Жел 27, 2016 19:59 Asia/Almaty

Мәида сүресі, 149-шы бөлім, 23-26 аяттар

"Мәида" сүресінің 23-ші аяты:

قَالَ رَجُلاَنِ مِنَ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْعَمَ اللّهُ عَلَيْهِمَا ادْخُلُواْ عَلَيْهِمُ الْبَابَ فَإِذَا دَخَلْتُمُوهُ فَإِنَّكُمْ غَالِبُونَ وَعَلَى اللّهِ فَتَوَكَّلُواْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ ﴿۲۳﴾

"Алладан қорыққан және Алланың жақсылығын алған екі адам оларға: "Қала қақпасынан кіріңдер, қақпадан кірсеңдер-ақ сөзсіз жеңіске жетесіңдер. Егер мүмін болсаңдар, Аллаға сүйеніңдер",-деді. (23)"

Хазірет Мұса (ғ) Исраил қауымынан залымдармен күресуді және өздерінің қаласын азат етуді талап етті, бірақ олар джихадтан бас тартып: "Олардың өздері шықпайынша, біз қалаға кірмейміз",-деді. Осы аят былай дейді: "(Тәуратта олардың есімі "Юша" мен "Калеб" делінген) Екі яһуди ақсақалы халыққа: "Дұшпаннан неге қорқасыңдар, Алладан қорқыңдар! Оған ғана тәуекел етіңдер. Қаланың мына тұрған қақпасынан дұшпанға баса көктеп кіріңдер. Имандарыңа берік болып, Алладан ғапыл болмасаңдар міндетті түрде жеңесіңдер",-деді". Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Алладан қорыққан адам басқа ешқандай күштен қорықпайды. Аллаға иман келтіру күш пен құдірет береді.

Екіншіден, егер біз әрекет ететін болсақ, Алланың жәрдемі мен қолдауы да түседі. Әрекет етпей тұрып жәрдемді күту бекер.

Үшіншіден, талпыныс жасамай тәуекел етудің пайдасы жоқ. Ерлік пен батылдық та, тақуалық пен тәуекел де қажет.

"Мәида" сүресінің 24-ші аяты:

قَالُواْ يَا مُوسَى إِنَّا لَن نَّدْخُلَهَا أَبَدًا مَّا دَامُواْ فِيهَا فَاذْهَبْ أَنتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ ﴿۲۴﴾

"Олар: "Ей, Мұса! Қасиетті жерде олар тұрғанда, біз ол жерге әсте кірмейміз, сен өз Раббыңмен екеуің барып (олармен) соғысыңдар, біз осы арада отыра тұрайық",-деді. (24)"

Хазірет Мұсаның (ғ) шақыруына және яһуди ақсақалдарының ынталандыруына қарамастан, Исраил қауымы күреске шығудан бас тартып, ұялмастан Мұсаға (ғ): "Біз несіне соғысамыз? Раббың сені қолдайды, өзің бара ғой, міндетті түрде жеңесің. Қаланы басып алған соң бізде келеміз",-деді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Исраил қауымы әдепсіздік, міншілдік, рахатшылдық, осалдық пен әлсіздіктің үлгісі болған. Ендеше біз де олар сияқты болып, олардың тағдырына ұшыраудан сақ болайық.

Екіншіден, илаһи жетекшілер мен әлеуметтік жанашырлар тұрса да, "алға кім шығады? Біздің қатысымыз жоқ" дейтіндей халықтың мойнынан міндет алынбайды.

"Мәида" сүресінің 25-ші аяты:

قَالَ رَبِّ إِنِّي لا أَمْلِكُ إِلاَّ نَفْسِي وَأَخِي فَافْرُقْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ ﴿۲۵﴾

"Мұса: "О, Раббым! Мен тек туыстарым мен өз басыма ғана ие бола аламын, (мына) бұзық елден арамызды бөлгейсің!",-деді. (25)"

Тарих өте ғажайып. Хазірет Мұсаның (ғ) көтерілісі арқылы перғауынның құлдығынан азат етіліп, тәуелсіздікке қол жеткізген халық, бүгінде өзінің қаласына кіру үшін әрекет жасаудан бас тартып, Алланың елшісі бәрін дайындаған соң шақырады деп күтуде. Сол кезде хазірет Мұса (ғ) Исраил қауымын қарғап, Алладан олардың арасындағы азғындар мен бұзықтарды азаптауын сұрайды.

"Мәида" сүресінің 26-шы аяты:

قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيْهِمْ أَرْبَعِينَ سَنَةً يَتِيهُونَ فِي الأَرْضِ فَلاَ تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ ﴿۲۶﴾

"(Алла тағала): "Олардың қасиетті жерге кіруі қырық жылға дейін арам етілді, олар иен далада адасып жүреді, сондықтан бұзық ел үшін қамырық шекпе",-деді.(26)"

Илаһи жазалар қияметте ғана болмайды. Кейде Алла адамдар немесе қауымдардың күнәсінің жазасын осы дүниеде тартқызады. Алла тағала Исраил қауымының бойсұнбауы мен түрлі сылтаулар келтіргені үшін Синай шөлінде қырық жыл бойы сандалтып, адастырды. Оларды қасиетті жердің берекесінен құр қалдырды. Алланың сол қаһары жөніндегі оқиға Тәураттың "сандар кітабында" да кездеседі. Тарихи рауаяттар бойынша олар қырық жыл бойы Синай шөлінде сергелдең болып, хазірет Мұсадан (ғ) айрылған соң, қалаға кіру үшін әскери шабуыл жасауға мәжбүр болды. Олар өздерінің әуелдегі осалдығы кесірінен қырық жыл босқын болып жүрді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, дұшпанның алдында әлсіздік пен осалдық танытып, қасиетті күрес пен соғыстан қашу берекеден айырып, босқындыққа әкеліп соғады.

Екіншіден, қасиетті соғыстан қашқандарды әлеуметтік жеңілдіктер мен ұпайлардан айыру керек.

Үшіншіден, Алланың әулиелері тіпті күнәһарлардың жазалануына да жаны ашиды. Бірақ қылмыскерді жазалау, қоғамның саулығына пайдалы ащы дәрі тәрізді.