Мәида сүресі, 164-ші бөлім, 81-83 аяттар
Мәида сүресі, 164-ші бөлім, 81-83 аяттар
"Мәида" сүресінің 81-ші аяты:
ولو كانوا يومنون بالله و النبي و ماانزل اليه مااتخذوهم اولياء ولكن كثيرا منهم فاسقون.
"Егер олар А...-ға, пайғамбарға және пайғамбарға түсірілген кітапқа сенген болса, кәпірлерді дос тұтпас еді. Бірақ, олардың көбі – пасықтар. (81)"
А... тағала өткен аятта: "Яһудилердің көбі кәпірлермен дос болып, илаһи ашуға тап болады",-деді. Бұл аят осы орайда былай дейді: "Кәпірлермен дос болу мен олардың жетекшілігін қабылдау, яһудилердің А... мен пайғамбарға (с) және илаһи кітапқа шын иман келтірмегендерін көрсетеді. Әйтпесе А...-ға иман келтірген адам, кәпірлермен қалайша дос болсын?". Сондықтан осы аят яһудилерді сынап былай дейді: "Олар Ислам пайғамбары мен оның илаһи кітабы – Құранға иман келтірмейді, тіпті өздерінің пайғамбарлары мен Тәуратқа да шын иман келтірмейді, оған қарсы амал етеді". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, кәпірлердің үстемдігінен құтылып, нағыз тәуелсіздікке жету үшін А... тағала мен илаһи кітапқа иман келтіру керек.
Екіншіден, кәпірлердің айтқанымен жүріп, олардың үстемдігін қабылдау дінсіздік пен пасықтықтың белгісі.
"Мәида" сүресінің 82-ші аяты:
لتجدن اشدالناس عداوه للذين آمنوا اليهود والذين اشركوا و لتجدن اقربهم موده للذين آمنواالذين قالوا انا نصاري ذلك بان منهم قسيسين و رهبانا و انهم لايستكبرون .
"(Ей, Мұхаммед!) Яһудилердің және мүшріктердің мүміндерге қас дұшпан екендігін сөзсіз байқайсың. "Біз - насарамыз" дейтіндердің мүміндерге ең жақын дос екендігін де сөзсіз байқайсың. Бұл насаралардың ішінде поптардың, шайқылардың болғандығынан және тәкәппарлық істемейтіндігінен. (82)"
Тарихи рауаяттар бойынша, пайғамбарлық берілгеннен кейін бесінші жылы бір топ мұсылман Мекке мүшріктерінің қысымдарынан құтылу үшін Ислам пайғамбарының (с) бұйрығымен Хәбәше еліне қоныс аударады. Хәбәше патшасы Наджашидің діні христиан болса да, мұсылмандарды жылы қарсы алып, оларды артынан қуып келген Мекке мүшріктерінің өкілдеріне тапсырудан бас тартады. Бұған қоса Наджаши сарайындағы христиан ғұламалары мұхажірлердің жетекшісі Джафар ибн Әбу-Тәліптің аузынан "Мәриям" сүресінің аяттарын естіген кезде, зар жылап, мұсылмандарды қолдайды. Дегенмен Ислам пайғамбары (с) Мәдинаға қоныс аударған кезде, осы қаладағы яһудилер бастапқыда мұсылмандармен келісім жасаған еді, бірақ шамалы уақыттан соң осы келісімдерін бұзып, мұсылмандарға қарсы астыртын әрекеттер жасау үшін мүшріктерге қосылады. Осының салдарынан Аһзаб соғысы орын алады. Осыған байланысты Құран бұл аятта аталмыш екі топты бір-бірімен салыстыра отырып, Ислам пайғамбары (с) мен мұсылмандарға былай дейді: "Христиандар сендерге жақынырақ. Өйткені олардың арасында ақиқатты мойындайтын ғалымдар мен діндарлар бар. Ал яһудилер болса сендерге қолдау көрсетпек түгіл, мүшріктермен бірігіп сендерге қарсы қастандық жасайды". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Ислам тарихына қарайтын болсақ яһудилер мұсылмандармен әу бастан-ақ жауласып келеді. Бүгінде Израиль Палестина жерлерін жаулап алып, оның тұрғындарын қуып шықты. Сол сияқты Исламның алғашқы кезінде яһудилер мұсылмандарды Мәдина қаласынан қуып шығаруға тырысқанымен, мақсатына жете алмады.
Екіншіден, әр қоғамда діни ғұламалар мен діндар адамдар халықтың жүріс-тұрысына бағыт беруде өзекті рөл атқарады. Сондықтан олар түзу болса, қоғам да түзу болады. Ал егер азғындыққа салынған болса, қоғам да азады.
Үшіншіден, Исламда негізсіз әсірешілдікке орын жоқ және басқа діндегілерге ынсаппен қарайды.
Келесі аятта А... тағала христиан ғұламаларына құрмет білдіреді. "Мәида" сүресінің 83-ші аяты:
و اذا سمعوا ماانزل الي الرسول تري اعينهم تفيض من الدمع مما عرفوا من الحق يقولون ربنا آمنا فاكتبنا مع الشاهدين.
"Олардың пайғамбарға түсірілген Құранды тыңдаған шақта ақиқатты танып, көздеріне жас толғанын көресің. Олар айтады: "О, Раббымыз! Біз иман келтірдік, бізді (ақиқатқа) куә болушылардың қатарына жаза көр!". (83)"
Өткен аятта оқығанымыздай, Джафар ибн Әбу-Тәліп христиандарға "Мәриям" сүресін оқып бергенде, олар зар жылайды. Мұсылмандар Хәбәшеден қайта оралған шақта олармен бірге бір топ христиан Ислам пайғамбарымен (с) кездесу үшін Меккеге келеді. Олар "Ясин" сүресінің аяттарын естігенде де көздерінен жас ағады. Осы аятта Құран христиандардың ақиқатты естіген кезде қобалжыған ерекшелігіне меңзеп, оны мақтайды және мұны оларға Құран тәлімдерін ұсынуға қолайлы жағдай деп есептейді. Әрине біліп және сезіп аққан көз жасының қадірі бар. Әйтпесе ешнәрсені түсінбей, құр көңіл-күйдің өзгеруі салдарынан аққан көз жасының жөні басқа. Осы аяттан адамның ақиқат сүйгіш екендігін айқын көрсетеді. Көп жылдан кейін анасымен кездескен перзент көз жасын төккеніндей, егер адамның рухы таза болса, ақиқатты қабылдайды. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адам даналық пен мейірімділіктің арқасында ғана кемелдікке жетеді. Ол үшін ақиқатты жүрекпен қабылдап, санамен түсіну керек.
Екіншіден, жүрек ақиқатты қабылдауға дайын болса, адам жүз жылдық жолды бір күнде өтіп шығады. Кейбір мұсылмандар көп жылдар бойы пайғамбармен (с) қатар жүрсе де, оның ақиқатын түсінбеді. Ал кейбір христиандар А...-ның сөзін ести сала, қобалжиды, сондықтан да А... оларды мақтады.