Қаң 21, 2017 10:25 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (95)

Ислам кеңесі мәжілісінде алтыншы даму бағдарламасының жобасын қарастыру аяқталды. Бұл бағдарлама Иранның «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі экономикалық дамудың мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды болып табылады.

Иранның алтыншы даму бағдарламасы төмендегідей тақырыптарды қамтиды: барлық аймақтарды бір уақытта дамыту; пайдалы қазбалар, тау-кен өндірісі; туризм, транзит, темір жол тасымалы сияқты инфрақұрылымдарды жетілдіру; жұмыспен қамту мен мұқтаж және кедей адамдардың күшін пайдалану; су және экология дағдарысы.

Алтыншы даму бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкес, даму бағдарламасының соңғы жылында инфляция деңгейі 9,9 пайызды құрамақ. Ал жұмыссыздық нарығы 1399 жылдың соңына дейінгі жұмыс күші жобасының нәтижелеріне сәйкес 9,4 пайызға артады. Бұл көрсеткіштер алтыншы даму бағдарламасында қарсыласу экномикасы тәсілімен есептеліп шығарылды. Үкімет жалпы бюджеттің мұнай табыстарына тәуелділігін азайтуға міндеттелді. Сондықтан алтыншы даму бағдарламасы барысында 6 пайыздық өсімге қол жеткізу мақсат етіп қойылған. Алайда өсімнің бұл деңгейіне жету көптеген факторларға, соның ішінде, экономикалық тұрақтылықтың болуы, үкімет кірістерінің тұрақтылығы, макросаясаттардағы қаржылық дисциплина мен шығындарды басқаруға байланысты болып табылады. Сол себепті алтыншы даму бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру міндеті  үкімет пен мәжілістің мойнына жүктелді.

Иранның экономикасындағы мұнай бөлімінің үлесі (жалпы ішкі өнім) өткен жиырма жылда орта есеппен алғанда 16 пайызды құрады. Мұнайдың Иран экономикасындағы ең басты рөлі елдің валюталық кірістерінің 85 пайыздан астам бөлігін қамтамасыз ету болды. Соның салдарынан түрлі экономикалық бөлімдер өздерінің импорттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнайдан түскен табысқа тәуелді болып қалды. Өткен жиырма жылда орта есеппен алғанда жалпы бюджеттің кірісінің шамамен 54 пайызын мұнайдан түскен табыстар қамтамасыз етіп келді. Соңғы бес жылда мұнай бағасының артуы төртінші және бесінші бағдарламалардағы мақсаттардың бұрынғыдан бетер мұнай саудасынан түскен табысқа тәуелді болуына соқтырды. Сол себепті соңғы екі жылда мұнай бағасының төмендеуі мен санкциялардың салынуы даму бағдарламасының кейбір мақсаттарын жүзеге асыру үдерісінің тоқтап қалуына себеп болды. Мұнайға тәуелділік алтыншы даму бағдарламасының жалпы саясаттары шеңберінде төмендеуі мүмкін. Алайда мұнайды Иранның экономикасынан алып тастау көп уақыт алатын әрі орта мерзімді  және ұзақ мерзімді жоспар құруды қажет ететін күрделі іс болып табылады. Санкцияларды жою және «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру АҚШ-тың кедергі келтіруіне қарамастан Иранның экономикасы үшін жақсы мүмкіндік тудырып отыр. Осы шеңберде Мәжілістің алтыншы даму бағдарламасындағы нұсқауларының бірі үкіметті мұнайды сату мекендерінен алыстатуға қатысты жоспарлар құруға байланысты болып табылады. Бағдарлама жобасының 77-ші бабына сәйкес, мұнай саудасынан түскен табыстың 30 пайызы Ұлттық даму қорына беріліп, бағдарлама барысында жыл сайын бұл көрсеткішке 22 пайыз қосылып отыратын болады, яғни, алтыншы даму бағдарламасының соңына дейін Ұлттық даму қорының мұнай сату мекеніндегі үлесі 40 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар мұнай саудасынан түскен табыстың 14,5 пайызы Мұнай министрлігінің ықтиярына беріледі. Бұл қаржы мұнай саласындағы жаңа инвестициялар үшін пайдаланылып, 8 пайыздық экономикалық өсуге қол жеткізуге көмектеседі.

Сондай-ақ, мұнай саудасынан түскен табыстың 3 пайызы облыстарға берілетін болды. Бесінші даму бағдарламасы бойында үкімет үлесінің шамамен 2,54 пайызы облыстарға берілетін.Алайда жаңа нұсқауға байланысты Мәжіліс мұнайдың  саудасынан түскен жалпы 100 пайыздық табыстың 3 пайызын облыстарға бөліп беретін болады. Бұл шешім облыстарды абандтандыру үшін жақсы түрткі болады деп күтілуде.

Жалпы алғанда алтыншы даму бағдарламасында 30-ға жуық бағыт берілген. Олардың әрбіреуі үшін жоспар құрылған. Бағдарламаның басты бағыты қарсыласу экномикасын тірек ете отырып, дамуға қол жеткізу.

