Жел 27, 2016 19:53 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 154-ші бөлім, 44-47 аяттар

"Мәида" сүресінің 44-ші аяты:

انا انزلنا التوراه فيها هدي و نور يحكم بهاالنبيون الذين اسلموا للذين هادوا و الربانيون والاحبار بما استحفظوا من كتاب ا و كانوا عليه شهداء فلاتخشوا الناس و اخشون و لاتشتروا باياتي ثمنا قليلا و من لم يحكم بما انزل ا فاولئك هم الكافرون .

"Біз расында (Мұсаға) Тәуратты түсірдік. Онда (туралыққа жетелейтін) жол көрсеткіш және нұр-сәуле бар, А...-ға бойсұнған пайғамбарлар, соған сүйеніп яһудилер арасында үкім береді, (яһудилердің) ғұламалары мен ашық ойлылары (өзгертілуден) сақтауға бұйырылған А...-ның кітабы (Тәурат) бойынша үкім қылады. Олар (Тәуратты өзгертілуден қорғауға) бақылаушылық етушілер еді. Сондықтан (Ей, яһуди ғұламалары!) адамнан қорықпаңдар, менен именіңдер. Менің аяттарымды аз ақшаға сатпаңдар. Кімдер А...-ның аяттары бойынша үкім етпесе, олардың кәпір болғаны. (44)"

Естеріңізде болар, өткен бағдарлама кейбір яһудилер Тәураттың олардың жасаған күнәсына қатысты үкімінен құтылу үшін, оңайырақ үкім шығарар деген оймен Ислам пайғамбарына (с) барғанын айтқанбыз. Бірақ пайғамбар (с) Тәураттағы үкімге сәйкес үкім береді. Сол мәселені жалғастыра келе осы аят: "Тәурат бойынша үкімді тек хазірет Мұсадан (ғ) кейінгі пайғамбарлар ғана шығарған жоқ, қайта яһуди ғұламалары да осы илаһи кітап пен үкімдерді сақтауға тиісті. Олар халықтан қорқып, немесе жеке бастарының мүддесі үшін илаһи үкімдерді жасырып, өзгерте алмайды. Бұл А...-ға күпірлік ету болып саналады",-дейді. Осы аят діни ғұламалардың илаһи нұсқауларды қорғаудағы және негізсіз нәпсілік талаптарға қарсы тұрудағы жауапкершілігін баяндап, оларды кез-келген адасушылықпен күресуге шақырады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, діни ғұламалар әкімдерге бақылау жүргізіп, дінді қорғау жолында ештеңеден қорықпай, азғыруларға түсіп қалмауы тиіс.

Екіншіден, илаһи заңдар тұрғанда, адамзаттың заңдарына жүгіну негізгі жолдан адасу болып саналады.

Кезекте "Мәида" сүресінің 45-ші аятын тыңдайық:

و كتبنا عليهم فيها ان النفس بالنفس و العين بالعين و الانف بالانف و الاذن بالاذن والسن بالسن و الجروح قصاص فمن تصدق به فهو كفاره له و من لم يحكم بما انزل ا فاولئك هم الظالمون .

"Оларға (Исраил әулетіне) Тәуратта былай жаздық: Жанға жан (нахақ кісі өлтіргенді өлтіру), көзге көз (нахақ көз шығарғанның көзін шығару), мұрынға мұрын (нахақ мұрын кескеннің мұрнын кесу), құлаққа құлақ (нахақ құлақ кескеннің құлағын кесу), тіске тіс (нахақ тіс түсіргеннің тісін түсіру), жаралауға жаралау арқылы кек алынады. Кімде-кім (кек алмай) кешірім етсе, бұл, оның күнәсіне төлем болады. А... аян еткен аян бойынша билік айтпағандардың өздері залым. (45)"

