Босқындық – соғыс пен қатыгездіктің салдары 1: XXI-ші ғасырдағы босқындық құбылысы
Нау 06, 2016 19:31 Asia/Almaty
Адамзат қоғамның ең жаман құбылысы соғыс деп аталады.
Соғыс, яғни саяси, экономикалық және жеке мүдделерге жету мақсатында орын алатын қоғамдағы адамдардың, мемлекеттердің және топтардың арасындағы қарулы күрес. Соғыс тек қырып-жою мен қирату ғана емес. Оның көптеген басқа да салдарлары бар. Соның бірі – адамдардың босқынға айналуы. Сенуге қиын мәселе болар, бірақ осы кезде әлемде билікке ие болу мақсатында өтіп жатқан қақтығыстар мен соғыстардың жалыны шамамен 60 миллион халықты босқына айналдырды. Егер 60 миллион адам бірге жиналса әлемнің халқының саны көп 24-ші мемлекеті бола алатын еді. БҰҰ Жоғары комиссарының әлемдік босқындар күніне арналған босқындарға қатысты жыл сайынғы есебі аталмыш мәселені растады. Бұл есеп дүниежүзінің бүгінгі жағдайын бұрын-соңды болмаған деп бағалап: «Босқындардың жағдайы іс жүзінде бүгінде бақылаудан шықты»,- деп ескертті. Өйткені қазіргі кезде бүкіл әлем соғыста деп айтуға болады. Аталмыш мәлімдеме бойынша 2014-ші жылдың соңына дейін 59 миллион 500 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 19 миллион 500 мың адам басқа елдерге босқын болып кетті. Сондай-ақ, 1 миллион 800 мың адам саяси пана іздеп, елдерінен кетті. Босқындар ісінің жоғары комиссары тарапынан жарияланға есеп бойынша тек өткен 2014-ші жылы 13 миллион 900 мың адам өз үйлері мен туған мекендерінен кетіп, босқынға айналды. Яғни, әлемдегі босқындардың саны көбейді. Осыған дейін олардың саны мұндай мөлшерде көбеймеген еді. Аталмыш халықаралық органның жариялауы бойынша, 60 миллион халықтың босқынға айналуы қақтығыстар мен соғыстардың, қырып-жоюлар мен зорлық-зомбылықтардың, ішкі қатыгездіктер мен адам құқығы бұзылуының салдары. Босқындардың санына шолу жасау арқылы 21-ші ғасырда дүниежүзінде әр 122 адамның біреуінің босқын екенін байқауға болады. Босқындар істері жөніндегі БҰҰ-ның Жоғары комиссары Антонио Готрес босқындарға қатысты есеп жарияланғаннан кейін журналистерге: «Бұл жағдайға көңіл бөлген әр адам бүкіл әлемнің соғысқа шырмалғанын оңай түсінеді. Шын мәнінде әлем аймақтарының көбі талан-таражға түсіп, оның нәтижесі босқындар саны мен адамдардың қиындықтарының көбеюіне себеп болуда»,- деді. 2014-ші жылдың соңындағы Amnesty International халықаралық ұйымының есебі де екінші дүниежүзілік соғыстан бері әлемнің түкпір-түкпірінде босқындар мен қақтығыстарда құрбан болған әскери емес қарапайым халық санының мұншама көбеймегенін көрсетті. Ирак, Сирия, Украина мен Солтүстік Африкада миллиондаған адам босқынға айналды. 2014-ші жылдың қаңтар айында Орталық Африка республикасының астанасы Бангиде «Балакаға қарсы» содырлары сол елдің мұсылман халқына шабуыл жасады. Орталық Африка республикасының жер-жерінде әскери емес жүз мыңнан астам адам қатыгездіктерден қашып, қоныс аударды. Сол жылдың тамыз айында Иракта жүз мың изади күрдтер ИСИМ лаңкестік тобының зорлық-зомбылықтарынан қашты. Шамамен үш мың изадилер жаяу Санджар тауларын паналады. Сондай-ақ, 2014-ші жылдың желтоқсан айында Бокохарам тобы Нигерияның солтүстігіндегі ауылдарда халықты қырып-жойып, көршілес елдерге қарсы шабулдарын көбейтіп, мыңдаған адамның босқынға айналуына себеп болды. Францияның Amnesty International халықаралық ұйымының Франциядағы бөлімінің басшысы Женевьев Гарриго өзінің сұхбатында: «Қара жыл» деп аталған 2014-ші жылы қақтығыстардың түрі өзгерді. Қарулы топтар мен үкіметтер қарапайым әскери емес халықты нысанаға алып, оларға қарсы қылмыс жасады. Бұл халықаралық заңдарға қайшы келеді»,- деді. Қарапайым халықтың қырылуымен бірге әлемнің түкпір-түкпірінде босқындар санының көбеюі Amnesty International ұйымының алаңдаушылықтарын күшейткен ең маңызды мәселелердің бірі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі уақытта босқындардың саны мұншама көбеймеген болатын. