Мәида сүресі, 160-шы бөлім, 67-68 аяттар
Мәида сүресі, 160-шы бөлім, 67-68 аяттар
"Мәида" сүресінің 67-ші аяты:
يا ايهاالرسول بلغ ما انزل اليك من ربك و ان لم تفعل فما بلغت رسالته والله يعصمك من الناس ان الله لايهدي القوم الكافرين.
"Ей, пайғамбар! Раббыңнан саған аян етілген барлық нұсқауларды жеткіз. Егер жеткізбесең, пайғамбарлық міндетіңді өтемеген боласың. А... сені адамдардың қастандығынан сақтайды. А... расында кәпірлер қауымын оңғармайды. (67)"
Бұл аяттың осыдан бұрынғы және одан кейінгі аяттардан өзгеше қылып, тәуелсіз ететін бірнеше ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі, пайғамбарды (с) "Ей, пайғамбар!" деп шақыруы. Шақырудың мұндай түрі Құран Кәрімде тек екі рет және екі жағдайда да "Мәида" сүресінде қолданылған. Екінші ерекшелігі, пайғамбарға оның пайғамбарлық міндеті аяқталуымен бірдей тағы бір жолдауды халыққа жеткізу жүктелді. Егер пайғамбар бұл мәселені халыққа жеткізбесе, оның илаһи міндеті атқарылмағандай болатын тәрізді. Үшінші ерекшелігі, бұл мәселе А...-ға маңызды болғанымен, пайғамбар (с) халық оны қабылдамай қояды ма немесе жоққа шығарады ма деп алаңдауы. Осы аяттың соңғы бөлігі аталмыш маңызды мәселеге қырсығып, оны мойындаудан бас тартатындарға: "Мұндай адамдар А...-ның ерекше жолдауынан мақрұм қалады",-деп ескертеді. Пайғамбардың (с) ешқандай алаңдаусыз халыққа жеткізуге міндеттелген маңызды жолдауы не екеніне тоқталайық. Бұл аят пайғамбардың (с) өмірінің соңғы жылында түскендігіне назар аударсақ, мәселе намаз, ораза, қажылық пен джихад және т.б діни парыздар болмағаны анық. Өйткені аталмыш парыздардың барлығы осыған дейін біртіндеп баяндалып, орындала бастаған болатын. Шынында қасиетті пайғамбардың (с) ғұмырының соңғы күндерінде А... тағаланың баса айтып, пайғамбар (с) да оған мұнафықтардың қарсы болуынан алаңдаған мәселе не еді? Мұндай ерекшелікке тек пайғамбардың (с) ізбасары және Ислам мен мұсылмандардың келешегі мәселесі ғана ие бола алады. Фахр-е-Рази тәрізді сүннилердің әйгілі тәпсіршісі бұл аяттың тәпсіріне қатысты тарихи рауаяттардың арасында, аяттың мағыналарының бірі осы мәселе болуы мүмкін деген. Бірақ Құран аяттарын пайғамбар әулетінің (ғ) тәпсірлері негізінде түсіндіретін шииттердің пікірінше, бұл аят Әли ибн Әбу-Талебті (ғ) халифа етіп тағайындауға қатысты. Қасиетті Ислам пайғамбары (с) соңғы қажылықтан қайта оралып келе жатқан кезде, қажыларды Ғадир-е-хұм деген жерге жинап, бір төбенің үстіне көтеріліп, оларға қайтыс болатын мезгілі жақындағанын және жиырма үш жыл бойы пайғамбарлығы кезінде өзінің ең адал саһабасы болған Әли ибн Әбу-Талебті (ғ) өзінің ізбасары ретінде тағайындайтынын хабарлап: "Мен кімге жетекші болсам, Әли де соған жетекші болады",-дейді. Сонан соң: "Осы жиынға қатысқандар бұл хабарды басқаларға да жеткізсін",-дейді. Пайғамбардың (с) сөзі аяқталған соң саһабалар мен басқа да мұсылмандар Әли ибн