Мәида сүресі, 159-шы бөлім, 64-66 аяттар
Мәида сүресі, 159-шы бөлім, 64-66 аяттар
"Мәида" сүресінің 64-ші аяты:
و قالت اليهود يدالله مغلوله غلت ايديهم و لعنوا بما قالوا بل يداه مبسوطتان ينفق كيف يشاء و ليزيدن كثيرا منهم ما انزل اليك من ربك طغيانا و كفرا و القينا بينهم العداوه والبغضاء الي يوم القيمه كلما اوقدوا نارا للحرب اطفاها الله و يسعون في الارض فسادا والله لايحب المفسدين.
"Яһудилер: "А...-ның қолы байлаулы (қатты, сыған)",-деді, осы сөзді айтқандығы үшін олардың өздерінің қолы байлансын және оларды қарғыс атсын! Анығында А...-ның құдірет қолы ашық тілегеніңді береді. Раббыңның саған түсірген Құраны, олардың көбінің жамандығы мен күпірлігін онан ары арттырады. Біз олардың арасына қияметке дейін жалғасатын дұшпандық пен араздықты салдық. Олар әрқашан (пайғамбарға қарсы) соғыс отын тұтандырмақшы болса, А... оны өшіреді. Олар жер жүзінде мейілінше бұзақылықтар істейді. А... бұзақыларды жек көреді. (64)"
Өткен бағдарламада яһудилер қоғамындағы кейбір отбасылық, ахлақтық және экономикалық бұзақылықтарға тоқталған аяттарды талқылаған едік. Бұл аят олардың А...-ға қатысты бір теріс нанымына меңзеп былай дейді: "Яһудилердің нанымы бойынша, жаратылыс басталған кезде А...-ның қолы ашық болған және әркім не тілесе, соны беріп отырған, бірақ уақыт өткен соң А...-ның құдіретінің қолы байланып, адамның жігері А...-ның қалауынан да асып түскен". Осы теріс наным олардың арасында тарағаны сонша, тіпті кедей-кепшіктерге садақа және қарыз беру туралы аяттар түскенде, олар: "А...-ның қолы байлаулы болуының дәлелі осы. Егер А...-ның шамасы келсе кедейлерге өзі көмектесіп, біздің садақа беруімізді сұрамас еді",-деп шықты. А... тағала олардың мұндай күпірлікке толы сөздеріне былай деп жауап берді: "А...-ның қолы ешқашан байлаулы болмады және болмайды. Ол қалаған адамына кез-клген мөлшерде бағыштайды. А...-ның садақа мен қарыз беруге бұйрық беруі Оның мұқтаждығы немесе қолы байлаулы болуының белгісі емес, қайта мүміндердің иманының шындығын көрсетеді". Сондай-ақ аяттың жалғасы: "Осындай теріс нанымдардың кесірінен яһудилердің арасында өшпенділік пен кекшілдік жайылды. Олар тіпті мұсылмандармен соғысып, үстемдік жүргізуге де ұмтылды. Бірақ яһудилердің Исламға қарсы жасаған әр қастандығын А... сәтсіздікке ұшыратып, оны мұсылмандардың жеңісімен аяқтады. Мұның айқын белгісі олардың Хейбар соғысындағы жеңілісі болды",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, А...-ны кез-келген кемшіліктен ада деп білу иманның шарты. Яһудилер А...-ға сенгенімен, Оны сараң әрі қолы байлаулы деп ойлайтын. Ал Құран мұндай ойлармен қатаң күреседі.
Екіншіден, яһудилердің ерекшелігі – қастандық пен соғысқұмарлық. Бірақ А...-ның қалауы бойынша олар ешқашанда жеңіске жетпейді. Әрине мұсылмандар А...-ның мұндай жәрдеміне ие болу үшін Құран мен пайғамбардың (с) сүннеті бойынша жүрулері тиіс.
"Мәида" сүресінің 65-66 аяттары:
ولو ان اهل الكتاب آمنوا واتقوا لكفرنا عنهم سيئاتهم ولا دخلناهم جنات النعيم ولو انهم اقاموا التوراه والانجيل و ماانزل اليهم من ربهم لاكلوا من فوقهم و من تحت ارجلهم منهم امه مقتصده و كثيرمنهم ساء مايعملون .
"Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса, біз сөзсіз олардың күнәсін өшіріп, өздерін Нағим жәннатына кіргізер едік. (65) Егер олар Тәурат, Інжіл және Раббы тарапынан түсірілген басқа кітаптар (сөзі) бойынша іс істеген болса, олар үстінен де, аяғының астынан да (ризығын) жер еді (шалқайса үстілеріндегі ағаш миуаларын, еңкейсе аяғы астындағы жер өнімдерін жер еді). Олардың (ілгері де, кері де кетпейтін) бір қалыптылар тобы бар, бұлардың көп сандысының істеген ісі тым жаман еді. (66)"
А... тағала кітап иелерінің кейбір жағымсыз қылықтарына меңзеп былай дейді: "А...-ның жолы жабық емес. Егер олар тәубе қылып, жағымсыз қылықтарын доғарса, А... тағала оларды кешіріп, болашағына кепілдік жасап, оларды аспаннан жерге түсетін дүниенің нығметтеріне де, ақыретте жәннәт игілігіне де бөлейді". Аяттың соңғы бөлігі былай дейді: "Әрине кітап иелерінің арасында кез-келген әсірешіл ой-пікірлерден алыс және дұрыс сенімдегі нағыз мүміндер бар. Бірақ олардың саны аз. Ал көбі адасқан". Бұл аят яһудилер мен христиандар туралы болғанымен, мұндай қауіп мұсылмандарға да төніп тұрғаны анық. Егер мұсылмандар да осындай жағдайға душар болса, әлгіндей тағдыр мен жазаға ұшырайды. Ал егер үнемі дұрыс діни жолды ұстанса илаһи жәрдем мен нығметке ие болады. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, тақуалықсыз иман болмайды. Тақуалық иманның саулығын қорғайды.
Екіншіден, мейірімді А... күнәларды кешірумен қатар, күнәһарды қайта жарылқайды.
Үшіншіден, А...-ға иман келтіріп, ізгі іс істеу осы дүниенің де, ақыреттің де бақытына жеткізеді. Дүниенің істері діннің негіздеріне қайшы келмесе, дін оған қарсы емес.
Төртіншіден, илаһи кітапты тек қана оқу жеткіліксіз, оны өмірде қолдану керек.