Ниса сүресі, 130-шы бөлім, 115-119 аяттар
Ниса сүресі, 130-шы бөлім, 115-119 аяттар
"Ниса" сүресінің 115-ші аяты:
وَمَن يُشَاقِقِ الرَّسُولَ مِن بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ الْهُدَى وَيَتَّبِعْ غَيْرَ سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلَّى وَنُصْلِهِ جَهَنَّمَ وَسَاءتْ مَصِيرًا ﴿۱۱۵﴾
"Ал біреу дұрыс жол (мұғжиза арқылы) айқындалғаннан кейін пайғамбармен қарсыласып, мүміндердің тұтқан жолынан басқа жол тұтса, оны қыңырайған жағына бұра береміз де, тозаққа саламыз. Тозақ неткен жаман жай десеңізші! (115)"
Мүміндерге төніп тұрған қауіптердің бірі – өз дінінен бас тарту және діни жетекшілер мен олардың шын жолдауларына саналы түрде қарсыласу болып табылады. Оған қарсы шығатындай біздің заманымызда пайғамбардың өзі болмағанымен, мұсылмандардың арасында араздық орнатуға себеп болатындай оларға қарсы шығу да пайғамбарға қарсыласумен бірдей саналатын осы аяттың дәлелдерінің біріне жатады. Мұның салдары дүниеде әділетсіз биліктерді қабылдатса, ақыретте тозақтың отына түсіреді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, исламдық қоғамдастықпен қарсыласып, оның жетекшілеріне бағынбау пайғамбарға қарсылық білдірумен тең.
Екіншіден, Алла тағала өзінің дәлелдерін толық жеткізбей тұрып ешкімді тозаққа салмайды. Ол алдымен барлығына тура жолды көрсетеді.
"Ниса" сүресінің 116-117 аяттары:
إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلًا بَعِيدًا ﴿۱۱۶﴾ إِن يَدْعُونَ مِن دُونِهِ إِلاَّ إِنَاثًا وَإِن يَدْعُونَ إِلاَّ شَيْطَانًا مَّرِيدًا ﴿۱۱۷﴾
"Алла өзіне серік қосуды (мүшріктік күнәні) кешірмейді. Онан басқаны қалаған адамынан кешіреді. Кімде-кім Аллаға серік қосса, оның адасып лағып кеткені. (116) Олар (Мекке мүшріктері) Алладан шеттеп, әйел (атымен аталған) пұттарға табынады, тек қасарысқан шайтанға ғана құлшылық істейді. (117)"
Меккеде Ислам пайда болған кезде "лат", "мәнат" және "узза" секілді әйел аттары бар пұттарға табынатын. Сондай-ақ періштелерді "құдайдың қыздары" және олар жаратылыс әлеміндегі істерді басқарады деп санайтын. Осылайша олар періштелерге де табынатын. Осы аят мұндай ырымға толы сенімдерді жоққа шығарып: "Шын мәнінде олар шайтандық және жалған қиялдарға ереді. Серік қосумен араласқан мұндай нанымдар адастырудан басқа ешқандай нәтиже бермейді",-дейді. Әрине мүшрік адам серік қосудан бас тартып, бір Аллаға иман келтірмейінше кешірілмейді. Бірақ ой-пікірі мен сенімдері дұрыс мүмін адам кейде күнә жасап қойса да Алланың кешіріміне бөленеді. Дегенмен ол Алланың жарылқауына лайық болуы тиіс. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, Аллаға серік қосу ең үлкен күнә болып саналады. Мұндай күнәні Алла кешірмейді.
Екіншіден, тура жолдан тайған барлық жолдар шайтанның жолына түседі. Ақиқаттан қашқандардың шайтаннан басқа барар жері жоқ.
Үшіншіден, Алладан басқаға құлшылық ету негізінде шайтанға табыну болып саналады.
"Ниса" сүресінің 118-119 аяттары:
لَّعَنَهُ اللّهُ وَقَالَ لَأَتَّخِذَنَّ مِنْ عِبَادِكَ نَصِيبًا مَّفْرُوضًا ﴿۱۱۸﴾ وَلأُضِلَّنَّهُمْ وَلأُمَنِّيَنَّهُمْ وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُبَتِّكُنَّ آذَانَ الأَنْعَامِ وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللّهِ وَمَن يَتَّخِذِ الشَّيْطَانَ وَلِيًّا مِّن دُونِ اللّهِ فَقَدْ خَسِرَ خُسْرَانًا مُّبِينًا ﴿۱۱۹﴾
"Алла шайтанға лағынет айтты. Ол (сонда да қасарысып) былай деді: "Құлдарыңның ішінде мен де белгілі санды иелеймін (118) сондай-ақ, мен оларды сөзсіз аздырамын, оларды құр қиялға (өмір болса ұзақ, ал қиямет, есеп алу сияқты істер жоқ деген сияқты ойларға) үміттендіремін, төрт түлік малдың (пұттарға арнап) құлақтарын тілуге бұйырамын. Оларды Алланың жаратқандарын өзгертуге (құлдарды пішу, оларға ең салу сияқтыларға) бұйырамын". Кімде-кім Алланың орнына шайтанды дос тұтса, ол анық өзіне кесір жасаған болады. (119)"
Мүшріктер пұттарға табынып және оларды өздері мен Алланың арасындағы дәнекер деп санаумен қатар ауылшаруашылық өнімдері мен малдарының бір бөлігін сол пұттарға құрбандыққа шалған. Олар пұтқа арналған малға тимеу үшін олардың құлағына ен салатын болған. Осы аятта Алла мұндай нанымдар мен ырымдарды шайтанның ісі деп атап: "Шайтан Алланың пенделерін адастыру туралы ант ішкен болатын. Сондықтан шайтан мен оған ерушілер Алланың жарылқауынан мақрұм болады",-дейді. Осы аятта келтірілген шайтанның халықты адастыру әдістеріне негізсіз қиял-армандар мен Алланың жаратылысын өзгерту жатады. Ырымдар мен пұттарға табыну және Алладан басқаға сену құр бос арман тудырады. Сонымен қатар шайтан адамды илаһи жаратылысқа немесе оның заңдарына өзгеріс енгізу арқылы, өзінің пәк табиғатынан айырып, өзіне ергізеді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, шайтан - адамның ежелден келе жатқан дұшпаны. Ендеше оның ықпалына түсіп қалмай, абай болайық. Әйтпесе Алланың жарылқауынан алшақтаймыз.
Екіншіден, шайтанның әдістерінің бірі Алланың халал еткен нәрселерін харам ету, немесе харамын халал ету.
Үшіншіден, шайтан әркімді әртүрлі азғырып, адастырады. Біреуді негізсіз қиял-армандармен адастырса, өзгелерді жаратылысқа өзгеріс енгізу немесе илаһи ережелерді өзгерту мен ырымдар арқылы аздырады.