Мәида сүресі, 162-ші бөлім, 72-75 аяттар
Мәида сүресі, 162-ші бөлім, 72-75 аяттар
"Мәида" сүресінің 72-ші аяты:
لقد كفرالذين قالوا ان الله هوالمسيح بن مريم و قال المسيح يا بني اسرائيل اعبدواالله ولي و ربكم انه من شرك بالله فقد حرم الله عليه الجنه و ماويه النار و ما للظالمين من انصار.
"Мәриям ұлы Исаны А... дегендер нағыз кәпір болды. Иса оларға: "Ей, Исраил ұрқы! Менің Раббым және сендердің Раббыларың болған А...-ға құлшылық етіңдер! Кімде-кім А...-ға ортақ қосса (А...-дан басқаны Құдай деп сенсе), А... оған жұмақты арам қылады, оның орны тозақ болады. Залымдарға әсте медеткер шықпайды",-деді. (72)"
Өткен бағдарламаларда Құран яһудилердің ой-пікірі мен амалдарындағы кейбір адасушылықтарына меңзеп, олардың қырсықтық пен бағынбаушылықтан бас тартып, ақиқатты қабылдауы үшін бұрынғы қылықтарын ескерткен болатын. Бұл аят христиандарға былай дейді: "Сендер А...-ның елшісі болған хазірет Исаны (ғ) неліктен Құдайдың қатарына қойып, оны құдайшылыққа жатқызасыңдар? Иса Мәсіхтің (ғ) өзі осылай деді ме? Жоқ әлде, өз діндеріңді иудей дінінен артық етіп көрсету үшін осылай дейсіңдер ме?". Сонан соң Құран мұндай ой-пікірдің қатеріне тоқталып былай дейді: "Хазірет Мәсіх (ғ) жөніндегі асыра сенімдерің имандарыңды күшейтпейді, қайта А...-ға серік қосуларыңа себеп болады. Мұндай сеніммен сендер А...-ға жақындамай, хазірет Мәсіхті (ғ) Құдайға серікке қосып, Одан алшақтайсыңдар. Соның салдарынан сендер А...-ның жәннатынан мақрұм қалып, тозақтың отына түсесіңдер. Ондағы азапқа ешкім шыдай алмайды және одан ешкім құтқармайды". Бұл арадағы қызықты жайт, біздің заманымыздағы Інжілде де хазірет Иса (ғ) ешқашан өзіне қатысты мұндай сөзді айтпаған. Тіпті Марк Інжілінде 12-ші баптың 29-шы сөзінде Иса (ғ): "Біздің Құдайымыз бір",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, иман мен амалда олқылық жасауға болмайтын тәрізді, илаһи жетекшілерге қатысты шектен шығуға болмайды. Шектен шығу – серік қосудың бір түрі.
Екіншіден, ешкім, тіпті хазірет Иса (ғ) да тозақтан құтқара алмайды. Иса (ғ) бізді құтқару үшін азапталады деп ойламаңдар.
"Мәида" сүресінің 73-74 аяттары:
لقد كفرالذين قالوا ان ا ثالت ثلاثه و مامن اله الا اله واحد و ان لم ينتهوا عما يقولون ليمسن الذين كفروامنهم عذاب اليم افلا تيوبون الي و يستغفرونه وا غفور رحيم .
""А... – үш Құдайдың бірі" деушілер нақ кәпір болды. Бір ғана Құдай бар, одан бөлек ешқандай Құдай жоқ. Егер олар сол айтып жүрген сөздерінен қайтпаса, олардан кәпір болғандары (дүниеде, ақыретте) сұмдық азапқа ұшырайды. (73) Олар әлі де А...-ға тәубе қылмай ма? (А...-дан) Кеңшілік тілемей ме? А... - (тәубе қылғандарға) өте кешірімшіл, аса мейірбан. (74)"
Өткен аятта христиандардың хазірет Исаға (ғ) қатысты сенімдері баяндалды. Олар оған адамнан жоғары мәртебе беріп, Құдайға теңеді. Осы аят христиандардың Құдай жөніндегі сеніміне және "үштүрлі" Құдайға сенетіндеріне тоқталады. Ал негізінде "жаратушы" мен "құдайылық" сипаттар бөлек емес. Әлемді жаратушы бір болғандықтан, Құдай да біреу. Аяттың жалғасы осындай теріс ойларға қасарысып қалған адамдарға ескерту жасап былай дейді: "Күпірлік сенімі бар адамдар қатты азапталады. Бірақ егер тәубе етіп, бір А...-ның алдына оралатын болса, А... оларды кешіріп, азаптан құтқарады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Құран бұрынғы діндер мен пайғамбарларды жоққа шығарудың орнына, оларды мойындап, ілгергі кітаптар мен пайғамбарлар тәлімдеріндегі өзгерістерді түзетуге тырысады.
Екіншіден, күпірлік дегеніміз - А...-ны мойндамау ғана емес, А...-ға серік қосу да күпірліктің бір түрі.
Үшіншіден, күнәһар тәубе еткен жағдайда А... тағала оның өткенін кешіріп, өзінің мейірімімен болашағына кепілдік жасайды.
"Мәида" сүресінің 75-ші аятын:
ما المسيح ابن مريم الا رسول قد خلت من قبله الرسل و امه صديقه كانا ياكلان الطعام انظر كيف نبين لهم الايات ثم انظر اني يوفكون .
"Мәриям ұлы Иса – бір пайғамбар ғана. Онан ілгері де талай пайғамбарлар өткен. Оның (Исаның) анасы – бір шыншыл жан. Ол екеуі де тамақ жейтінді (яғни олар да басқа адамға, жандыларға ұқсас, Құдай емес). Оларға (бәни Исраилға) аяттарымызды қалай ашық баяндайтындығымызға қара, одан соң олардың қалай теріс баққанын көр. (75)"
Христиандардың хазірет Мәсіх (ғ) пен А... тағала жөніндегі сенімдерін баяндаған соң, Құран осы аятта Исаның (ғ) Құдай емес екендігіне үш дәлел келтіреді. Біріншіден, ол анасынан туды, ал Құдай тумайды. Екіншіден, одан бұрын да хазірет Адам (ғ) секілді ата-анасыз пайда болған пайғамбарлар болды. Бірақ оларды ешкім Құдай деп санаған жоқ. Үшіншіден, тіпті Иса (ғ) дүниеге келген соң Құдай болды деп ойлайтын болсақ, ендеше ол және оның анасы өзге адамдар тәрізді неліктен тамақ жеп, тамаққа зәру болды? Сендер тәрізді зәру болатын ол қандай Құдай? Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, кейбір қасиеттерге ие болу, құдай болуға дәлел емес. Тіпті пайғамбарлардың мұғжизалары да олардың құдай болуына дәлел болған жоқ.
Екіншіден, А... тағала адамның шыншылдығы мен дұрыстығын қадірлейді. А... тағала хазірет Мәриямды (с) осындай сипаттармен атайды.
Үшіншіден, хазірет Мәриям (с) мен оның ұлы Иса (ғ) көптеген қасиеттерге ие болса да олар жаратылған адамдар.