Мәида сүресі, 168-ші бөлім, 95-97 аяттар
Мәида сүресі, 168-ші бөлім, 95-97 аяттар
"Мәида" сүресінің 95-ші аяты:
يا ايهاالذين آمنوا لاتقتلواالصيد وانتم حرم و من قتله منكم متعمدا فجزاء مثل ماقتل من النعم يحكم به ذواعدل منكم هديا بالغ الكعبه اوكفاره طعام مساكين او عدل ذلك صياما ليذوق و بال امره عفي الله عماسلف و من عاد فينتقم الله منه والله عزيز ذوانتقام .
"Ей, мүміндер! Сендер ауланған аңды ихрамда яки Қағбада қажылық кезінде өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейі өлтірсе, оның обалын (өзі) көтеру үшін, жазасы – екі әділ кісінің бағалауымен өз малынан әлгі өлтірілген хайуанға ұқсас бір малды Қағба қасына апарып құрбанға шалу немесе (күнәсінің) төлеуі ретінде ғарыптарға тамақ беру немесе мұның орнына бір күн ораза ұстау. Өткендегі (ихрамда аң аулаған) күнәні А... кешті. Кімде-кім енді қайталаса, А... оны жазалайды. А... – үстем (күнәкарды) жазалаушы. (95)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, А... тағала қажыға барған адамды сынау үшін бірқатар бұйрықтар берген. Соның біреуі – ихрам киген адамға аң аулауға харам болуы. Бұл аят осы илаһи нұсқауды қуаттай отырып, әдейі аң аулап, осы шектеуді бұзған адамның үкімін баяндайды. Бұл үкім бойынша, мұндай адамның жазасы – сол аңға ұқсас малды Қағбаның қасында құрбандыққа шалып, оның етін кедей-кепшіктерге таратып беру болып табылады. Егер құрбандық шалуға мүмкіндік болмаса, кедейлерге еттің орнына азық-түліктің басқа түрін беріп немесе алпыс адамды тамақтандыру керек. Ал егер қаражат жағынан бұған да мүмкіншілік келмесе, кедейлер мен ашқұрсақтардың жағдайын түсіну үшін кемінде алпыс күн ораза ұстау керек. Осылайша ол өзінің күнәсінің жағымсыз сипатын көреді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, ихрам киген кезде тек адамдар ғана емес, жануарлар да толық қауіпсіздікте болуы тиіс.
Екіншіден, қылмыстың өзінен де саналы түрде қылмыс жасауды ойлау жаман. Ол қылмыстың ауырлатады.
Үшіншіден, Исламның қылмыстық заңдарында әдетте айыппұл кедей-кепшіктердің мұқтаждықтарын шешуге бағытталған. Ал керісінше, адамзаттың заңдарында айыппұл үкіметке төленеді.
"Мәида" сүресінің 96-шы аяты:
احل لكم صيد البحر و طعامه متاعا لكم و للسياره وحرم عليكم صيد البر مادمتم حرما و اتقواالله الذي اليه تحشرون.
"Сендердің және жолаушылардың пайдалануы үшін теңіз жануарлары, теңізден шығатын жемектіктер алал етілді, ал ихрамда немесе Қағбада (хаж қылып) тұрғанда құрылық жануарларын аулау сендерге арам қылынды. А...-дан қорқыңдар, өйткені (қиямет күні) оның алдына жиналасыңдар. (96)"
Өткен аятта дала хайуандарын аулауға тыйым салынған соң осы аят былай дейді: "А... тағала сендерге теңіз жануарларын аулап, оның өнімдерін қолдануды халал етті. Ол барлық жолдарды жауып, барлық тағамға тыйым салған жоқ". Негізінде мұндай илаһи сынақтар адамның қайсысы А...-ға бойсұнғанын, ал қайсысы нәпсіге еретінін анықтау үшін берілген. Сондықтан А... бір жолды жауып, басқа жолды ашады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, теңіз өнімдері тек жағалау тұрғындарына ғана тиесілі емес. Оны барлығы пайдалануға құқылы.
Екіншіден, аң аулау ойын-сауық үшін емес, азық үшін болғанда ғана рұқсат етілді.
Үшіншіден, қиямет пен илаһи соттың алдында тұруға сену адамды күнәдан сақтайтын фактор болып саналады.
"Мәида" сүресінің 97-ші аяты:
جعل الله الكعبه البيت الحرام قياما للناس والشهرالحرام والهدي و القلائد ذلك لتعلموا ان الله يعلم مافي السموات و مافي الارض وان الله بكل شي عليم .
"А... құрметті үй Қағбаны және қажы айларын, қажылыққа барғандағы құрбандықты, құрбандық белгісін адамдардың дүние және ақырет істерінің тұтқасы қылды. Бұлай етуі – А...-ның көк пен жердегі күллі затты және барлық нәрсені толық біліп тұратын білгіш екендігін сендерге ұғындыру. (97)"
Қажылық кезіндегі бірқатар нұсқаулар баяндалған соң, осы аят қажылық амалдарының өзегі - Қағбаға тоқталып, оның мәртебесі туралы былай дейді: "А... тағала бұл Үйді қауіпсіздік, ғибадат, бірлік пен даналықтың орталығы етті. Бұл істер қоғам мен халықтың беріктігін сақтайды". Қағбаның құрметін мәңгі, әсіресе қажылық күндері мен харам айларында сақтау керек және онда соғысу мен қан төгуге тыйым салынған. Осы мекен мен уақыт қана құрметтелмейді, қайта қажылық кезіндегі құрбандыққа арналған жануар да құрметтеледі. Өйткені қажылық рәсімі осыған байланысты. Харам айларында миллиондаған мұсылманның ешқандай артықшылық пен жанжалсыз А...-ның үйінде жиналуы Исламның ерекшелігіне жатады. Қажылық рәсімдеріне мұқият назар аударатын болсақ, ол барлық әлемді білетін А...-ның шексіз даналығынан шыққанын көреміз. Адамның шектеулі ойы ешқашанда мұндай жалпы нұсқауларды ойлап шығара алмайды. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам тұрғысынан кейбір орындар мен мезгілдер құрметке ие. Сондықтан оның құрметін сақтау қоғамның беріктігіне себеп болады.
Екіншіден, мешіт пен мал бауыздайтын жердің әрқайсысы ғибадат ету мен күн көрістің мәнін білдіреді. Оның екеуі де адамдардың діні мен дүниесіне кепілдік жасайды. А... тағала қажылық кезінде осы екеуін қатар қойған.