ойламасын. Дүниені қалайтын болсаңдар, жаратылыс әлемінің және сендердің кішкентай дүниелеріңнің нағыз иесі А... екенін біліңдер. А...-ға қарай жүріп, Оның пендесі болыңдар". Өйткені тамшы теңізге қосылғанда, тамшы теңіз болып, А... тағаланың шексіз құдіретімен байланысады.