Жел 27, 2016 19:55 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 152-ші бөлім, 36-40 аяттар

"Мәида" сүресінің 36-37 аяттары:

ان الذين كفروا لو ان لهم ما في الارض جميعا و مثله معه ليفتدوا به من عذاب يوم القيمه ما تقبل منهم و لهم عذاب اليم يريدون ان يخرجوا من النار و ماهم بخارجين منها و لهم عذاب مقيم .

"Жер жүзіндегінің барлығы, оған қоса және сондай бір есе (мол) нәрселер кәпірлердің қолында болып, оны қиямет күнінің азабынан алып қалу үшін бодауға берсе де, қабыл болмайды. Олар азапты жазаға душар болады. (36) Олар тозақтан шығуды армандайды, бірақ шыға алмайды. Олар мәңгілік азапта қалады. (37)"

Өткен аяттар мүміндерді ізгілікке, тақуалыққа және А... жолында талпыныс жасауға шақырған болатын. Осы аят былай дейді: "Ей, мүміндер! Кәпірлердің байлықтары мен дәулеті сендердің көздерің мен сезімдеріңе зор болып көрініп, еңселеріңді түсірмесін. Өйткені бұл көріністер мен салтанаттың барлығы осы пәни дүниеге ғана байланысты. Қияметте ешқандай байлық пен құдіреттің пайдасы жоқ. Жер бетіндегі түгел байлық қана емес, тіпті егер халықта одан екі есе артық байлық болса да оларды тозақтың отынан құтқармайды". Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, А...-ның әділ сотында тозақтан құтылу үшін ешқандай бодау қабылданбайды.

Екіншіден, адамды бақытты болуына сыртқы емес, ішкі факторлар әсер етеді. Сондықтан оның бақытына себепші нәрсе мал-мүлік пен байлық емес, иман мен ізгі амалдар болып табылады.

Үшіншіден, дүниеде күпірлігі мен қырсықтығын қоймаған адамның азабы да мәңгі болмақ.

"Мәида" сүресінің 38-ші аяты:

والسارق و السارقه فاقطعوا ايديهما جزاء بما كسبا نكالا من الله والله عزيز حكيم. 

"А... тарапынан берілген ғибрат болу үшін, ұрлық қылған еркек пен әйелдің қолын кесіп жазалаңдар. А... –өте үстем, хикмет иесі. (38)"

Өткен бағдарламада адамның өміріне тікелей қарумен қоқан-лоққы жасайтын қылмыскерлердің үкімдерін айтқанбыз. Осы аят ұрлық жасаған адамның үкімін нақты баяндайды. Әдетте ұры адамдардың мал-мүлкін жасырын түрде тартып алады. Ұрлық қолмен жасалатындықтан, адамдардың мүлкіне қиянат жасаған қолдың қадірі жоқ. Осыған орай А... бұл аятта: "Ұрлық қылған еркек пен әйелдің қолын кесіңдер",-делінген. Бұл, А...-ның зұлымдығы емес, қылмыскердің істеген ісінің жазасы. Хәкім А... мұндай ауыр жазаны қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін қойды. Әрине кез-келген ұрының қолын кесуге болмайды. Ұрланған нәрсенің құны кем дегенде бір мысқал алтынның үштен бір бөлігі болуы және ол ұрлауға мәжбүр болмауы тиіс. Сонымен қатар исламдық үкімдерге сәйкес мұның басқа да шарттары бар. Ұрының қолын кесу дегеніміз қолды білектен кесу емес, төрт саусақты кесу болып табылады. Кейбір зиялы адамдар осы исламдық үкімді – қатыгез әрі адамгершілікке жатпайтын әрекет деп санайды. Алайда қоғамның қауіпсіздігі үшін бірнеше қиянтшыл адамның қолын кесу адами шара болып саналады. Осы илаһи үкім жүргізілген қоғамдарда ұрлықтың қаншалықты азайып, ал Батыс қоғамында оның көрсеткіші қаншалықты жоғары екендігін тәжірибе көрсетті. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Исламның қылмыстық заңдары қылмыскерді жазалаумен қатар, басқаларға да сабақ болып табылады. Өйткені қылмыс бұдан былай қайталанбас үшін, жазалау шарасы жұрттың алдында өткізіледі.

Екіншіден, Ислам жеке меншік пен әлеуметтің қауіпсіздігіне ерекше мән беретін болғандықтан, оған қол сұққан кез-келген кісіге қатаң жаза қарастырған.

Үшіншіден, Ислам жеке басқа арналған дін емес, онда қоғамның істерін реттеуге арналған бағдарламалар бар. Сондықтан Ислам ақыретпен қатар, дүниелік жоспары бар дін.

"Мәида" сүресінің 39-40 аяттары:

فمن تاب من بعد ظلمه و اصلح فان ا يتوب عليه ان ا غفور رحيم الم تعلم ان ا له ملك السموات و الارض يعذب من يشاء و يغفر لمن يشاء و ا علي كل شي قدير .

"Кімде-кім (ұрлық істеп) зұлымдық қылғаннан кейін, тәубеге келіп түзелсе, А... оның тәубесін қабыл алады. А... шынында бек кешірімді, ерекше мейірімді. (39) Көк пен жердің патшалығы А...-нікі, ол қалаған адамын жазалайды, қалаған адамын жарылқайды, мұны білмеймісің? Барлық нәрсеге А...-ның құдіреті жетеді. (40)"

Өткен аятта ұрлыққа қатысты ауыр үкімдерге тоқталған едік, дегенмен А...-ның рақымдығы баршаға ашық. Өйткені А...-ның жарылқауы Оның қаһарынан бұрын тұрады. Осыған орай бұл аят былай дейді: "Егер кімде-кім осы ісіне тәубе етіп, бұрын істегендерін қайталамаса А...-ның кешіріміне бөленеді". Әрине тәубені қылмыс ашылмай тұрып жасау керек. Әйтпесе әркім сотталып, жауапқа тартылатынын білген соң тәубе еттім деп шығуы мүмкін. Сондықтан ұрлық жасаған кісі, ұрлығы дәлелденіп, сот үкімі шықпас бұрын тәубеге келіп, ұрланған дүниені иесіне толық қайтарып беруі тиіс. Немесе біреуге тигізген зардаптың есесін қайтарып, оның кешірімін алуы керек. Мұндайда А... да оны жарылқап, кешіреді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, тәубе дегеніміз тек ішкі өкініш қана емес, қайта осы өкінішпен қатар бұрынғының есесін қайтару болып табылады.

Екіншіден, егер адам тәубе етіп, түзелсе, А... да оны рақымдығы мен ілтипатына бөлейді.

Үшіншіден, жазалайтын да, кешіретін де - А... . Сондықтан А... әрқашанда пенделеріне тәубе жасауға мұрсат береді. Ол әділет бойынша қылмыскерді жазалап, тәубе еткенді кешіреді.