Босқындық – соғыс пен қатыгездіктің салдары 2: палестиналықтардың босқындығы қалай басталды?
Осыдан 67 жыл бұрын, яғни 1948-ші жылы Израиль режимінің құрылуымен палестиналық тұрғындардың 85 пайызы үйлері мен отандарын тастап, олардың мыңдаған тұрғыны босқынға айналып, мыңдағаны өліммен бетпе-бет келді.
Шын мәнінде бұл жағдай Бальфур декларациясы бекітілген 1917-ші жылы басталды. Сионистер Швейцарияның Биль қаласында өткен өздерінің бірінші конгресінде көптеген келіссөздер мен кеңесулерінен кейін қарар бекітіп, Палестина жерлерін өздері қоныс аударатын аймақ ретінде таңдап, бұл жерлерді Израиль жерлері деп атады. Сөйтіп, Бальфур декларациясының бекітілуімен Палестинаның қиындықтары басталды. Аталмыш келісім 1917-ші жылы Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Артур Джеймс Бальфурдің Ұлыбритания еврейлерінің басшысы Уолтер Ротшилд жолдаған хаты ретінде баяндалды. Бұл хатта Ұлыбритания королі Палестинада еврейлердің ұлттық отанын құруға келісімін жариялап, бұл мақсатқа жетуді жеңілдету үшін Ұлыбритания тарапынан көмектесу туралы уәде берілді. Дэвид Херст өзінің «Қару және зәйтүн бұтағы» атты еңбегінде: «Ағылыш тілінде 117 сөзден аспаған, сырт көзге қарапайым қысқа хат тарихи оқиғаларда мақсатсыз өзгерістерге себеп болды»,- деп жазды. Бальфур декларациясы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұлыбританиялық күштер Палестинаны билеп-төстеу мақсатында Осман үкіметімен қақтығысып отырған жағдайда бекітілді. Ұлыбритания Палестинаның Жерорта теңізін Қызыл теңізге қосатын Суэц каналына жақын болуына байланысты бұл елді өз бақылауына алуды мақсат етті. Ұлыбртианиялықтар Бальфур декларациясы Ұлыбритания мен АҚШ және басқа да мемлекеттердегі еврейлерді көмектесуге жігерлендіреді деп ойлады. Бальфур келісімі бекітілгенінен бір ай өткен соң ұлыбританиялық күштер Палестинаны басып алды. Сөйтіп бұл жерлерді толық өз қолына алу үдерісін 1918-ші жылдың қыркүйек айында толықтырды. Нәтижесінде Бальфур декларациясын іске асыруды бастады. Осы салада олар еврейлерді Палестина жерлеріне қоныс аударуға жігерлендіріп, еврейлерге Палестина жерлерін өз бақылауларына алуға рұқсат берді. Ұлыбританияның протекторатыкезінде бекітілген Бальфур декларациясы палестиналық арабтардың қалауларына қарсы болып, бір елдің толық басып алынуы мен бір халықтың толық босқынға айналуына жол ашты. Ұлыбритания өзінің Палестинадағы протектаораты кезінде басқа мемлекеттерден Палестинаға қоныс аударған еврейлерге көп көмек көрсетіп, сол жерде олардың санын көбейтуге әрекет жасады. Алайда Ұлыбританияның сионист достарына көрсеткен көмектері тек мұнымен шектелмеді. Ұлыбритания сионистерді жаңа қару-жарақпен жабдықтап, оларды әскери тұрғыдан жаттықтырды. Ұлыбританияның күштері өз жобаларымен еврейлердің жағдайын күшейтіп, бірте-бірте Палестина жерін өзінің негізгі халқынан босатты. Ұлыбританияның қолдауымен сионистердің қарулы күштері 1948-ші жылдың 10 сәуір күні Дейр Ясин ауылына шабуыл жасап, бұл ауылдың 205 тұрғынын дене түршіктірерлік түрде қырды. Сол кезде ұлыбританиялық күштер сол жерге жақын орналасып, барлық нәрседен хабардар болғанымен еш шара қолданбады. Ұлыбританияның қолдауымен іске асырылған сионистердің келесі қылмысына Насреддин ауылы тұрғындарын қырып-жоюлары жатады. Сионистер аталмыш ауылдың барлық тұрғынын өлтіріп,олардың үйлерін өртеп, осы бір араб ауылын толығымен жойды. Сөйтіп палестиналықтардың жерлері отаршылардың арнайы жобаларымен босатылды. Нәтижесінде араб жерлерінің көптеген аймақтары сионистердің қол астына түсіп, палестиналықтардың көбі отандары мен үйлерінен кетіп, Ливан, Сирия, Мысыр және Йорданиядан пана іздеулеріне себеп болды. Палестина жерлеріндегі Ұлыбританияның протектораттық кезеңі аяқталысымен бұл мемлекеттің әскері Палестинадан шыққан 1948-ші жылдың 15-ші мамыр күні Палестинаның территориялық біртұтастығын «Штерн», «Хагана» және «Иргун» сынды лаңкестік сионистік топтардың ықтиярына тапсырды. Сөйтіп палестиналықтардың трагедиясының жаңа кезеңі басталды. Бұл топтар палестиналықтарға қарсы көптеген қантөгістер ұйымдастырып, олардың 61 пайызының өз отанынан басқа елдерге қашуына себеп болды. Палестиналықтар өз үйлері мен туған жерлерінен қашқан кезде олардың босқындығы 70 жылға созылып, олар өз отандарына қайтып оралу құқықтарынан айрылатындықтары туралы ойламады. