Бақара сүресі, 118-123 аяты
Бақара сүресі, 118-123 аяты
Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.
وَقَالَ الَّذِينَ لاَ يَعْلَمُونَ لَوْلاَ يُكَلِّمُنَا اللّهُ أَوْ تَأْتِينَا آيَةٌ كَذَلِكَ قَالَ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّثْلَ قَوْلِهِمْ تَشَابَهَتْ قُلُوبُهُمْ قَدْ بَيَّنَّا الآيَاتِ لِقَوْمٍ يُوقِنُونَ ﴿۱۱۸﴾إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَلاَ تُسْأَلُ عَنْ أَصْحَابِ الْجَحِيمِ ﴿۱۱۹﴾
"Сондай білмегендер: "Алла, бізге ауызекі айтса, немесе бізге бір белгі келтірсе еді",-деді. Бұлардан бұрынғылар да бұлардың айтқаны тәрізді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік.(2:118) (Мұхаммед с.ғ.с) шынында сені қуандырушы, қорқытушы етіп, хақиқат бойынша жібердік, тозақтықтардан жауапкер емессің.(2:119)"
Жөнді білмейтін немесе қаскөй адамдар Ислам Пайғамбарына (с) мін тағып: Алланың бізге пайғамбарлар жіберіп, дәнекер қоюдың не қажеті бар? Ол өзінің аяттарын бізге тікелей түсірсе Оған иман келтірер едік, дейді. Осындай негізсіз сөздер мен талаптарға байланысты Құран Пайғамбар (с) мен мұсылмандарды жұбатып, осындай талаптарды бұрынғылар да қойған болатын, өйткені мұндай адамдар қырсық және жүректерінде ауру бар, дейді. Алланың аяттарын түсіну қабілеті жоқ осындай адамдарға тікелей түссе де олар оны қабылдамайды, өйткені олар әу бастан-ақ ақиқатты мойындауға емес онымен қарсыласуға ниеттенген. Шын мәнінде ақиқат басқадан болса да адам оны қабылдайды. Менің айтқаным немесе менің түсінгенім ғана ақиқат деу дұрыс емес. Егерде, Алланың аяттары маған түспеді сондықтан оны қабылдамаймын десек, бұл арада "ақиқатқа" қарағанда "мен" деген ұғымның маңызды екенін аңғарамыз. Пайғамбарлар Алланың аяттарын халыққа жеткізіп, оларға ескерту жасауға ғана міндетті екені анық. Олар тапсырманың нәтижесіне емес оны орындауға ғана жауапты болғандықтан, халықты ақиқатты қабылдатуға мәжбүр емес. Өйткені тура жолдан адасып, тозаққа түсетін адамдар өз еркімен істегендер және пайғамбарлар оған жауапкер емес.
وَلَن تَرْضَى عَنكَ الْيَهُودُ وَلاَ النَّصَارَى حَتَّى تَتَّبِعَ مِلَّتَهُمْ قُلْ إِنَّ هُدَى اللّهِ هُوَ الْهُدَى وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءهُم بَعْدَ الَّذِي جَاءكَ مِنَ الْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ اللّهِ مِن وَلِيٍّ وَلاَ نَصِيرٍ ﴿۱۲۰﴾
"(Мұхаммед с.ғ.с) олардың діндеріне ермейінше, яһуди де христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: "Әрине Алланың жолы сол тура",-де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас.(2:120)"
Қыбланың өзгеруі оқиғасынан соң яһудилердің мұсылмандарға деген реніштері одан сайын ұлғая түседі. Кейбір мұсылмандар да мәдинелік яһудилермен достықта өмір сүру үшін сол Бейт-ул-Мұқаддасты қыбла ретінде қалдырғысы келеді. Алайда қыбланың өзгеруі яһудилердің мұсылмандармен қарсыласуына сылтау болды, сөйтіп олар Исламды өздері ғана мойындамай, мұсылмандарды да діндерінен шығарып, яһуди етуге тырысты. Бұл аят, сендер мұсылмандарды өз ұстанымдарынан неғұрлым көбірек шегіндірсеңдер, соғұрлым кәпірлікке батасыңдар деген қағиданы қозғайды. Сондықтан діннің дұшпандарымен татуласпаған жөн.
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَتْلُونَهُ حَقَّ تِلاَوَتِهِ أُوْلَئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ وَمن يَكْفُرْ بِهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ ﴿۱۲۱﴾
"Біз өздеріне кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем ұлы және Хабаштықтар) Кім кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.(2:121)"
Құран өз қарсыластарына кездескенде үнемі әділет пен ынсапты сақтайды, сондықтан осы аятта: кітап иелерінің көбі Исламды қабылдамаса да, өз кітаптарын ақиқат деп санайтындар, Пайғамбар мен Құранның шындығына сенеді, дейді. Бұл аят, Құранды оқыған кезде әуені көңілге қонымды болғанымен, оны тек оқу жеткілікті емес, қайта адамның дұрыс жолға түсіп, бақытқа жетуі үшін Құран сөздеріне ой салу керек, сол кезде ғана Құран оқу пайдалы болады, дейді.
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُواْ نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ ﴿۱۲۲﴾ وَاتَّقُواْ يَوْمًا لاَّ تَجْزِي نَفْسٌ عَن نَّفْسٍ شَيْئًا وَلاَ يُقْبَلُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلاَ تَنفَعُهَا شَفَاعَةٌ وَلاَ هُمْ يُنصَرُونَ ﴿۱۲۳﴾
"Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді және сендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар.(2:122) Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреу күймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көре алмайды.(2:123)"
Бұл аяттардан үйренген тағылымдарға көз жүгіртіп өтейік:
Біріншіден, өзгелер тарапынан болса да ақиқатты қабылдауға тиіспіз. Өзің немесе өз тобыңның айтқаны шындық, ал өзгелердің айтқаны жалған деп ойламауымыз керек. Сондықтан ақиқат пен жалғанды адамға қарап емес, қайта адамдарды ақиқат пен жалған негізінде тануымыз керек.
Екіншіден, құдай елшілері адамдарға иманды күшпен қабылдату үшін емес, оларға ақыл-насихат айту үшін келген, сондықтан қате жолды таңдағандар ерікті болғандықтан, өз істеріне өздері жауапкер.
Үшіншіден, өзгелерді дінді қабылдауға шақырғанда діннің негізгі ережелерінен бас тартпау керек. Біз олардың талаптарына ермей, оларға жол нұсқауымыз керек.
Төртіншіден, тіпті қарсыластарға да қатысты әділетті сақтау қажет. Сондықтан да Исраил қауымын сынайтын аяттар "көпшілігі" немесе "кейбіреулері" деген сөздерді пайдаланып, олардың арасындағы ізгі жандардың құрметін сақтайды.