Қаң 01, 2017 21:31 Asia/Almaty
  • Бақара сүресі,  70-75 аяты

Бақара сүресі, 70-75 аяты


 

Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.

Осыдан бұрынғы аятта Исраил қаумында бір кісі құпия түрде өлімге ұшырап, оны өлтірген адамның белгісіз болғаны туралы айтылған еді. Алла тағала қылмыскер адамды көрсету үшін оларға сиыр бауыздауды бұйырады. Исраил қауымының бір тобы бұл талапқа мін тағып, келемеждеп, оның жасы мен түсі қандай деп сұрайды. Осылайша аяттың жалғасы сиыр жөніндегі оқиғаны және Исраил қауымының міншілдігін баяндайды.

 

قَالُواْ ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا هِيَ إِنَّ البَقَرَ تَشَابَهَ عَلَيْنَا وَإِنَّا إِن شَاء اللَّهُ لَمُهْتَدُونَ ﴿۷۰﴾ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لاَّ ذَلُولٌ تُثِيرُ الأَرْضَ وَلاَ تَسْقِي الْحَرْثَ مُسَلَّمَةٌ لاَّ شِيَةَ فِيهَا قَالُواْ الآنَ جِئْتَ بِالْحَقِّ فَذَبَحُوهَا وَمَا كَادُواْ يَفْعَلُونَ ﴿۷۱﴾

 

"Олар тағы: "Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз",-десті. (2:70) (Мұса ғ.с) расында Алла: "Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді",-деді. Олар: "Міне, әзір шындықты келтірдің",-десті. Сонда олар істегілері келмесе де оны бауыздады. (2:71)"

Исраил қауымына сиырды бауыздау тапсырылды. Бұл істі орындауға ешқандай шарт қойылмаған еді, өйткені олай болса аса дана Алла әу бастан-ақ шарттарын айтар еді, бірақ олар осы мәселеге селқос қарап, ақиқатты  жасырып, қылмыскер жасырылып қалмау үшін түрлі желеулер  айтып, өз міндеттерін қиындатады. Бұл аят, Исраил қауымының құдайтану білімі толық еместігін және ұлы пайғамбарлары хазірет Мұсаның (ғ) дәрежесін түсінбегендігін көрсетеді. Мұны біз олардың Алла мен Оның пайғамбарлары алдындағы арсыздығынан көреміз. Аяттың жалғасында, олардың кейбіреуі кісі өлтірушіні танығанын және оқиғаның мән-жайын білгенін аңғартады. Өйткені аят "сендердің жасырғандарыңды Алла біледі" деп ескереді.

 

 

 

وَإِذْ قَتَلْتُمْ نَفْسًا فَادَّارَأْتُمْ فِيهَا وَاللّهُ مُخْرِجٌ مَّا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ ﴿۷۲﴾ فَقُلْنَا اضْرِبُوهُ بِبَعْضِهَا كَذَلِكَ يُحْيِي اللّهُ الْمَوْتَى وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ ﴿۷۳﴾

 

"Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарады. (2:72) Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп, сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар. (2:73)"

Бұл аят, басқалардың Алланың құдіретінің белгілері арқылы қияметке ой салып, Алланың қалаған ісі болатынын білулері үшін өлілерді тірілтудегі Алланың күшінің бір үлгісін баяндайды. Қазіргі замандағы әйгілі тәпсірлеуші марқұм Әлломе Табатабаи Исраил қауымының сиыры және оларға Алла тарапынан келген бірнеше мұғжиза туралы аяттарды қорытындылай келе: "Исраил қауымы материалдық тұрмыс пен өмірдің сырт көрінісіне салынып кетіп, рухани ақиқаттарға мән бермей қойған еді. Исраил ұрпақтары қазір де дәл осындай. Олар материалдық байлықтарға құнығып, қарама-қайшы мінездер көрсетеді. Олар өз нәпсісіне сәйкес кез-келген әрекетті – өмір сүру деп мақтайды",-деп жазған. Осыған байланысты қазіргі таңда "сезім" мен "затқа" негізделген Батыстың материалистік өркениеті адамзатқа қауіп төндіріп, ақиқатқа мән бермей отыр.

 

 

 

ثُمَّ قَسَتْ قُلُوبُكُم مِّن بَعْدِ ذَلِكَ فَهِيَ كَالْحِجَارَةِ أَوْ أَشَدُّ قَسْوَةً وَإِنَّ مِنَ الْحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنْهُ الأَنْهَارُ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخْرُجُ مِنْهُ الْمَاء وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَهْبِطُ مِنْ خَشْيَةِ اللّهِ وَمَا اللّهُ بِغَافِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ ﴿۷۴﴾ أَفَتَطْمَعُونَ أَن يُؤْمِنُواْ لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقٌ مِّنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلاَمَ اللّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُ مِن بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ ﴿۷۵﴾

 

"Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе одан да қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес. (2:74) (Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үміт қыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бар еді. (Ғалымдары) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұхаммедтің (с) сипаттарын) біле тұра өзгертті. (2:75)"

Осы аят көркем сөзбен "қатты жүректерді" – тастан да қатты деп сипаттайды. Тас кейде жарылып, ортасынан су ағады немесе қозғалады, алайда олардың көбінің жүректері жақсылық істеймін деп толғанбайды да, Алланың үкімдеріне бойсұнып, қорықпайды. Мұндай қаталдық қатыгездіктен және құдайдың заңдарын бұзу нәтижесінде пайда болған. Ислам діні келген алғашқы кезеңде яһудилер Исламды өзгелерден бұрын қабылдайды деп күтілді. Өйткені олар дінсіз емес, илаһи кітапқа ие қауым еді. Олар өз кітаптарынан Ислам пайғамбарының  ерекшеліктерін оқыды. Аяттың жалғасында Исраил қауымы жөніндегі оқиғаның соңында мұсылмандарға: "Яһудилер Ислам дінін қабылдап, мойындайды деп үміттенбеңдер. Өйткені олар хазірет Мұсамен (ғ) бірге Тұр тауына барып, Алланың  сөзін  естіп, оның ережелерін түсіне тұра, қайтадан теріс жолға түскендердің ұрпақтары",-дейді. Осы аят  ғұламалардың қоғамға тигізетін бір қатері халыққа ақиқатты бұрмалап көрсетуі дейді. Олар ақиқатты білгенімен өзгелердің ақиқатты түсінуіне мүмкіндік бермейді.