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гуттерестың айтуы бойынша Сирия мен Ирактағы үлкен дағдарыстар мен жаңа дағдарыстардың көбеюі, сондай-ақ бұрыннан бері келе жатқан дағдарыстардың аяқталмауы осы кезде босқындардың жағдайының нашарлауына соқтырды. Гуттерес өз есебінде «сириялықтар бірінші рет ауғандықтардан озып, әлемдегі ең көп санды босқындарға айналды. Осыған дейін 30 жыл бойы ауғандықтар әлемдегі ең көп санды босқындар болып саналды. Ливия мен Йемен – 2014-ші жылы босқындарының саны артқан келесі екі араб мемлекеті. Экстремистер мен Ливия үкіметіне қарасты әскери жасақтар арасындағы қақтығыстар өткен екі жылда көптеген ливиялық жанұялардың Траблустағы үйлерін тастап кетуіне себеп болып, бұл елде бір миллионнан артық адам босқындардың қатарына қосылды. Йемен мемлекетінде де өткен екі жылда соғыс пен ішкі қақтығыстарға байланысты босқындарының саны көбейді. Хусиліктер мен такфиршілердің арасындағы қақтығыстардың күшеюі мен өткен бірнеше айда Сауд Арабиясының бұл елдің тұрғын аймақтарына жасаған рақымсыз шабуылдарының күшеюіне байланысты бұл үдеріс өрістеді. БҰҰ ресми өкілінің орынбасары Фархан Хақ 2014-ші жылдың тамыз айында: «Әл-Джауф аймағында хусиліктер мен такфиршілердің қақтығыстарының салдарынан 650 жанұя, яғни шамамен 5 мың адам босқынға айналды» деп мәлімдеді. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комитетінде палестиналық босқындардың жағдайына назар аударылмаған. Өйткені палестиналық босқындарға жедел көмек көрсететін агенттік жауапты. Бұл Агенттік 2014-ші жылдың сәуір айында: «Осы кезде шамамен 6 миллион палестиналық босқынға айналған. 2020-шы жылдың соңына дейін олардың саны 7 миллионға жетеді деп болжануда. Израильдің Газаға қарсы соңғы соғысының салдарынан Газа халқының 500-ден астамы босқындардың қатарына қосылды. Таяу шығыс аймағында босқындар санының көбеюімен тұспа-тұс Африка елдері де осы мәселеге шырмалып отыр. БҰҰ өзінің есебінде: «Африканың жағалауындағы елдердегі дағдарыстар босқындар санын екі есе арттырып, олардың саны үш жарым миллионға жетті»,- деп жариялады. 2014-ші жылдың басында БҰҰ-ның гуманитарлық көмектерді ұйымдастыратын органдары Африка жағалауындағы тоғыз елдегі, атап айтқанда Буркинфасо, Камерун, Чад, Гамбия, Мали, Мавритания, Нигер, Нигерия және Сенегалдағы босқындар санын 1 миллион 600 мың деп жариялаған. Бұл аймақта азық-түлік қауіптілігі, тамақ тапшылығы және әртүрлі жұқпалы аурулармен бетпе-бет келіп отырған дүниежүзінің ең кедей елдері орналасқан. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және жағалау аймағында БҰҰ-ның гуманитарлық көмектерін ұйымдастырушы Роберт Питер аймақта ұзаққа созылған дағдарыстарға байланысты босқындар санының көбеюі туралы ескертті. Ол басапсөз маслихатында: «Жағалау аймағының жер-жерінде халықтың көбі дағдарыстардың салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болуда»,- деді. Ол Нигерияның солтүстік-шығысындағы Бокохарам тобының қатыгездіктеріне тоқталып: «Бұл елдің халқының көбісі үйсіз қалып, босқындардың қатарына қосылды»,- деп баса айтты. Қазіргі кезде Түркия әлемнің соғыс босқындарының көбісін қабылдап отыр. Түркияда дүниежүзіндегі босқындардың шамамен 11 пайызын құрайтын 1 миллион 600 мың босқын қоныстанып отыр. Пәкістан мен Ливан сынды елдер де шетелдік босқындарды өз жерлерінде қабылдап, Түркиядан кейінгі орындарды иемденіп отыр. ИИР да жылдар бойы босқындарды қабылдап, өз жерінде орналастырған мемлекеттердің бірі. Әрине босқындар дағдарысы олардың өздері мен қабылдаған елге де қиындықтар тудырады. Босқындар өмір сүретін мекен, медициналық-гигиеналық проблемалар, азық-түлік пен ауыз судың тапшылығы сынды мәселелермен кезігеді. Сонымен бірге босқындар, әсіресе олардың арасындағы әйелдер мен қыздар кейбір аймақтарда жыныстық және физикалық қатыгездіктермен кезігеді. Ал балалар білім алудан мақұрым қалады. Адам құқығының инспекторлары осы кезде әлем босқындарының қазіргі жағдайын сынап: «Кейбір мемлекеттердің басшылары босқындар мен эмигранттарды төзуге болмайтын жағдайда өліммен бетпе-бет қалдырады»,- деп мәлімдеді. Әрине әртүрлі проблемаларға ие босқындар қоныс аударып келіп жатқан елдер мен қалаларға дағдарыс тудырып, көптеген әлеуметтік қиындықтар әкеледі. Сол себепті ілемдегі босқындар санының көбеюі үлкен адами апатқа айналуы мүмкін деп айтуға болады. Осыған орай Amnesty International халықаралық ұйымының Бас хатшысы Салил Шетти босқындар мен эмигранттанр құбылысын 21-ші ғасырдың ең жаман құбылысы деп атап, әлемнің барлық елдерінен босқындарға қатысты жауапкершілік танытуды сұрады.
Тегтер