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы басынан бастап босқындарға шығындарын төлеумен бірге оларды өз отандарына қайтаруға қатысты бірнеше қарар бекітті. Бірақ сионистік режим әрдайым оларды қабылдамады. Бірінші рет 1948-ші жылдың мамыр айының 14-і күні сионистік режим үкіметінің құрылуы туралы ресми жарияланғаннан бір күннен кейін граф Фольк Бернадотт БҰҰ тарапынан арағайындық етуші міндетке сайланды. Ол аймақты аралап, аймақ елдеріндегі палестиналық босқындардың жағдайынан хабардар болған соң сол жылдың 16-шы қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының қарастыруын Палестинаның жағдайы туралы есеп тапсырды. Бернадотт БҰҰ Бас ассамблеясына палестиналық босқындардың отандарына оралуы мен шығындарын қайтарып алу сынды шартсыз құқықтарын құрметтейтінін жариялады. Ол бұл туралы: «Күндердің бірінде кетуге мәжбүр болуға байланысты болған палестиналықтардың отанына оралу құқықтары ресми түрде қабылданбайды. Бұл әділетсіз жол. Егер күнәсіз құрбандардың үйлеріне оралу құқықтары бұзылса және еврейлердің Палестинаға қоныс аудару толқыны арта түссе палестиналық босқындар қатерге тіреліп, әділеттің негізі тапталады»,- деді.Бернадоттың сөздері Бас ассамблеяның 194-ші қарарды бекітуіне көп әсерін тигізді. Сол кезден бастап БҰҰ-да палестиналық босқындарға қатысты көптеген қарар жарық көрді. Олардың арасында 1950-ші жылдың желтоқсан айындағы 302-ші, қаңтар айындағы 512-ші қарарды, сондай-ақ 242-ші және 338-ші қарарларды атауға болады. Алайда олардың ең маңыздысы 194-ші қарар саналады. 1948-ші жылдың желтоқсан айында бекітілген аталмыш қарардың 11-ші бабында: «Бас ассамблея отандарына оралып, көршілерімен бейбіт өмір сүру мақсатына ие босқындарға бұл шешімдерін орындауға рұқсат береді. Ал отандарына оралмайтындарға айрылған мүліктерінің шығыны төленеді»,- деп жазылған. 194-ші қарардың маңыздылығы сондай, оны 1948-ші жылдан 2000-шы жылға дейін халықаралық қоғам 135 рет қуаттады. Бірақ сионистік режим 1948-ші жылдан бері арсыз түрде әртүрлі сылтаулармен бұл қарарды қабылдамай: «БҰҰ қаржы мен бюджеттен басқа мәселелерге қатысты елдерді міндеттейтін қарар бекіте алмайды»,- деп жариялады. Сионистер «Палестиналықтар израильдік азаматтар емес. Сол себепті олардың қайтып оралу құқықтары жоқ. Женева конвенциясында қарастырылған қайтып оралу туралы мәселе жеке адамға емес, қоғамдық оралуға қатысты. Палестиналық босқындардың қайтып оралуы олардың санына әсер етіп, Израильдің еврейлік болмысын жояды» деген уәж айтады. Алайда сионистердің бұл саладағы барлық әрекеттеріне қарамастан өткен жылдардағы мәліметтер соғыс пен қантөгістерге алаңдаушылық білдіріп, басып алынған жерлердің келешегіне үмітсіздік танытуларына байланысты сионистердің бұл жерлерден кетіп жатқандарының көбейгенін көрсетіп отыр. Сонымен бірге бұл жерлерге қоныс аударуға мәжбүрлеу де азайды. Жарияланған мәліметтер бойынша басып алынған жерлерде өмір сүретін палестиналықтардың саны еврейлердің санынан кемінде 4 пайызға төмен екенін көрсетеді. Осыған орай сионистер еврейлер санын көбейту мақсатында оларды бұл жерлерге қоныс аударуға жігерлендіруде. Олар өздерінің бұл әрекеттерімен бұл жерлердің халқының болмысын өзгертуге әрекет жасауда. Бірақ еврейлердің агенттігі бұл салада еш уақытта нәтижеге жетпеді. Еврейлердің көбі қорқақтап, ақиқаттың агенттіктің уәждеріне сай келмеуіне алаңдап, дүниеге көбірек бала әкелуден бас тартады. Олар сондай-ақ, отандарына қайтып оралудан тартынып, сионистердің арсыз жобаларын іске асыруларына кедергі болуда.