Жел 27, 2016 19:39 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 166-шы бөлім, 89-91 аяттар

"Мәида" сүресінің 89-шы аяты:

لانواخذكم ا باللغو في ايمانكم و لكن يواخذكم بماعقدتم الايمان فكفارته اطعام عشره مساكين من اوسط ماتطمعون اهليكم او كسوتهم او تحرير رقبه فمن لم يجد فصيام ثلثه ايام ذلك كفاره ايمانكم اذا حلفتم واحفظوا ايمانكم كذلك يبين ا لكم اياته لعلكم تشكرون. 

"А... сендерді абайсыз айтқан анттарың үшін жауапқа тартпайды. Бірақ сендерді біліп тұрып берген анттарың үшін жауапқа тартады. (Мұндай антты бұзсаңдар) Оның төлеуі – үй-іштеріңе берілетін орташа тамақпен он ғарыпты бір уақ тамақтандыру, немесе оларға бір пар киім беру, немесе бір құлды (яки күңді) азат ету; бұған шама-шарқы келмесе, үш күн ораза ұстау. Ант бұзғандықтарыңның төлеуі міне осы болмақ. Анттарыңда тұрыңдар. Шүкір қылуларың үшін, А... өз аяттарын сендерге осылай баяндайды. (89)"

Өткен бағдарламада оқыған аяттардан, мұсылмандар пайғамбардан (с) қияметтегі жағдайларды естіген шақта, қатты әсерленіп, жақсы тағамнан және рахат тұрмыстан бас тартып, әйелдеріне де жоламай, осы шешімдеріне ант бергенін, алайда пайғамбар (с) олардың бұл ісіне тыйым салғанын білгенбіз. Пайғамбар (с) оларға: "Біздің дініміз – оқшаулану мен сопылық дін емес",-дегенде, олар: "Ендеше осыдан бұрын берген анттарымызбен не қылайық?",-деп сұрады. Сонды осы аят оларға былай дейді: "Сендер жағымсыз іске ант бергендіктен, оның күші болмайды. Осы анттарың үшін А... сендерді жауапқа тартпайды. Бірақ әр нәрсеге ант бере бермеу керектігін біліңдер. Өйткені антты орындауға міндетті боласыңдар. Антты бұзу харам болумен қатар, оның төлемі бар". Ислам діні ерекшеліктерінің бірі – діни істерде қателік пен олқылық жасаған адамды қоғамдағы кедей-кепшіктерге жәрдемдесумен жазалау болып табылады. Мысалы, ораза ұстай алмайтын адам кедейлерді тойдыруы тиіс. Жоғарыда қозғалған мәселеде, антты бұзған адам кедейлерге тамақ пен киім беруі тиіс, немесе құлды азат етеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, А... тағала анттарын бұзған адамдарды кешіретіндей, біз де адамдардың қателіктерін кешіріп, оларға ашу сақтамайық.

Екіншіден, Исламның заңдары тіпті жазалау барысында да кедейлерге жәрдем беруді қарастырған.

Үшіншіден, қаржылай айппұл адамдардың жағдайына сәйкес болып, олар жазаның түрін таңдауға құқылы болуы тиіс.

Төртіншіден, А...-ның қасиетті есімін құрметтейік. Бекерден-бекер ант бермейік, ал ант берсек оны орындауға тырысайық. Керісінше жағдайда оның төлемін төлеуге тиіспіз.

"Мәида" сүресінің 90-шы аяты:  

ياايهاالذين آمنوا انما الخمر و الميسر والانصاب والازلام رجس من عمل الشيطان فاجتنبوه لعلكم تفلحون .

"Ей, мүміндер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұттарға (тас мүсіндерге) шоқыну, бал оғымен бал ашу – жиіркенішті қылы, шайтанның ісі. Тілекке жетеміз десеңдер, бұл істерден аулақ болыңдар. (90)"

Ислам діні пұтқа табынушылық, құмар ойнау және арақ ішу кең таралған ортада пайда болды. Ол ортаны Құран – бастапқы жәһилият деп атайды. Өкінішке орай, қазіргі заманда да дүниежүзінде құмар ойындары мен ішімдіктер кең жайылып, пұтқа табынудың түрлі тәсілдері тараған. Сондықтан иманның шарты – шайтанның істерінен аулақ жүру болып табылады. Исламда ақылсыз әрекетке апаратын кез-келген іс айыпталады. Арақ ақылды адастырып, ал құмар ойындары ой мен дененің талпынысыныз мал-мүлік табуға себеп болғандықтан Ислам оларға қатаң тыйым салған. Ежелгі заманда арабтар шарапқа аса құмар болғандықтан, оларға оны бірден қою қиынға түсті. Сол себептен Исламның шарапқа қатысты үкімдері біртіндеп төрт кезеңде түсті. Жоғарыда оқылған аятта шарап ішкен адам "пұтқа табынушыға" теңеледі. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, шарап тәрізді зат рухани және денсаулық тұрғысынан зиянды болғандықтан харам етілді.

Екіншіден, иманның шарты – шайтанның істерінен аулақ ұстану болып табылады. Ғибадаттың бір өзі жеткіліксіз, сондықтан адам өзінің құрсағы мен нәпсісін бақылауы тиіс.

Үшіншіден, Исламның барлық тәлімдері адамды бақытқа жеткізуге арналған. Ата-ананың перзентті тәрбиелеуі тәрізді, кейбір істер қиындау болады.

"Мәида" сүресінің 91-ші аяты:

انما يريد الشيطان ان يوقع بينكم العداوه و البعضاء في الخمر و الميسر و يصدكم عن ذكر الله و عن الصلوه فهل انتم منتهون .

"Шайтан арақ, құмар ойыны арқылы араларыңа дұшпандық, араздық салмақшы және сендерді намаздан, А...-ны еске алудан тоспақшы болады. Сендер әлде де тиылмаймысыңдар? (91)"

Өткен аяттан А... тағала құмар ойындары мен шарапты – шайтанның істері деп атағанын білдік. Осы аят былай дейді: "Шайтан осы екі іс арқылы сендердің басқалармен байланыстарыңды бұзып, араларыңа дұшпандық пен кекшілдік салуды көздейді. Ол сондай-ақ сендердің А...-мен байланыстарыңа да нұқсан келтіріп, намаз бен зікірді ұмыттырады". Шарап адамның жаны мен тәніне көп зиян келтіреді. Дегенмен Құран оған тыйым салудың себебін баяндаған кезде екі мәселені көбірек куаттайды. Біріншісі – әлеуметке тигізетін зияны, екіншісі – рухани зияны. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, кімде-кім халықтың арасында дұшпандық пен өшпенділік жайса, адам кейпінде болғанымен шайтан саналады.

Екіншіден, А...-ны еске алудың ең абзал белгісі – намаз. Біздің А...-ны еске алуымызға кедергі жасайтын әр нәрсе – жағымсыз іс болады, сондықтан сауда мен оқу секілді әдеттегі іс болып көрінгенімен, мұндай істен аулақ болу керек.