Аптаның экономикалық журналы (94)
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бір баяндамасында ғылыми күш-құдірет пен мықты экономиканы Иран елі мен халқының мақтаныштарының қатарына жатқызып, Ислам революциясының маңызды мақсаттарын тәуелділік пен артта қалушылықтан құтылу деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осы аптада Құм қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде Ислам революциясының маңызды мақсаттарының бірін тәуелділік пен артта қалушылықтан құтылу деп атады. Хазірет елдің төрт элементтен тұратын мақтаныштарының бірі ретінде мықты экономиканың маңыздылығы туралы: «Санкциялардың басты мақсаты экономикалық қиындықтар тудыру, халыққа қысым жасап, оларды жүйеден бөлу болып табылады. Тіпті санкцияларды жою кезінде де осы қиыншылықтарды сақтап қалу үшін әрекет етеді» деді.
Ислам революциясының жетекшісі «қарсыласу экономикасының» дұшпанның осы қастығына қарсы әрекет болып табылатынын еске салды. Жетекші егер елдердің экономикасы мықты болса, сол елдің ұлттық валютасының құны жоғарылап, оның халқы мен басшыларының да беделінің артатынын қуаттады.
Экономиканы нығайтудың басты жолдарының бірі мұнайдан түсетін табысқа тәуелділіктен арылу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, мұнайдан түсетін кіріс оңай табыс көзі болғанымен бөгделердің мұнайға тәуелді болып отырған елдерге қарсы қысым құралына айналуы мүмкін. Мұның бір мысалын соңғы үш жылда мұнай бағасы күрт төмендеген кезде мұнайға тәуелді елдер ауыр шығынға ұшырағаннан кейін туындаған материалдық дағдарыстан көруге болады. Бұл құбылыстың мысалы ретінде Венесуэла мен Нигерия елдерін атап өтуге болады. Тіпті мұнай бағасын төмендету және өз үлесінен артық өндіру арқылы мұнай нарығын өз ықтиярына алып, бәсекелестерге соққы беруге талпынған Арабстан сияқты елдер соңында өздері дағдарысқа ұшырап, қазір өз елдеріндегі жүздеген миллиард долларлық бюджет жетіспеушілігінің орнын толтыруға мәжбүр болып отыр.
Қарсыласу экономикасының жалпы саясаттарының басты мақсаттарына шолу қарсыласу экономикасының тұрақты әрі мақсатты экономикалық жүйенің объективті үлгісі бола алатынын, сондай-ақ, экономикалық белсенділер үшін лайықты мүмкіндіктер тудыра алатынын көрсетті.
Қазіргі қиын жағдайда білім мен технологияға негізделген әрі тұрақты және алға ұмтылатын экономика ғана дағдарыстар және қиындықтармен күресе алады. Өндіріс үлесін арттыру, тауарларды экспорттау, ғылыми қызметтер, экономикада өнімділікті арттыруға назар аудару, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, экономиканың бәсекелестікке жарамдылығыннығайту – осылардың барлығы қарсыласу экономикасында назарға алынған мақсаттардың қатарын құрайды. Басқа елдермен, әсіресе аймақтық елдермен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту, тауар өндірісі мен экспортын арттыру мақсатында елдің еркін сауда аймақтарында көрсетілетін қызметтердің түрлерін көбейту, аймақ пен әлем елдерімен ынтымақтастық пен серіктестікті кеңейту Иранның экономикалық дипломатиясындағы келесі мақсаттардың қатарын құрайды. Осы шеңберде Иран стратегиялық серіктестерді таңдау, сату тәсілдеріне түрлілік енгізу, сонымен қатар, әлемнің мұнай және газ нарықтарына ықпал ету мен өндіріс мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында елдің стратегиялық мұнай-газ қорларын, әсіресе, ортақ алаңдардағы қорларын арттыруды көздеп отыр.
Иран сонымен қатар мұнай-газ өнеркәсібінің құндылық тізбегін толықтырып, мұнай-химия өнімдерінің экспортын арттыру арқылы жалпы ішкі өнімнің деңгейін жоғарылату үшін мұнай және газ өнеркәсібіне инвестиция салуды көздеп отыр. Сол себепті үкімет қарсыласу экономикасының жалпы саясатын жүзеге асыру үшін ғылыми- техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді тауып, соларды пайдаланумен қатар, санкциялық бағдарламаларға қарсы тұру үшін лайықты шаралар мен жолдарды тауып, ұсынуға міндеттелді.
