Мәида сүресі, 161-ші бөлім, 69-71 аяттар
Мәида сүресі, 161-ші бөлім, 69-71 аяттар
"Мәида" сүресінің 69-шы аяты:
ان الذين آمنوا والذين هادوا والصابئون و النصاري من آمن بالله و اليوم الاخر و عمل صالحا فلا خوف عليهم و لاهم يحزنون.
"Негізінен А...-ға сенгендер, яһудилер, сабиилер және христиандардан кім А...-ға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда оларға қорқу да жоқ, әрі қайғырмайды. (69)"
Осы сүренің 68-ші аяты "илаһи діндерге ерушілер өздеріне берілген илаһи кітапты сақтап, қоғамдарын сол бойынша құрмайынша ешқайсысы А...-ның алдында орынға ие болмайды" деп ескерткен болатын. Осыған орай бұл аят былай дейді: "Ешбір илаһи дін басқа дінне артық емес. Мұсылман, яһуди, христиан және сабии болу және тіпті халық санының көптігі мен пайғамбарларының көнелігі артықшылыққа дәлел болмайды. А...-ның алдында тек А... мен қияметке иман келтіріп, ізгі амал жасағандар ғана құрметтеледі". Әр дінге еруші келесі пайғамбар келген соң оған иман келтіріп, оның шариғаты бойынша жүруі керек. Әйтпесе жаңа пайғамбардың келуі бекер болмақ. Сондықтан А...-ның соңғы елшісі хазірет Мұхаммед (с) болғандықтан, барлығы А...-ға иман келтірумен қатар оның пайғамбарлығын мойындауы тиіс. Осы аяттан үйренетініміз:
Бірінішден, барлық илаһи діндер бойынша бақытқа жету үшін құр сөз емес, иман мен ізгі амалдар қажет.
Екіншіден, адам А... мен қиямет күніне иман келтірген жағдайда ғана нағыз тыныштыққа қол жеткізеді.
"Мәида" сүресінің 70-ші аяты:
لقد اخذنا ميثاق بني اسرائيل و ارسلنا اليهم رسلا كلما جاء هم رسول ب مالاتهوي انفسهم فريقا كذبوا و فريقا يقتلون .
"Әрине Исраил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілер жіберген едік. Қашан да оларға бір елші көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бір бөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді. (70)"
Хазірет Мұса (ғ) Исраил қауымын перғауындардың үстемдігінен құтқарған соң, А... тағала ол арқылы осы қауымнан илаһи нұсқауларды орындау жөнінде серт алды, олар да қабылдады. Бірақ Құранның басқа аяттарынан оқығанымыздай, олар серттерін бұзады. Олар А...-ның үкімдерін аяққа басты және өздеріне қолайсыз үкімдер әкелді деген сылтаумен А...-ның елшілерін мойындамай, тіпті кейбіреуін өлтірді. Сондықтан бұл аят мұсылмандарға пайғамбардың өсиетін ұмытпауды және осы сүренің басында айтылған Ғадирде берген уәделеріне берік болуын ескертеді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, кәпірлер пайғамбарлардың жолдауын ақыл мен қисын бойынша өтірікке шығармайды. Мұндай қарсылықтың себебі, адамның өз еркімен өзі болып, нәпсінің қалағанын істеуі болып табылады. Ал илаһи діндер болса адамның нәпсіқұмарлығын бақылап, оның рухани дамуы мен кемелденуін көздейді.
Екінішден, бұзылған қоғамда пәк тұлғалар жоққа шығарылады немесе өлтіріледі.
"Мәида" сүресінің 71-ші аяты:
و حسبوا الا تكون فتنه فعموا و صموا ثم تاب الله عليهم ثم عموا و صموا كثير منهم والله بصير بما يعملون .
"Олар (пайғамбарларды жалғандау, өлтірулері себепті) бір сұмдық болмайды деп ойлады да, соқыр, саңырау болып алды. Сонсоң А... олардың тәубесін қабыл етті. Және де олардың көбі соқыр, саңырау болды. А... олардың не істегендерін толық көруші. (71)"
Өткен бағдарламаларда айтқанымыздай, яһудилер өздерін басқалардан артық ұлт және А...-ның сүйікті жандары деп санады. Сондықтан олар А...-ның сынағына салынбаймыз немесе жазалансақ та, аз қана азапталамыз деген сенімде болды. Өздерін артық санаудың салдарынан олар ақиқатқа қатысты саңырау әрі соқыр болып, илаһи азапқа тап болды. Сондықтан адамның көңіліндегі нәрселер айқындалуы үшін илаһи сынақтан өтуі тиіс. Әрине А... тағала шексіз рақымдылық иесі болғандықтан адамның тұңғыш қателігін кешіріп, оның тәубесін қабылдайды. Бірақ олардың кейбірі илаһи ережелерді бұзуда шектен шығады. А... тағала мұндайларды жарылқамайды. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, тәкәппарлыққа негізделген ойлар адамның ақиқатты дұрыс түсінуіне жол бермейді.
Екіншіден, адам А... тағаланы көрмей, Оны жоққа шығарғанымен, А... оны мәңгі көріп тұрады.