Бақара сүресі, 163 -166 аяты
Бақара сүресі, 163 -166 аяты
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын.
وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لاَّ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ ﴿۱۶۳﴾إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَاخْتِلاَفِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَالْفُلْكِ الَّتِي تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِمَا يَنفَعُ النَّاسَ وَمَا أَنزَلَ اللّهُ مِنَ السَّمَاءِ مِن مَّاء فَأَحْيَا بِهِ الأرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةٍ وَتَصْرِيفِ الرِّيَاحِ وَالسَّحَابِ الْمُسَخِّرِ بَيْنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ لآيَاتٍ لِّقَوْمٍ يَعْقِلُونَ ﴿۱۶۴﴾
"Сендердің құдайларың – бір ғана Алла , одан бөлек құдай жоқ. Ол асқан қайырымды, ерекше мейірімді. (2:163) Көктер мен жердің жаратылуында, күн мен түннің кезектесуінде, адамдардың пайдасы үшін теңізде жүзген кемелерде, Алланың көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы өлген жерді жандандыруында, сондай-ақ онда әр алуан жан-жануарларды таратуында, (бағыт өзгертіп) соғатын желдерді және жер мен көктің аралығындағы бағынышты бұлттарды басқаруында ақыл иелері үшін (жаратушының бірден-бір екенін дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар. (2:164)"
Осы бір-біріне сәйкес жүйе бір жағынан әлемді жаратушының біреу екенінің белгісі, келесі жағынан Оның шексіз білімі мен құдіреті бар екенін дәлелдейді. Ендеше әлемді – көптеген шумақтан тұратын әдемі, әрі ұзақ өлең деп атауға болады. Оны бір шебер ақын жазғандай. Бұл аят, Алланың бірлігін қуаттай отырып, Оның жаратушылық құдіретін дәлелдейтін алты мәселеге меңзейді:
Біріншіден, көктер мен жерді жарату. Біз тіршілік ететін Жер шары қандай үлкен болса да, Сүт жолындағы мыңдаған галлактиканың ішіндегі Күн жүйесінің бір планетасы ғана.
Екіншіден, түн мен күннің ауысуы және жылдың төрт маусымының келуі Жердің Күнді айналуынан пайда болады.
Үшіншіден, теңізде адамдар мен жүк тасымалдайтын кемелер үлкен болып көрінгенмен, суға батпай, желдің соғуымен алыс-алыс қашықтықтарға барады.
Төртіншіден, Алланың аспаннан жаудырған жаңбырынан Жер бетінде өсімдіктер өсіп, онымен жануарлар қоректенеді. Жаңбыр ауа мен кеңістікті тазартады.
Бесіншіден, жел теңіздегі кемелерді ғана қозғалтпайды, ол арқылы өсімдіктер тозаңданады, бұлттар қозғалады, суық және жылы ауа қозғалады және қалалардың ластанған ауасын алмастырады.
Алтыншыдан, өзімен көп мөлшерде су тасымалдайтын бұлттар - жердің беті мен аспан арасында орналасқан және түрлі аймақтарға су жеткізіп тұрады. Дегенмен Алланың құдіреті мен күшінің осы белгілеріне немқұрайлық танытпай, оған ой салғандар ғана Алланың бір екенін түсінеді.
وَمِنَ النَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ اللّهِ أَندَادًا يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ اللّهِ وَالَّذِينَ آمَنُواْ أَشَدُّ حُبًّا لِّلّهِ وَلَوْ يَرَى الَّذِينَ ظَلَمُواْ إِذْ يَرَوْنَ الْعَذَابَ أَنَّ الْقُوَّةَ لِلّهِ جَمِيعًا وَأَنَّ اللّهَ شَدِيدُ الْعَذَابِ ﴿۱۶۵﴾
"Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де оларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар азапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді. (2:165)"
Аспан, Жер, теңіздер және өсімдіктер мен жануарлар секілді жаратылыстың белгілері Алланың бірлігіне дәлел болғанымен, осы белгілерге ой салмайтындар оның тек сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, Алланың орнына соларға құлшылық етеді. Олар кейде "жұлдыздар өмірге ықпал етеді" деген оймен, жұлдыздарға сиынады. Кейде жануарларды, әсіресе сиыр тәрізді жануарды қасиетті деп біліп, оған құрмет көрсетеді. Кейде өз қолдарымен тас немесе ағаштан пұт жасап, соған тағзым етіп, сүйіспеншіліктерін білдіреді. Кейде бір адамды Алла іспеттес әлемді жаратуға қатысы бар деп ойлап, сол үшін өзін құрбан етуге дайын болады. Олар Аллаға құлшылық етудің орнына, өздері ойлап тапқан нәрселерге босқа табынады. Алайда иман дегеніміз – адамның Алланы ғана сүюі және тек Оның жолымен жүруі болып табылады. Мұндай сүйіспеншілік даналық пен білімге негізделген. Ал пұтқа табынушылардың сүйіспеншілігі надандықта жатыр. Әрине Алладан басқаға құлшылық ететіндер қиямет күнін көріп, Алланың нағыз құдіретін білсе, әлгіндей әрекетке бармас еді.
إِذْ تَبَرَّأَ الَّذِينَ اتُّبِعُواْ مِنَ الَّذِينَ اتَّبَعُواْ وَرَأَوُاْ الْعَذَابَ وَتَقَطَّعَتْ بِهِمُ الأَسْبَابُ ﴿۱۶۶﴾
"Сол уақытта ерілгендер (бастағандар), өздеріне ергендерден безеді. Сондай-ақ олар азап көргенде қарым-қатынастары кесіледі. (2:166)"
Бұл аят адамға қырағы бол, жетекшің кім? Кімге ересің, жүрегіңде кімді қолдайсың? деп ескертеді. Дүниедегі өз мақсаттары мен нәпсісін ойлайтын адамға сүйіспеншілік танытпайық. Олар қиямет күні бізден безіп кетеді. Қиямет күніндегі тағдырымыз жетекшінің тағдырымен байланысты болғандықтан, оны дұрыс таңдауымыз керек. Сол күнде әркім өзінің көшбасшысымен бірге болады. Енді осы аяттардан үйренетін тағылымдарға назар аударайық:
Біріншіден, табиғатты тану - құдайды тану жолдарының бірі болып саналады. Өйткені табиғат құдайдың білімі, құдіреті мен хикметінің көрініс табатын орны.
Екіншіден, иманның белгісі - Алланы жүрегіңмен сүю және осы сүйіспеншілікті Оның нұсқауларын орындаумен көрсету болып табылады.
Үшіншіден, қияметте – қиялдар мен нәпсілер негізіндегі жалған сүйіспеншіліктер кекшілдік пен жиіркенішке айналады.
Төртіншіден, құдайдан басқа жетекшілер қиямет күнінде ешқандай күшке ие болмай, өздеріне ерушілерден безеді.