Жел 27, 2016 19:31 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 173-ші бөлім, 114-117 аяттар

"Мәида" сүресінің 114-шы аяты:

قال عيسي ابن مريم اللهم ربنا انزل علينا مائده من السماء تكون لنا عبدا لاولنا و آخرنا و آيه منك و ارزقنا وانت خيرالرازقين .

"Мәриям ұлы Иса: "О, Раббымыз А..., бізге аспаннан дастарқан түсіре көр! Бұл бұрын-соңдыға бір мереке, әрі бізге өзіңнен бір мұғжиза болып қалсын. Бізге ризық бере көр, ризық берушінің ең жақсысы - Өзіңсің",-деді. (114)"

Өткен бағдарламада айтқанымыздай, хазірет Мәсіхтің (ғ) адал серіктері хауарилер өздерінің жүрек сенімі мен имандарын күшейту үшін ол хазіреттің А...-дан аспаннан дастарқан түсіруін тілеуді сұрайды. Хазірет Иса (ғ) олардың бұл өтінішінің сылтау мен қырсықтық салдарынан емес, қайта имандарын күшейту үшін екенін түсінген соң, дұға оқып, А...-дан аспаннан дастарқан түсіруін сұрайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діни мерекелер өткізу және осы мерекелерде басқаларға ас беру Ислам мен басқа діндер қабылдаған салттарға жатады.

Екіншіден, материалдық істерімізге рухани бағыт берейік. Тамақтанған кезде оның илаһи ризық және А...-ның құдіретінің белгісі екенін естен шығармайық. Сондықтан күшімізді А...-ның жолында жұмсайық.

"Мәида" сүресінің 115-ші аяты:

قال الله اني منزلها عليكم فمن يكفر بعد منكم فاني اعذبه عذابا لا اعذبه احدا من العالمين .

"А... (Исаның дұғасын қабыл қылып): "Мен оны сендерге (көктен) түсіремін. Содан кейін сендерден кімде-кім қарсы болса, оны ғаламда ешқандай жанға істемеген азаппен азаптаймын",-деді.(115)"

Бұл мұғжизаны хауарилер сұрағандықтан, ол хазірет Исаның (ғ) тарапынан болған жоқ. Сондықтан А... тағала оларға: "Хазірет Мәсіх (ғ) пен оның мұғжизасына күмән етуші болмаңдар" деп ескертті. Бірақ осыған қарамастан, рауаяттарда айтылғандай, дастарқан түскеннен кейін олардың кейбірі кәпір болған. Бұл адамның илаһи нығметтерге шүкір етпегенін көрсетеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, даналардың жауапкершілігі надандардан көбірек болады. Өзінің даналығы және көрегендігімен ақиқатты түсініп, көрген соң оны мойындамаса немесе жасырса ауыр азапқа душар болады.

Екіншіден, талабы жоғары кісінің жауапкершілігі де көп болуы тиіс.

"Мәида" сүресінің 116-шы аяты:

و اذ قال الله يا عيسي ابن مريم ء انت قلت للناس اتخذوني و امي الهين من دون الله قال سبحانك مايكون لي ان اقول ما ليس لي بحق ان كنت قلته فقد .

"Сонда А... :"Ей, Мәриям ұлы Иса! Сен адамдарға: "А...-дан шеттеп, мені және шешемді құдай көріңдер",-деп пе едің?",-деді. Иса айтты: "Өзіңе еш шек келтірмеймін, айтуға тиісті болмаған нәрсені айтпаймын. Егерде айтқан болсам, өзің сөзсіз білесің, сондай-ақ ішімдегіні де өзің білесің, сенің ішіңдегіні мен білмеймін. Ғайыптың бәрін білетін тек қана өзіңсің". (116)"

Бұл аят А... тағала мен хазірет Исаның (ғ) қияметтегі сұхбаты жөнінде. Қазіргі замандағы христиандар хазірет Мәриямды (с) троицаның бірі деп санамағанымен, Ислам пайғамбары (с) кезінде христиандардың бір тобы "Рухуль-қудустың" орнына Мәриямды троицаның бірі деп есептеген. Тіпті кейбіреулер оның мүсініне тағзым ететін болған. Қазіргі таңда шіркеу қабырғаларынан қасиетті Мәриям мен оның ұлы Мәсіхтің (ғ) суреттері немесе мүсіндері көрінеді. Ал христиандар осы суреттерге бас иеді. Осы аяттан үйренетініміз:

  Біріншіден, хазірет Иса (ғ) өзін құдайға теңеп, құдайдың перзенті ретінде атауға қарсы. Ол мұндай сеніммен келіспейді.

Екіншіден, пайғамбарлардың дәрежесі қаншалықты жоғары болмасын, олар адам болып қала береді, құдайдың деңгейіне жетпейді.

Үшіншіден, адамның, тіпті пайғамбарлардың білімі шектеулі. Керісінше, А...-ның білімі шексіз.

"Мәида" сүресінің 117-ші аяты:

ما قلت لهم الا ما امرتني به ان اعبدواالله ربي و ربكم و كنت عليهم شهيدا مادمت فيهم فلما توفيتني كنت انت الرقيب عليهم و انت علي كل شي ء شهيد .

"Мен оларға өзің бұйырған нәрсені ғана айттым, яғни менің Раббым және сендердің Раббыларың болған А...-ға құлшылық қылыңдар дедім. Олардың ішінде болғанымда олардың ахуалын көріп бақылап тұрдым. Мені (жанымды) өзің алғаннан кейін, олардың ісін өзің бақылап тұрдың. Сен – барлық нәрсені көріп тұрушысың. (117)"

Құран А... тағала мен хазірет Исаның (ғ) қияметтегі сұхбатын баяндауға кірісті. Хазірет Иса (ғ) өзінің пайғамбарлығын ашық түрде қорғап, тәухидке шақырғанын айтады. А... тағаланың өз пайғамбарының істерін толық бақылап тұратындығы және кез-келген қателікке жол бермейтіндігі анық. Сондықтан халыққа осы мәселені құлаққағыс ете отырып, хазірет Исаға (ғ) ерушілерге оның троицаға емес, бір Құдайға құлшылық етуге шақырғанын ескертеді.