Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 8
Мешіттің акхамдары мен әдептерінің біріне мешітке кірген соң Құдайдың үйіне лайық әдеп пен құрметті сақтау үшін «тахийят» намазын орындау жатады. Осылайша мүмін адам мешітке кіріп, отырмас бұрын «тахийят» намазы ретінде екі рекет намаз оқиды. Көптеген фақиһтердің айтуы бойынша, «тахийят» намазының мақсаты мешітте намазсыз отыру арқылы қасиетті мекенге құрметсіздіктің көрсетілмеуін көздейді.
Егер естеріңізде болса, алдыңғы бағдарламаларда илаһи діндердің, әсіресе ислам дінінің негізгі тіректерінің бірінің ғибадат екендігін, ғибадаттың маңызды бөлігінің Құдаймен сырласу екендігін айттық.
Осы сырласудағы маңызды жайтқа жүректің құзыры мен рақымды Құдайға риясыз көңіл аудару жатады. Бірақ жүректің құзыры мен оны сақтау оңай емес. Ол көптеген шарттар мен факторларды қажет етеді. Ғибадат мекені сондай шарттардың бірі. Мешіттен артық қандай мекен болуы мүмкін?! Сол себепті де Құран Кәрімде мешіт туралы айтылған әрбір жерде оның ғибадаттық қырлары осы қасиетті мекеннің бастапқы және іргелі рөлі ретінде қуатталған. Құдай «Ағраф» сүресінің 29-аятында: «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де (29)» дейді.
Осы аяттан мешіттің риясыз табыну орталығы екендігін және риясыз табынудың белгісінің намаз оқу екендігін анық түсінуге болады. Пәк жетекшілер де Құран негізінде мешіттің ғибадаттық аспектілерін көп қуаттаған.
Бұл мекенде Пәруәрдігерге ғибадат етіп, жүректің құзырын қалыптастырып, оны сақтау үшін мешітке қатысты ахкамдар мен әдептер тағайындалған.
Сондықтан ислам дінінің ахкамдарында мешіттің осындай рөл атқаруына тосқауыл болуы мүмкін кез келген іс айыпталады.
Мешіттің акхамдары мен әдептерінің біріне мешітке кірген соң Құдайдың үйіне лайық әдеп пен құрметті сақтау үшін «тахийят» намазын орындау жатады. Осылайша мүмін адам мешітке кіріп, отырмас бұрын «тахийят» намазы ретінде екі рекет намаз оқиды. Көптеген фақиһтердің айтуы бойынша, «тахийят» намазының мақсаты мешітте намазсыз отыру арқылы қасиетті мекенге құрметсіздіктің көрсетілмеуін көздейді.
Бұл мәселе мешітте отырып, дүниауи мәселелер туралы сөздер және істермен айналысудың жөнсіз екендігін көрсетеді.
Бірақ, мешіттің "тахийят" намазының тәуелсіз намаз болуы қажет емес. Адам мешітке кірер алдында және отырудан бұрын уәжіп намаз болсын, мұстахып намаз болсын оқыса, жеткілікті.
Негізінде, уәжіп намазын немесе мұстахып намазын орындау мақсатында мешітке келетін адам мешітке кіріп, тізе бүкпестен бұрын намаз оқуды бастаса, шын мәнінде мешіттің тахийят намазын орындағаны саналады.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) қадірлі сахабасы Абузар Ғаффари былай деген: «Бір күні Алланың елшісін мешітте кездестірдім. Ол хазірет: «Уа, Абузар! Мешіт өзіне лайық ерекше сәлем мен тахйиятқа ие» деді. «Мешіттің "тахийяты "не?» деп сұрадым. "Екі рекет намаз оқу» деді». Сол себепті «тахийят» намазын шын мәнінде мүміннің мешітке берген сәлемі деп айтуға болады. Бұл іс Құдайдың үйіне құрмет пен тағзым ету саналады.
Намазхандар осы ғамалдары арқылы мешіт ақыл мен сезімге ие және адам қалай болса, солай кіріп-шығатын жай мекендер сынды емес дегенді көрсетеді.
Құрметті оқырмандар, бағдарламаның жалғасында өткен бағдарламада бастаған мұсылмандардың арасындағы үшінші қасиетті мешіт саналатын әл-Ақса мешітінің келесі бөліктерін таныстырамыз.
Алдыңғы бағдарламада айтылғандай, бүгінде осы атпен танымал мешітке әл-Ақса мешіті атауының тиесілігі жаңа сөз.
Әл-Ақса мешіті – Құдс қаласының көне бөлігінің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан кішкентай төбе. Оған қоршаулар мен мұнаралар және қорғаныстық құрылғылар бекітілген.
Бұл төбенің оңтүстік бөлігінде жасыл түсті күмбезді мешіт орналасқан. Бүгінде ол әл-Ақса мешіті деп мәшһүр. Бірақ жоғарыда айтылғандай, бұл мекен әл-Ақса мешіті деген атаумен аталғанымен, әл-Ақса мешітінің барлығы емес, тек исламда қасиетті саналған әл-Ақса мешітінің бір бөлігі ғана.
Бұл қасиетті мекеннің танымал құрылыстарының бірі Ғоббат ас-Сахра деп аталады. Ғоббат ас-Сахра – сегіз бұрышты құрылыс. Оның үстінде алтын түстес күмбез орналасқан.