Әбу-Талебті (ғ) осы зор жауапкершілігімен құттықтап, оны пайғамбардан кейінгі жетекші деп атайды. Кейбіреулердің айтуы бойынша, пайғамбардың (с) Әлиді (ғ) "уәли" деп атауы оны "жетекші" ретінде емес, қайта оған мейірбандығын білдіру болып табылады. Әрине пайғамбар (с) өз ғұмырының соңғы кезінде жұрттың алдында оны айтуды қажет ететіндей және мұсылмандар ол үшін Әлиге (ғ) құттықтау айтатындай, пайғамбардың (с) Әлиге (ғ) деген мейірбандығында ешкімнің күмәні жоқ. Қалай болса да, ерекше белгілері бар осы аяттың түсуі, пайғамбарға (с) оның мейірбандық білдіруінен де артық міндет артылғанын көрсетеді. Мәселе Ислам үмметіне және пайғамбардан кейінгі исламдық қоғамның жетекшілігіне қатысты. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, егер исламдық үмметтің жетекшілігі А... таңдаған ізгі тұлғаның қолында болмаса, діннің негіздеріне қауіп төнеді.
Екіншіден, қымбатты Ислам пайғамбары (с) сыртқы жаудан емес, ішкі астыртын әрекеттер мен қастандықтардан алаңдады.
"Мәида" сүресінің 68-ші аяты:
قل يا اهل الكتاب لستم علي شي حتي تقيمواالتوراه و الانجيل و ما انزل اليكم من ربكم و ليزيدن كثيرا منهم ماانزل اليك من ربك طغيانا وكفرا فلا تاس علي القوم. الكافرين
"Ей, Мұхаммед! Оларға: "Ей, кітап иелері! Сендер Тәурат, Інжіл және өздеріңе Раббыларың тарапынан түсірілген кітап (Құран) бойынша іс істемейінше, есепке аларлықтай дінге сенген бола алмайсыңдар",-деп айт. Раббыңнан саған түсірілген кітаптар, олардың көбінің жаманшылығы мен күпірлігін арттыра түседі, (ондай) кәпір қауым үшін қайғырма! (68)"
Өткен бағдарламада осы сүренің 66-шы аятындағы тақырыпқа ұқсас бұл аят тағы да кітап иелерінің Ислам діні мен пайғамбары (с) алдындағы ұстанымдарына тоқталып, пайғамбарға (с) былай дейді: "Хазірет Мұса (ғ) мен хазірет Исаға (ғ) ереміз деу ғана жеткіліксіз. Нағыз иманның белгісі – илаһи нұсқаулар мен ережелерді жеке және қоғамдық өмірдің барлық саласында қолдану, деп айт". Пайғамбарларды жіберу тарихтағы илаһи дәстүр болғандықтан, келесі пайғамбарларғы қарсы шығып, оларды мойындамау діни әсірешілдік болып саналады. Ол адамның рухани дамуына кедергі жасап, оның шектен шығуына және ақиқатты жасыруына әкеліп соғады. Сондықтан А... тағала осы аятта барлық илаһи кітаптарды қабылдауға шақырып, пайғамбарға (с) былай дейді: "Кітап иелерінің көбі Құранды мойындағысы келмейді. Сондықтан да осы қарсылық оларды күпірлікке душар қылады. Бұл теріс жолды саналы түрде таңдағандықтан, олардың күпірлігі арта түседі. Олардың сазайын А... тарттырады". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, иман келтірдім деу ғана жеткіліксіз, әрекет пен амал қажет. Амалы жоқ кісінің діні де жоқ.
Екіншіден, А... тағала адамдарды олардың діни нұсқауларға амал етулеріне байланысты сынайды. Қоғамда адамдардың мансабы да осылайша тағайындалуы тиіс.
Үшіншіден, басқалардың сенімдерін құрметтей отырып, өз сенімдерімізді нығайтайық.