Нау 06, 2016 19:08 Asia/Almaty

Таяу Шығыс Палестина халқының босқындық мәселесімен кезіккеннен кейін бірнеше онжылдық өткен соң келесі бір елдің босқындық мәселесімен бетпе-бет келді.

 Бұл жолғы босқындық мәселесінің дағдарысына  Ирак мемлекеті душар болды. Бұл ел халқының босқындығы 2003-ші жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы жасаған шабуылының салдары болды. Бұл дағдарыстың қай кезде жоғары деңгейге көтерілгені белгісіз. Алайда осы кездегі үдерісі жалғасатын болса, бұл аймақ  оның ауыр салдарларына ұшырайды. АҚШ пен оның одақтас мемлекеттері 2003 жылы 23 наурызда лаңкестікпен күресу, әлемдік бейбітшілік және демократия мен азаттық  орнату ұрандарымен Ирак мемлекетіне қарсы әскери шабуыл жасады. АҚШ-тың шабуылының ең маңызды сылтауы сол кездегі бұл елдің президенті Джордж Буштың Ирактағы жаппай қырып-жоятын қаруды жинау туралы уәжі болды. Гуманитарлық араласу, лаңкестікке қарсы соғыс және АҚШ пен одақтастарының әскери шабуылын ақтау үшін қолданылған басқа да ұрандар бұл елге босқындық пен қорғансыз адамдардың қырылуынан басқа еш нәтиже әкелмеді. Бұл соғыста шапқыншылар әскери қарумен бірге әртүрлі химиялық қарулар және төмендетілген уранды пайдаланып, өздерінің  қылмыстарын арттырды. АҚШ басшылары тарапынан соғыстың табиғи салдары деп аталған  мәселелер көптеген жылдар бойы Ирактың келешек ұрпағы мен қоршаған ортасына  өз әсерін тигізетін болады. АҚШ күштерінің Ирактағы 11 жылдық құзыры елде қауіпсіздік, тыныштық пен  демократияны орнатпақ түгілі, соғыс ағымында  сол елдің қалаларының көбін қиратып, есепсіз қылмыстар жасады. Иракта жаппай-қырып-жоятын қарудың қолданылуы мыңдаған қарапайым халықтың, яғни балалар, әйелдер мен қарттар және жастардың қырылуына соқтырды. Ирактың басып алынуы кезеңінде шамамен бір миллион ирактықтың қырылуымен бірге басқа миллиондаған халық босқынға айналды немесе жараланды. АҚШ-та орналасқан «Азаттықтың келешегі» орталығы басшысының орынбасары Шелдон Ричман  бұл соғыстың зардаптары туралы: «Статистикалық мәліметтер бұл соғыстың шығынын көрсете алмайды. Бұл елдің  18 жасқа жетпеген балалары мен жасөсіпірімдерінің төрттен  бірі ата-анасының кем дегенде  бірінен айрылды. Үкіметтің ресми статистикасы бойынша  2007-ші жылы Иракта 5 миллион бала жетім қалды. 2008-ші жылы  бұл елдің балаларының тек жартысы ғана мектепке барды. Ирак соғысқа дейін аймақта сауатсыздық тұрғысынан ең төмен деңгейдегі ел болса, 2008-ші жылда аймақтағы ең сауатсыз мемлекетке айналды.  Соғыстың салдарынан әйелдер білім алу, еңбек ету, перзент тәрбиелеу,  азықы-түлік және қауіпсіздікпен қамтамасыз етілу салалары бойынша ең көп зардап шекті»,- деп жазды. БҰҰ-ның Босқындар ісімен айналысатын жоғарғы комиссарының айтуынша,  Ирак халқының  2 миллион 700 мың адамы елдің ішінде қоныс аударса, 2 миллион 200 мыңы көршілес елдерден пана тапты. АҚШ-тың басып алуының салдарынан Ирак халқының  төрттен бір бөлімінен артығы өлім, жарақат немесе босқындықпен кезікті. Мұндай жағдайды азаттық деп атауға болады ма?  Мамандардың айтуынша,  АҚШ пен оның одақтастарының 2003 жылғы Иракқа жасаған шабуылы, шын мәнінде өз табиғи ресурстарын өзі басқарған тәуелсіз Иракты жоюды мақсат еткен 1991 жылғы соғыстың жалғасы. БҰҰ Жәрдем қызметінің  басшысы Валери Амос осыдан бұрын ақиқатқа тоқталып: «АҚШ-тың Иракқа қарсы 2003 жылғы шабуылы мен бұл елдің бұрынғы  диктаторы Саддамның құлауы мемлекетті дағдарысқа тіреді. Алайда бұл   ел  адами апатты бірінші рет бастан өткеріп отырған жоқ. Бұған дейін де Парсы шығанағы соғысы кезінде  бұл елдің халқы ішкі босқындық және пана іздеу дағдарысымен кезіккен болатын»,- деді. Осы кезде Ирактың инфрақұрылымдарының, атап айтқанда ауыз су көздері, медициналық орталықтар, байланыс жүйелері мен дәрі-дәрмек шығаратын зауыттары, электр қуатының арналары және елдің азық-түлік қорларының мақсатты түрде нысанаға алынуы туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы таратылмайды. 