Мәида сүресі, 150-ші бөлім, 27-31 аяттар
Мәида сүресі, 150-ші бөлім, 27-31 аяттар
"Мәида" сүресінің 27-ші аяты:
واتل عليهم نبا ابني آدم بالحق اذ قربا قربانا قتقبل من احدهما و لم يتقبل من الاخر قال لاقتلنك قال انما يتقبل الله من المتقين .
"(Мұхаммед ғ.) Оларға Адамның (ғ) екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы:" Сол уақытта екеуі А ...-ға жақындық үшін құрбан шалған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен қабылданбаған еді. (Құрбаны қабылданбаған Қабыл): "Әлбетте мен сені өлтіремін",-деді. Сонда (Һабыл): "А ... сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді",-деді. (27) "
Исламдық рауаяттар мен Тәураттың "Болмыс кітабының" төртінші бөлімінде жазылғандай, хазірет Адамның (ғ) Абыл мен Қабыл есімді екі ұлы болған. Абыл малшы, ал Қабыл бағбан еді. Абыл А ... жолында садақа ретінде ең жақсы қойын, ал Қабыл өз өнімдерінің ең жаманын тарту етеді. Осылайша А ... Абылдың садақасын қабылдап, Қабылдың нәзірін қабылдамайды. Бұл мәселе Адамға (ғ) аян түсу арқылы немесе басқа жолмен оларға хабарланады. Қызғаншақ әрі қатыгез Қабыл істеген ісін түзетудің орнына, туысына қарсы шығып, оның ісін мойындамайды. Осылайша қызғаныштың кесірінен оны өлтірмек болады. Дегенмен ниеті ақ Абыл оның бұл әрекетіне былай деп жауап қайтарады: ".. А ...-ның біздің амалдарымызды қабылдауы, не қабылдамауы себепсіз емес Сен маған бекер қызғанасың А ... тағала шын жүрекпен жасалған әр істі оның мөлшеріне қарамастан қабылдайды". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, бұрынғы халықтардың тарихы болашақ ұрпақтарға ең абзал үлгі болып табылады. Болашақ ұрпақтар тарихта болған маңызды оқиғаларды үнемі еске алып, одан өнеге алуы тиіс.
Екіншіден, оң ниетсіз ізгі іс жеткіліксіз.
Үшіншіден, қызғаныш тіпті туысты өлтіруге итеруі мүмкін. Жүсіп пен оның ағаларының оқиғасындағыдай, шайтан олардың арасына қызғаныш отын тастап, оларды бір-бірінен ажыратты.
"Мәида" сүресінің 28-29 аяттары:
لئن بسطت الي يدك لتقلني ما انا بباسط يدي اليك لاقتلك اني اخاف ارب العالمين اني اريد ان تبوا باثمي و اثمك فتكون من اصحاب النار وذلك جزاوء الظالمين
"Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз мен әлемдердің Раббы А ...-дан қорқамын! (28) Сөзсіз мен, сенің өз күнәң мен менің күнәмді жүктеп, тозақтық болуды қаламаймын. Осы, залымдардың жазасы . (29) "
Абыл өзінің қатыгез әрі қылмыскер туысы Қабылға қарсы қандай да бір шара қолданудың орнына былай дейді: ". Сен мені өлтірмекші екеніңді білемін, бірақ сенен бұрын ешқандай шара қолданбаймын Өйткені мен қияметтегі илаһи әділ соттан қорқамын және қылмыс жасалмай тұрып кек алуға болмайтынын білемін". Әрине залымнан қорғану керек. Бірақ біреудің күнә жасамақ ниеті болғанымен, оны жазалауға болмайды. Өйткені ол іс орындалмауы да мүмкін. Алайда қылмыстың алдын алып, оның орындалуына жол бермеуге болады. Осылайша Абыл: "Мен сенен бұрын әрекет жасамаймын Бірақ егер сен мені өлтірсең, тозаққа түсетініңді біліп қой Мен жазаңды сонда тарттырамын Өйткені мен сені кешіретіндей, жақсылық істеген жоқсың Ендеше менің күнәмды арқалап, екі есе азапталасың....",-Деді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, өшпенділігін күшейтпеу үшін қызғаншақ және қырсық адамдармен байқап сөйлесейік.
Екіншіден, күнәні әлсіздік пен шама келмегендіктің себебінен емес, А ...-дан қорыққандықтан жасамау маңызды. Абыл "күшім жетпегендіктен кешірем" деген жоқ, ол: "Мен А ...-дан қорыққандықтан туысымды өлтірмеймін",-деді.
Үшіншіден, А ...-дан қорқу адамды күнә жасаудан сақтайды.
"Мәида" сүресінің 30-31 аяттары:
فطوعت له نفسه قتل اخيه فقتله فاصبح من الخاسرين فبعت الله غرابا يبحت في الارض ليريه كيف يواري سواه اخيه قال يا ويلتي اعجزت ان اكون مثل هذاالغراب فاواري سواه اخي فاصبح من النادمين.
"Сонда оның нәпсісі, туысын өлтіруге қызықтырды да, оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды (30) Сонда А ..., оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға, жерді қаза бастағанда:." Әттең! Маған не болды? Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба? ",-Деді де, өкінушілерден болды. (31)"
Қабыл нәпсіқұмарлығының салдарынан Абылдың сөздеріне қарамастан, оны өлтіреді. Бірақ тез арада бұл ісіне өкінеді. Алайда не пайда, өлген туысы қайтып келмейді. Қабыл туысының мәйітін не істерін білмей, аң-таң болады. Сол кезде А ... оған туысының өлігін жерлеуді көрсету үшін қарғаға жер қаздырады. Ия, осылайша жер бетіндегі ең бірінші кісі өлтіру орын алып, адам баласының арасында өшпенділік жайылды. Өкінішке орай оның салдары әлі күнге дейін құрбан алып, қауіп пен тәртіпсіздік орнатуда. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, ақиқат пен жалғанның күресі адамзаттың жер бетіндегі ғұмырындай көне. Адамның тұңғыш өлімі шәһид болумен басталды.
Екіншіден, кейде жануарлар илаһи тапсырмаларды орындайды, ал кейде адамға бірқатар істерді үйретеді. Адам кейбір ғылым мен мағлұматтарды жануарлардың әрекеттеріне қарап табады.
Үшіншіден, А ...-ның қалауы бойынша мәйітті мумиялауға немесе өртеуге болмайды, оны жерлеу керек.