Жел 27, 2016 19:52 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 155-ші бөлім, 48-50 аяттар

"Мәида" сүресінің 48-ші аяты:

و انزلنا اليك الكتاب بالحق مصدقا لما بين يديه من الكتاب و مهيمنا عليه فاحكم بينهم بماانزل الله و لاتتبع اهواء هم عماجاء ك من الحق لكل جعلنا منكم شرعه و منهاجا ولوشاء الله لجعلكم امه واحده و لكن ليبلوكم في ما آتاكم فاستبقواالخيرات الي الله مرجعكم جميعا فينبئكم بماكنتم فيه تختلفون. 

"(Ей, Мұхаммед!) Біз саған өзінен ілгергі (аспаннан түскен) кітаптарды растаушы әрі (оған) қорғаушы нағыз кітапты (Құранды) түсірдік. Сен олардың арасында А ... саған жіберген Құран сөзі бойынша үкім қыл, өзіңе келген ақиқаттан бұра тартып, олардың зауық-нәпсісіне бой ұрма! (Ей, үмметтер!) Сендердің әрқайсыңа әртүрлі шариғат және жол-жоба белгіледік. Егер А ... қаласа, әлбетте барлығыңды бір ғана үммет қылып жаратар еді (бүкіл адамзатты бір ғана дінге қаратар еді), бірақ сендерге берген шариғат, жол-жобаларында сендерді сынау үшін (әртүрлі үммет қылып жаратты). Сондықтан жақсылыққа асығыңдар, барлығың да түбінде А ...-ның алдына барасыңдар, сендер талас-тартыс қылған нәрселерді (оның ақ-қарасын) А ... айтып береді . (48) "

Өткен бағдарламаларымызда айтқанымыздай, А ... тағала тарих бойында адамдарға тура жол көрсетуші пайғамбарларды жіберіп, оларға дін мен шариғат берді. Алайда өкінішке орай А ... елшілерінің кейбір тағылымдары жасырылып, немесе бұрмаланды. Нағыз діни тәлімдер мен ақиқаттың орнын ырымдар мен теріс ойлар алмастырған. Жоғарыда оқылған аят Құран Кәрімнің асқақ мәртебесіне тоқталып былай деп ескертеді: "Құранның өзінен бұрынғы илаһи кітаптарды растаушы және қорғаушы екендігі, сондай-ақ бұрынғы пайғамбарлардың діни қағидаларын қолдай отырып, оларды қадағалаушы және толықтырушы екендігін". Аяттың жалғасы А ... тағала тарих бойында, осыншама қарама-қайшылықтар туындамауы үшін барлық халықтарға бір дін неге түсірмеді? деген сұраққа былай деп жауап береді:. ». Егер А ... тағала қаласа, барлығыңды бір дінді ұстанатын бір үммет етіп жаратар еді Бірақ бұл, адамзаттың біртіндеп кемелдену заңдары мен тарих бойындағы адамзаттың тәрбиелену кезеңдеріне сәйкес келмейді Өйткені адамға ақиқаттар адамзаттың ой-санасы дамыған сайын беріліп отыруы тиіс ". Аяттың соңғы бөлімі былай дейді:.. ». Шариғаттағы әр алуандық, адамдарды сынап, қабілетін анықтауға арналған адамзаттың жаратылысындағы әр алуандық тәрізді Ол теке-тірес пен қақтығысқа себепші болмауы тиіс Қайта әркім өзінің қабілетіне сәйкес жақсылық істеуде басқалардан озуға тырысуы керек Әр адам А .. .-ның оның істерін көріп, бақылап тұрғанын білуі тиіс ". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, жоғары оқу орнындағы кітаптардың орта білім мекемелерінің кітаптарындағы мағлұматтарды қамтитынындай, Құран да өзінен бұрынғы илаһи кітаптарды қамтып, толықтырады.