Айтып өткеніміздей, дамыту және оңтайландыру жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ, мазуттың өндіріс деңгейін азайту Иранның мұнай тазарту өнеркәсібін кеңейту және оңтайландыруға бағытталған ең маңызды бағдарламардың қатарына жатады.
Қазіргі кезде жапониялық екікомпания Теһранның мұнай тазарту зауытында осы жобаларды жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы аяда шетелдік инвесторлар, әсіресе, Оңтүстік Корея мен Жапония Ирандағы мұнай тазарту зауыттарын жаңарту міндетін өз мойындарына алуға келісіп отыр.
Оңтүстік Кореяның Daelim компаниясы Иранмен келіссөздер жүргізген компаниялардың қатарына жатады. Иранның мұнайды тазарту және мұнай өнімдерін тарату ұлттық компаниясының директоры Аббас Каземидің айтуынша, Исфахан, Табриз, Теһран, Бандар-Аббас пен Абадан мұнай тазарту зауыттары шамамен 14 миллиард доллар көлемінде инвестицияны қажет етеді. Бұл зауыттар Еуро-4 стандартына сәйкес мұнай өнімдерін шығарады.
Инвестиция салу алаңында филиппиндердің ұлттық мұнай компаниясы Иранға сұйық газ саласында инвестиция салуға әзірлік танытты.
Осы аяда филиппиндердің ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Педро Акино Ираннан тағы да шикі мұнай сатып алу үшін келіссөздер өткізіп жатыр. Филиппиндердің ұлттық мұнай компаниясы 11 елден құралған консорциум түрінде Иранның оңтүстігіндегі мұнай өндіретін аудандардың ұлттық компаниясымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
«Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып, Батыстың Иранға қарсы біржақты санкциялары жойылғаннан кейін қазір көптеген елдер Иранмен әріптестік жасап, мұнай сатып алуға әзірліктерін мәлімдеп отыр. Еуропамен қатар, Иран мұнайының басты нарығы азиялық елдер болып табылады. Иранның экспортқа шығатын мұнайының 2 миллион баррельден астамы азиялық елдерге жөнелтіледі.
Чабаһар порты мұхитқа шыға алмайтын бірнеше елдің еркін суларға қосылатын жері болып табылады.
Табиғи және пайдалы қазбалардың бай ресурстары, су және құрлық үсті шекаралары, әлемнің еркін суларынашығу мүмкіндігі, климаттың әртүрлігі, жылу сүйгіш және суыққа төзімді түрлі өсімдіктерді өсіруге лайықты климат шетелдік инвестицияларды Чабаһар портына тарту үшін лайықты мүмкіндік тудырды.
Қазіргі кезде осы портқа инвестиция салу үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Үндістан, Пәкістан мен Орталық Азия елдері осы портқа инвестиция салуға мүдделік танытып отыр. Бүгінде тауар транзитін арттыру үшін сауда айлақтарын кеңейтумен қатар, Чабаһар портындакүре жолдарға қосылатын тас жолдар салу, темір жол желілерін құру мен басқа да инфрақұрылымдық шаралар жасалды. Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Чабаһар порты мұхитта жүзетін алып кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие болып, мұхитқа шығатын жолы жоқ Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның еркін суларға шығатын ең қысқа жолы болғандықтан стратегиялық жағдайға ие.
Осы аяда өткен аптада Таяу Шығыс елдеріндегі жұмыстарын кеңейту мақсатында Данияның Maersk кеме жүргізу компаниясына қарасты алғашқы кеме БАӘ-нің Джебель-Али портынан Бушерге қарай аттанды.
Maersk кеме жүргізу компаниясы фидерлік желі құрғаннан кейін Иранның Бушер портына апта сайын Inter Sydny деп аталатын кемелерін жіберіп, қызмет етеді. Бушер порты 2016 жылы 7 миллион тонна көлеміндегіөткізу мүмкіндігін көрсетті. Бұл порт Сауд Арабиясы, Катар мен Бахрейнге шығатын ең қысқа сауда жолы саналады. Maersk кеме жолы Иранның Бандар-Аббас және Бушер порттарында жұмыс істейді. Оңтүстік сулар мен порттардағы мүмкіндіктерімен қатар, Иран шекаралық облыстар, соның ішінде, Гүлстан, Солтүстік және ХорасанРазави, Мазандеран мен Гиланда да солтүстіктегі көршілес елдермен байланыстарды нығайту үшін арнайы мүмкіндіктер тудыруды көздеп отыр.
Иран аймақтық елдермен әріптесе отырып, Жібек жолын жандандыруға әзірлік танытты. Бұл да Гүлстан облысы үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.