Яһуди ғұламаларының дұрыс түсіндірмеген немесе орындамаған мәселелерінің бірі – қысас еді. Бұл үкім кейбіреулерге қатысты орындалмай, кейбіреулерге орындалып, кемсітушілік жасалатын. Құран Исламда да айтылған қысас үкіміне меңзеп, былай деп ескертеді: "Бұл үкім Тәуратта да бар. Үлкен болсын, кішкене болсын әр жарақатқа қысас етіледі. Бұл үкім бәріне бердей орындалады. Ешкім басқалардан артық емес. Әркім осыдан басқа үкімді қабылдаса, өзі мен қоғамға зұлымдық жасағаны". Бірақ қандайда болмасын жағдайда кешірім жақсы. Сондықтан Құран: "Әркім біреудің қылмысын кешсе, А... да оның күнәларын кешіреді",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, кедей болсын, бай болсын, ақ болсын, қара болсын, ғалым болсын, надан болсын А...-ның заңдарының алдында адамдар бірдей.

Екіншіден, "қысас" үкімі Исламға ғана тән емес. Бұл үкім хазірет Мұса (ғ) заманында да болған және қазір де бар.

Үшіншіден, садақа тек қаржылай емес, біреудің қылмысын кешіру де садақаға жатады.

Төртіншіден, Исламда қылмыстылардың жазасын беруде, мейірімділік қаталдықпен бірге жүреді.

Бесіншіден, айыппұл мен қамау қылмыстың алдын ала алмайды. Өмірге қысас жасау қоғамның қауіпсіздігіне кепілдік жасайды.

"Мәида" сүресінің 46-47 аяттары:

وقفينا علي آثارهم بعيسي بن مريم مصدقا لمابين يديه من التوراته و آتنياه الانجيل فيه هدي و نور و مصدقا لما بين يديه من التوراه و هدي وموعظه للمتقين و ليحكم اهل الانجيل بماانزل الله فيه ومن لم يحكم بما انزل الله فاولئك هم الفاسقون. 

"Олардың (Бәни Исраил пайғамбарларының) ізінше өзінен ілгері жіберілген Тәуратты растаушы Мәриям ұлы Исаны жібердік, оған тура жол көрсетуші мен нұрды қамтыған Інжілді нәсіп еттік. Бұл өзінен ілгері Тәуратты растаушы және тақуаларға жол көрсетуші әрі насихат болып табылады. (46) Інжіл иелері А...-ның Інжілде аян еткен үкімдері бойынша үкім қылсын! А... түсірген аяттар бойынша үкім қылмағандар – бұзықтар. (47)"

Яһудилерді Тәураттың үкімдерін орындауға шақырған осы кітаптағы илаһи үкімдер баяндалған соң, осы аяттар христиандарға арнап былай дейді: "Інжіл де А...-ның кітабы және жолдаушы. Ол Тәуратта келтірілген үкімдерді растайды. Хазірет Иса (ғ) Тәураттағы белгілерге сәйкес келеді және сендерге А...-ның тарапынан жіберілген. Ендеше сендер де Інжілдегі үкімдерге берік болыңдар. А...-ның нұсқауларын орындаңдар, әйтпесе бұзақылардан боласыңдар". Құран бұл жерде Тәурат пен Інжілдің өзгертілмеген нұсқасына меңзейді. Ол бойынша ақыр заман пайғамбары (с) мен оның кітабы – Құранды мойындау қажет. Бірақ Тәурат пен Інжіл өзгеріске ұшырағандықтан, ол бойынша амал етуге болмайды. Оның амалдары қабыл болмайды. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, барлық илаһи кітаптар адамды тақуалық пен пәктікке шақырады. Өйткені тек пәк адамдар ғана уағызға құлақ асады.

Екіншіден, илаһи кітаптар мен пайғамбарлардың барлығы бір бағытта және бірін-бірі растаушы. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ.

Үшіншіден, илаһи кітаптар оқу үшін емес, жеке және қоғамдық өмірде амал ету үшін түсірілген.