Мәида сүресі, 165-ші бөлім, 84-88 аяттар
Мәида сүресі, 165-ші бөлім, 84-88 аяттар
"Мәида" сүресінің 84-85-86 аяттары:
و ما لنا لا نومن با و ما جاء نا من الحق و نطمع ان يدخلنا ربنا مع القوم الصالحين فاثابهم ا بما قالوا جنات تجري من تحتها الانهار خالدين فيها و ذلك جزاء لمحسنين والذين كفروا و كذبوا باياتنا اولئك اصحاب الجحيم .
"А...-ға және өзімізге келген ақиқатқа сенбейтін бізге не болыпты? Қайта Раббымыздың бізді игі қауыммен бірге (жәннатқа) кіргізуін үміт етеміз. (84) Осы сөздері үшін А... оларды іргесінен бұлақ ағып жататын жәннатпен сыйлайды, олар онда мәңгі тұрады, жақсылық істеушілердің сыйы әне сол. (85) Кәпір болып, аяттарымызды өтірікке санағандар – тозақтықтар. (86)"
Өткен бағдарламада айтқанымыздай, христиандардың бір тобы "Мәриям" сүресінің аяттарын естігенде жылап, Құранның шын екендігіне куәлік етті. Бұл аяттар да сол аяттарды жалғастырып: "Олар Құранға сонша қызығып: "Бізге А... тарапынан келген осы шындық сөздерді қалайша мойындамайық? Біз пәк тұлғалармен бірге жәннатқа кіруге үміттенбеуші ме едік?",-деп айтты",-дейді. А... тағала осы аяттарда ақиқатты мойындаған мұндай адамдарға жәннатты сыйлаймын деген. Өйткені жәннат жақсылық істеген және пәк адамдардың орны. Жәннатқа олардан басқалар кірмейді. Аяттың жалғасы былай дейді: "Әрине кейбіреулер осы ақиқатты қабылдағысы келмейді. Олар оны жоққа шығарғандықтан тозақтық болады". Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, адам ақиқатты таныған соң, оны жоққа шығаруға ешқандай сылтау келтіре алмайды.
Екіншіден, А...-ның бар екендігіне сену де, Оның аянына иман келтіруден бөлек емес. Сондықтан өзінің жаратқан жандарын жолдауды ойламайтын құдай табынуға тұрмайды.
Үшіншіден, адамның өз ожданына сұрақ қоюы - ақиқатты түсіну жолы мен кемелдікке қарай қозғалу болып саналады. А... да мұндай адамдарды құрметтейді.
"Мәида" сүресінің 87-ші аяты:
يا ايها الذين آمنوا لاتحرموا طيبات مااحل ا لكم و لاتعتدوا ان الا يحب المعتدين.
"Ей, мүміндер! А... сендерге халал қылған таза нәрселерді көріп, шектен аспаңдар. Шектен асқандарды А... жақсы көрмейді. (87)"
Тарихи рауаяттарда айтылғандай, бір күні А...-ның елшісі (с) халыққа қияметте болатын оқиғаларды баяндайды. Олардың кейбіреуі зар жылап, әсерленгені сонша, тіпті бұдан былай жақсы тағам жемеуге, рахатшылық көрмеуге, түні бойы ғибадат етіп, күні бойы ораза ұстауға және әйелдерімен жақындаспауға шешім қабылдап, осы орайда ант ішеді. Мұны естіген пайғамбар (с) халықты мешітке жинап: "Біздің дініміз – оқшаулану мен сопылықтың діні емес. Мен А...-ның елшісі болғаныммен, үйім мен отбасымнан алшақтаған жоқпын. Олармен бірге тамақ жеймін, әйелдеріммен бірге өмір сүремін. Кімде-кім менің әдістеріме қарсы істесе мұсылман емес екенін біліңдер!",-дейді. Осы аят өмірде ортаны ұстануға шақырып, былай дейді: "А... тағала сендерге кейбір істерді харам еткеніндей, кейбір істерді халал етті. Сондықтан Оның харамын халал, халалын харам етуші болмаңдар". Мүмін адам тек А...-ның нұсқауларына ғана бағынып, оның шектеулерінен аспайды. Одан артық та, кем де істемейді. Егер адам өзіне халал етілген нәрсені харам етсе, А...-ның қойған шегінен асқан болып саналады. Ал бұл имандылыққа жатпайды. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А... тағала халал тағамдар мен сусындарды және басқа да ләззаттарды мүмінге арнады. Сондықтан одан бас тарту – А...-ның ілтипатына немқұрайлы болудың бір түрі болмақ.
Екіншіден, Ислам – адамның табиғатына сай келетін дін. Ендеше қолайлы әрі жарамды нәрселерден бас тарту адамның табиғатына қайшы келеді.
Үшіншіден, илаһи шектеулерден асуға болмайды. Сондықтан харамды халал, ал халалды харам етуге болмайды. Мұның барлығы адамның емес, А...-ның қолында.
Төртіншіден, адам халал етілген нәрсені пайдалануы тиіс, бірақ ысырап етпегені жөн.
"Мәида" сүресінің 88-ші аяты:
وكلوا مما رزقكم ا حلالا طيبا و اتقوا الذي انتم به مومنون.
"Сендерге А... берген ризықтың халал да тазасын жеңдер. Өздерің сенген А...-дан именіңдер. (88)"
Адамның дүниедегі халал нәрселерді пайдаланудан бас тартуына тыйым салған аяттардан кейін осы аят халал әрі пәк нәрселерді тұтынуға бұйырады. Бұл аят былай дейді: "Дүниенің заттарын пайдалану жағымсыз іс деп ойламаңдар. А...-ның дүниедегі ризық-нығметтері бәрі сендерге арналған. А... оны сендер үшін жаратты. Ендеше осы мол мүмкіндіктерді пайдаланыңдар". Бұл жердегі маңызды мәселе, осы нығметтерді пайдаланған кезде әділет пен тақуалықты сақтау мен оны қолдану әдістерін білу. Өйткені Құранның басқа аяттарында, А... тағала "жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер!" дейді. Тағы басқа аяттарда "жеп-ішіңдер де, ізгі іс істеңдер", "жеңдер, өзгелерге де беріңдер" делінген. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, дүниенің ризықтарын пайдалану иманға қайшы келмейді. Қайта илаһи нығметтерге көңіл аудару қажет.
Екіншіден, тақуалық дегеніміз – дүниеден бас тарту емес, қайта оны ақырет үшін дұрыс пайдалану болып табылады.