1900-2003 ж. аралығындағы АҚШ пен БҰҰ-ның Иракқа қарсы 13 жылға созылған азық-түлік санкциялары 1 миллионнан артық ирактықтың  өлімі мен миллиондаған азаматының босқынға айналуларына әкелік соқты. Өлгендер мен босқынға айналғандардың жартысын балалар құрады. Бүгінде мұндай хабарлар ақпарат құралдарының жадысынан жойылды. Мәліметтер бойынша 2003-ші жылғы соғыстың соңына дейін 8 миллион ирактық гуманитарлық көмектерге мұқтаж болды. Бұл адамдардың  2 миллионы Ирактың сыртынан пана тапқан ирактықтар болса, 2 миллион 200 мың  адам босқынға айналды. Ирактықтар шекаралас Иордания мен Сирияға, Мысыр мен Иранға және Ливанға қашып, өмірлерін жалғастыруға талпынды. Олар еңбек етіп, білім алуға, медициналық қызметке ие болуға, бәрінен маңыздысы үміттерін үзбеуге талпынды. Ұлыбританияның «Индепендент» газеті сол кезде  Ирактың босқындары туралы жариялаған мақаласында: «Қазіргі таңда шамамен 500 000 ирактық босқын Иорданияда,450 000 Сирияда тұрып жатыр»,- деп жазды. БҰҰ-дағы босқындар мәселесімен айналысатын мамандар ирактықтардың осы кезде Сирия халқының 5 пайыздан астамын құрайтынын мәлім етті. Иордания елге келетін босқындарға шектеу қойды. Бірақ Сирияның есіктері бұрынғысынша ирактық босқындар үшін ашық. Сол кезде халқының саны 18 миллионды құрайтын Сирия босқындардың таңдайтын бірінші мемлекеті болды. Өйткені бұл елге кіру оңай болды әрі өмір сүру деңгейі мен мектеп және дәрігерлік қызметтер де салыстырмалы түре арзан болды. Сирия Президенті Башар Асадтың үкіметі ирактықтардың келуімен қиындық туды деп жариялаған жоқ. Сирия Президентінің сол кездегі орынбасары Фаруқ әл-Шаре сол кезде Дамаскте журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде мұндай жағдай Сирияға қысым келтіруде, бірақ  ешкім шағым түсіріп, көмектесуді талап етпейді»,- деді. Босқындардың өмір сүретін жерлері мен білім алу мәселесіне қатысты көптеген қиындықтарға қарамастан Сириядан пана тапқан ирактық босқындар еш шағымданбады. Олар Дамасктің белгілі бір аудандарынан қоныс теуіп, тіпті сол жерлерден тек ирактық араб тілі ғана естілетін болды. Дамасктің Джарамана аймақтарында  ресторандар  ирактық тағамдарды ұсынып, олардың қызметкерлері Бағдат, Басре және Мосулден келгендерді құрады. Нью-йоркте орналасқан адам құқығы ұйымы директорларының бірі Биль Фрелик: «АҚШ апта сайын Ирактағы соғысқа  шамамен 2 миллион доллар қаржы жұмсады. Бірақ  өзі себепші болған бұл елдің босқындарының қиындықтарына ешбір көңіл аудармады» деген сын айтты. Алайда Сирия дағдарысының басталуы ирактық босқындарға тағы да  босқындықтың ащы дәмін татырумен бірге миллиондаған сириялықты да босқындар қатарына қосты. Басқа жақтан ИСИМ лаңкестік тобының 2014-ші жылдың маусым айында Иракқа жасаған шабуылы бұл елдің халқының басына көптеген қиындық тудырып, босқындарының санын көбейтті. Жарияланған мәліметтер бойынша, осы кезде  Таяу Шығыстың қақ ортасында орналасқан араб әлемінің маңызды екі мемлекеті – Ирак пен Сирияның 13 миллионнан астам азаматы босқынға айналған.  Бұл Лондон халқының санына тең. Міне, бұл – АҚШ пен оның одақтастарының 2003-ші жылы соғыс басталған кезде Ирак халқына уәде еткен сыйы. АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ әскерінің қолынан Ирактың қарапайым халқының қырылуы туралы қойылған сұраққа: «Бұл – «азаттық» және «демократия» деп аталатын «сәбилердің» дүниеге келуінің қиыншылығы»,- деп жауап қайтарған болатын. Алайда бұл «сәбилер» Иракта дүниеге келмеді. АҚШ-тың бұл елдегі қылмыстарын Ирак халқы және бұл елдің келешек ұрпағы еш уақытта  ұмытпайды.