Бұл мекен әл-Ақса мешіті орталығының сол жағында орналасқан әрі оның ең биік мекені саналады.
Оның Ғоббат ас-Сахра деп аталуының себебі жартастың болуына байланысты. Тарихи деректер бойынша исламның ұлық пайғамбары миғраж түні соның үстінен миғражға көтерілген. Насыр Хосроудың «Сапарнамасында» пайғамбар мешітке енген сәтте жерден көтеріліп, көтерілген соң сол тас жер мен аспанның ортасында ілініп қалған деген уәж айтылған.
Бұл жартастың төменгі бөлігінде шамамен он адам сол жерде намаз оқи алатын үңгір бар. Сол себепті сол кеңістікті «Жартас мешіті» деп атайды. «Жартас мешітінің» едені Ғоббат ас-Сахраның еденінен шамамен 3 метр төменірек
Ғоббат ас-Сахраның ішінде орталықтанған екі дөңгелекте екі қатар бағана орналасқан. Кішкентай дөңгелектің үстінде төртбұрышта 4 үлкен бағана, олардың ортасында да жалпы саны 12 қарапайым бағана орнатылған.
Дөңгелектердің бағандарының үстіне күмбез орнатылған. Бағандардың арасы ағаш баспалдақ және шарбақтың көмегімен бір метрден артық биіктікпен қоршалған.
Шын мәнінде бұл баспалдақ қасиетті жартасты сақтау мақсатында салынған.
Күмбездің ішкі деңгейінде 240 метр ұзындықта куфа жазуымен жазылған діни жазба бар. Бұл жазба Құран Кәрімаяттары мен ғимарат құрылысының салыну тарихына қатысты дәлелдерді қамтиды.
Күмбездің сыртқы деңгейі алтынмен жалатылып, үнемі сары түспен жалтырап тұратын арнайы қоспамен жабылған.
Ғоббат ас-Сахра – бүгінде әл-Ақса мешітіндегі әйелдер намаз оқитын намазхана. Ол жер бетіндегі ең әдемі қасиетті мекендердің бірі.
Бұл мешіт төрт жағынан сегіз баспалдақпен мешіттің алаңымен байланысатын платформаның үстінде орналасқан.
Баспалдақтар «мавазин» деп аталады. Баспалдақтардың кейбіреуінің ұзындығы үлкен әрі өте әдемі сәулет өнерімен салынған. Мешіттің архитектурасы қасиетті жартастың табиғи жағдайын сақтап, оның айналасындағы тік ылдиды түзеткен.
Ғоббат ас-Сахраның шығысында «Ғоббат ас-Селселе» деген атаумен кішкентай күмбез орналасқан. Ол алты бағанға орнатылған. Бұл жерде хазірет Дәуіт таңертеңгілік және кештерде соның үстіне отырып, халықтың жағдайын біліп, олардың арыз-шағымдарын тыңдап, алауыздықтары мен келіспеушіліктерін шешіп, шариғат үкімдерін шығарып, соларды орындатқан үлкен тақта тас болған. «Сад» сүресінің 26 аятында хазірет Дәуіттің бұл сипатына сілтеме жасалған.
Куббат ас-Сахраның батысында да «Ғоббат ал-Мирадж» деп аталатын келесі бір күмбез бар. Бұл ардақты пайғамбардың аспанға көтерілуінің естелігіне арналып салынған.
«Пырақ дуалы» – әл-Ақса мешітінің келесі бөлімдерінің бірі. Оның аталуының себебі исламның ардақты пайғамбарының Борақ деген атының миғраж кезінде осы дуалға байлануына байланысты.
Сол оқиғаның құрметіне мұсылмандар осындай атаумен сол мекенде мешіт салған. Бірақ, сионистер «Пырақ дуалы» Сүлейменнің храмынан қалған бөлік деген уәж айтады.
Олар осы уақытқа дейін көптеген қазба жұмыстарын жасағандарына қарамастан ешбір дәлел тапқан жоқ.
Еврейлер көптеген жылдар бойы дін азаттығы мен мұсылмандардың өздеріне қатысты аяушылықтарын пайдаланып, яхуди қауымының хазірет Мұсаға бағынбаушылық танытқандарының орнын толтыру үшін сол дуалдың қасында жылап, зарлайтын болды.
Ол кезде яһудилердің саны өте аз еді. Олар тұрған жаяу жолдың ені төрт-ақ метр болған.
Англияның басшылығы кезінде еврейлер осы мекенге қолсұғушылық жасап, оған иеліктері туралы уәж айтты. Бұл уәждер 1929 жылы палестиналықтардың оларға қарсы «Борақ» көтерілісі деген атпен жасалған көтеріліске ұласты.
Сол көтерілісте 116 мұсылман шәһид болып, шамамен 232 адам жарақат алып, мыңнан астам палестиналық құрықталды.
Палестиналықтардың рақымсыз қырылуы халықаралық ақиқатты анықтау комитетінің құрылуына себеп болды. Бұл комитет зерттеулерінің соңында 1930 жылдың қаңтар айында бұл жердің иелігін мұсылмандарға тиесілі деп жариялады. Соған қарамастан сионистер бұрынғысынша әл-Ақса мешіті Сүлеймен хазіреттің храмының қирандысының үстіне салынған деген уәждерін қайталап, оны қиратып, хазірет Сүлейменнің храмын қайта салу мақсатындағы талпыныстарын жалғастыруда.