Екіншіден, қоғамның жетекшілеріне төніп тұрған қауіптердің бірі - халықты риза қылу үшін немесе нәпсіге салыну салдарынан илаһи шындықтарды жасыру болып табылады.

Үшіншіден, адамдардың арасында қайсысы ақиқаттың соңында, ал қайсысы әсірешілдік пен қырсықтық соңында екендігі анықталу үшін тарих бойында А ... тағала оларды діндердің айырмашылығы арқылы сынап келеді.

"Мәида" сүресінің 49-50 аяттары: 

و ان احكم بينهم بماانزل الله و لاتتبع اهواء هم واحذرهم ان يفتنوك من بعض ماانزل الله اليك فان تولوا فاعلم انما يريدالله ان يصيبهم ببعض ذنوبهم وان كثيرا من الناس لفاسقون افحكم الجاهليه يبغون و من احسن من الله حكما لقوم يوقنون .

"Олардың араларына А ...-ның түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе және саған А ... түсірген кей үкімдерден сені бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз А ... оларды кей күнәлары себепті қайғыға ұшыратуды қалайды деп біл. Расында адамдардың көбі бұзық. (49) Олар жәһилият дәуіріндегі үкімдерді көксей ме? (А. ..-ға) Нақ сенетін адамдар үшін А ...-дан артық әділ үкім айтатын кім бар? (50) "

Тарихи рауаяттарда айтылғандай, бір күні яһуди ақсақалдарының бір тобы Ислам пайғамбарына (с) келіп:. "Біз яһуди ғұламалары мен ақсақалдары, саған иман келтіретін болсақ, өзге яһудилер де саған иман келтіреді Бірақ ол үшін біздің шартымыз бар, қарама-қайшылықтарда біздің пайдамызға үкім шығарасың ",-деген екен. Сонда пайғамбарға (с) осы аят түсіп, оны яһудилердің бұл астыртын әрекетінен хабардар етіп, мұндай мәміле жасауға тыйым салады. Аяттың жалғасы күнәнің адамға төндіретін қауіптеріне тоқталып, былай дейді: ".. Күнәның салдарынан адам қатыгез бола бастайды Осылайша ол ақиқатты біле тұра, өзінің мүддесін сақтау үшін оны мойындамайды Тіпті кейде ақиқатты өзінің мүддесіне айырбастайды және өз мүддесіндегі сөзді ғана қабылдайды". Сонан соң бұл аят бір маңызды мәселеге меңзеп былай дейді:?. ». Өмірдің заңы керек болса, А ...-дан артық заңгер табыла ма? Ол барлық жаратылыс пен адамның сырларын біледі. Ешқашан қателеспейді Ешбір күштен қорықпайды да, сендердің мүдделерің мен мал-мүліктеріңе көз салмайды. Ендеше неліктен А ...-ның нсұқауларын қабылдамай, нәпсі мен ырымдардан және қиялдан пайда болған заңдарды іздейсіңдер? ». Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, сырттай ғалым әрі жоғары білімді болып көрінгенімен адам әрдайым ақиқат пен шындықтың жолынан ауытқыса, надандыққа түседі. Өйткені нағыз білімнің белгісі - ақиқатты түсініп, мойындау болып табылады.

Екіншіден, нағыз иманның белгісі - илаһи заңдарды қабылдау. Адами заңдарға үміт артқандар өздерінің иманына күмәндансын.

Үшіншіден, дұшпанның мәдени ықпалынан абай болайық. Өйткені ол жастардың діни сезімдерін әлсіретіп, оларды өзіне тарту үшін түрлі айла-тәсілдер арқылы мүміндер мен исламдық қоғамның жетекшілерін алдауды көздейді.

Төртіншіден, кәпірлердің ақиқатты мойындамауының себебі, олардың күнә мен азғындыққа салынуы. Әйтпесе Ислам дінінде ешқандай олқылық пен кемшілік жоқ.