Мәида сүресі, 170-ші бөлім, 103-105 аяттар
Мәида сүресі, 170-ші бөлім, 103-105 аяттар
"Мәида" сүресінің 103-ші аяты:
ماجعل الله من بحيره و لاسائبه و لا وصيله و لاحام و لكن الذين كفروا يفترون علي الله الكذب و اكثرهم لايعقلون .
"Бахира, Сәибе, Уасила, Хамдарды А... бұйырған жоқ. Бірақ кәпірлер А...-ға жала жабады, олардың көбі (мұның жала екенін) түсінбейді. (103)"
Арабтардың тарихында айтылғандай, мүшріктер кейбір жануарларды жеуді харам деп санап, осы үкімдерін А...-мен байланыстырған. Бүгінгі таңда да Үндістан сияқты кейбір елдерде үнділер ірі қараны киелі жануар деп, осы малды сойып етін жеу мен ұруды харам санайды. Барлық илаһи діндерде бірқатар малдың етін жеуге тыйым салынған. Бірақ халал мен харамды өз қалауынша белгілеу мен үкім шығару адамның қолында емес. Адамды, жануарлар мен барлық тіршілік иелерін А... жаратқан. Сондықтан оларға қатысты үкімді тек А... ғана шығарады. Негізінде жаратылыс әлеміндегі жансыз заттар, өсімдіктер немесе жануарлар болсын кез-келген табиғи байлықтарды пайдалану халал етілген. Тек илаһи діндерде ғана харамдығы дәлелденген нәрселерді пайдалану ғана харам болып саналады. Әрине кейде дінге бірқатар ырымдар араласып кетуі мүмкін. Сондықтан әр діннің ғұламалары илаһи үкімдерді сондай ырымдардан сақтауға тиіс. Осы аттан үйренетініміз:
Біріншіден, илаһи үкімдер мен нұсқауларға қарсы шығарылған қоғамдық заңдар мен ережелер "бедғат", яғни "дінге жаңалық енгізудің" бір түрі болып табылады. Бұл – күпірлік пен надандықтың белгісі. А...-ны мойындамаған кісі ғана емес, бедғат жасаған адам да кәпір болып саналады.
Екіншіден, адам түгілі малды да өз бетімен қоя беруге болмайды.
"Мәида" сүресінің 104-ші аяты:
واذا قيل لهم تعالوا الي ماانزل الله والي الرسول قالوا حسبنا ماوجدنا عليه آباء نا او لوكان آباوء هم لايعلمون شيئا و لا يهتدون .
"Оларға: "А... түсірген Құранға және пайғамбардың айтқанына бағыныңдар",-делінсе, олар: "Ата-бабамыздың діні өзімізге жеткілікті",-дейді. Олардың ата-бабалары ешнәрсені білмейтін және дұрыс жол ұстанбаған бола тұрса да (ата-бабасының дінін ұстана ма?). (104)"
Өткен аятты жалғастыра келе осы аят былай дейді: "Сол ырымшыл және бедғатшыл мүшріктерге: "Ырымдардан бас тартып, А...-ның үкімі мен пайғамбарына оралыңдар",- делінсе: "Біз ата-бабаларымыздың жолымен жүреміз",-дейді, сонда Құран оларға мынадай насихат айтады: "Сендер ата-бабаларыңның кез-келген салт-дәстүріне еретіндей, ол дұрыс пе еді? Сендерден бұрынғылар ақылға сыймайтын надандық әрі қисынсыз көп істер жасаған"". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, ата-бабалар мен бұрынғылардың әдет-ғұрыптары мен мәдениеті емес, А...-ның дәстүрлері негіз болып табылады.
Екіншіден, дәстүрлерге толық еру де, тым жаңашыл болу да негіз емес. Қайта білім мен жолдау негіз болып саналады. Санасыз ере беру – надандықтың белгісі.
"Мәида" сүресінің 105-ші аяты:
يا ايها الذين آمنوا عليكم انفسكم لايضركم من ضل اذا اهتديهم الي الله مرحبكم جميعا فينبئكم بما كنتم تعملون .
"Ей, мүміндер! Өздеріңде (күнәдан) таза ұстаңдар, өздерің тура жолда болсаңдар, басқалардың адасқаны сендерге кесірін тигізе алмайды. Түбінде барлықтарың А...-ның алдына барасыңдар, А... сендерге істеген істеріңді айтып береді. (105)"
Мүшріктерге ырымдарға еріп, ата-бабаларының салтымен жүрмеуді насихат еткен аяттардан соң, осы аят мүміндерге былай дейді: "Сендерге адасқандардың көзін ашып, жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыю міндеттелгенімен, сендердің ақылдарың әсер бермесе, үмітсізденбей, өз діндеріңді сақтаңдар. Мұндайда А... сендерді олардың қастандығынан сақтайды және қияметте сендердің де, олардың да амалдарын тексереді". Мүмін адам өзін түзеп, басқаларға да әсер етуімен қатар, өзгелердің ықпалына түспеуі тиіс. Сондықтан бұл аяттың негізгі өсиеті – өз-өзіңді түзету және иман мен мағыналық негіздерді нығайту болып табылады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, әр мүміннің ең алғашқы міндеті – нәпсі мен нәпсілік құштарлықтарды жүгендеу. Басқалардың қолайсыз талаптарына қарсы тұра алу үшін, өз нәпсімізбен күресе білуіміз керек.
Екіншіден, басқалардың күнәсі біздің күнә жасауымызға сылтау болмасын. Бұзылған қоғамда да өзімізді сақтай білейік.
Үшіншіден, қияметте әркім өзінің ісіне ғана жауапты. Сондықтан ешкім біреудің күнәсін көтермейді.
Төртіншіден, қияметтегі сот пен қайта тірілуге сену – адамды өзі мен қоғамға қатысты жауапкер тұлға етеді.