Кейбір компаниялардың банкротқа ұшырауы, инвестициялардың бірнеше миллиард долларға азаюы мен ірі энергетикалық компаниялардың табыстарының төмендеуіне соқтырған  соңғы екі жарым жылда мұнай бағасының  төмендеуі үдерісінен кейін  мұнай өнеркәсібінің көкжиегі жақсарып келеді.

Экономикалық кеңес беретін Wood Mackenzie ұйымының мәлімдеуінше, мұнай өнеркәсібі биылғы жылы соңғы жүз жылда алғаш рет орын алған инвестициялардың күрт азаюы салдарынан біртіндеп арылатын болады. Мұнай компаниялары өткен 3 жылда алғаш рет мұнай өндіру жұмыстарына қатысты жобалар мен инвестиция көлемін екі есе арттырады. Аталмыш кеңес беру ұйымы бір мәлімдемесінде мұнай компанияларының биыл 20-дан астам мұнай және газ алаңдарын кеңейтуге рұқсат беретінін хабарлады. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш тек 9 жайтты құраған болатын.

Мұнай өндіру компаниялары, соның ішінде АҚШ-тың Shell компаниясының мұнай өндірушілері екі жылға созылған бағаның төмендеуі үдерісінен кейін мұнай өндіруге салынатын жаңа инвестицияның көлемі мен мұнайға қатысты жобаларды кеңейтуді 3 пайызға арттырып, 450 миллиард долларға жеткізбек. Осы мәселе мен ОПЕК-тің өндірісті азайту келісімі туралы хабар жарияланғаннан бері мұнай бағасының артуы әлемнің мұнай өнеркәсібінің жағдайын тұрақтандыруға септігін тигізуде.

Осы мәліметтерде келтірілгендей, биыл жұмыстарын бастауы мүмкін мұнай және газ алаңдарының шамамен үштен бір бөлігі мұхиттарда орналасқан. Бұл алаңдарды кеңейту әдетте қомақты қаржыны қажет етеді. Көп шығынды қажет ететін қатпарлы мұнай өндірісінің баяулап немесе тоқтап қалуына мұнай бағасының әр баррельінің40 доллардан төмен деңгейге түсуі себеп болған еді. Қазір ОПЕК-тың желтоқсан айындағы саммитінде өндірістің деңгейі  белгіленіп, мұнай бағасы әр баррельге  50 долларға жеткеннен кейін компаниялар Мексика шығанағындағы кейбір жобалардың мұнай бағасы әр баррельге 40 доллар болған күннің өзінде тиімді болуы үшін олардың шығынын азайтуды көздеп отыр. Brent мұнайының бағасы ағымдағы жылдың басынан осы уақытқа дейін 50 доллардан жоғары болды.

Airbus-321 моделді алғашқы ұшақ IranAir компаниясының ұшақтарының базасына қосылды.

Иран мен әлемдік алпауыттар арасында келісім жасалып, кейбір санкциялар жойылғаннан кейін Иран Boeing, Airbus және бірнеше компаниялармен жолаушылар ұшағын сатып алу туралы келіссөздер жүргізе бастады. Бұл келіссөздердің нәтижесінде Airbus компаниясынан 118 ұшақ,  Boeing компаниясынан 100 ұшақ және Италияның ITR компаниясынан 20 ұшақ сатып алу туралы келісімдерге қол қойылды.

Санкциялардың жойылуы, соның ішінде, жолаушылар ұшағын сатып алуға қатысты санкциялардың алынуы «Ортақ қадам» келіссөздерінің алғашқы күнінен бастап ядролық келісімгер тобының жұмыс тәртібінің басты бағыттарының бірі болды. Тіпті Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібін жаңарту мәселесі де «Ортақ қадам» келісімінен орын алды. Аталмыш келісімнің АҚШ-тың міндеттері туралы бөлімнің екінші қосымшасында Иранның еркін түрде жолаушылар ұшақтарын сатып алу құқығы қуатталған.

«Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылғанымен өткен жылдың шілде айының орта шенінде АҚШ-тың Өкілдер палатасы екі қосымшаны бекітіп, америкалық банктерге Boeing пен Иранның келісімін қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етуге тыйым салып, Boeing компаниясының Иранға ұшақ сатуына кедергі тудырды. Осы кедергілерді жою мақсатында АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға  106 Airbus ұшағын сатуға рұқсат берді.

Обаманың президенттік кезеңі аяқталып, 20 қаңтар күні Трампты АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде ұлықтау рәсімі өткеннен кейін «Ортақ қадам» келісімі мен оған қатысты баптар, соның ішінде, Иранға ұшақ сату туралы баптың тағдыры белгісіздікке тап болды. Соған қарамастан Америка Құрама Штаттарының саяси жетекшілерінің «Ортақ қадам» бағдарламасына ықпалының қаншалықты өзгеретінін әлі де нақты айту мүмкін емес. Иран мен Boeing өткен айда келісімге қол қойды. Boeing компаниясының алғашқы ұшағы Иранға 2018 жылы берілетін болды. АҚШ-тың Қаржы министрлігінің берілген рұқсатының жойылу ықтималдығы өте аз, себебі келісімді бұзатын тарап көп мөлшерде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Конгрестің өкілі Джим Хайнердің пікірі бойынша, құны 25 миллиард долларды құрайтын келісімнен айырылу Boeing компаниясы үшін қиынға соғады. Жұмысшылар мен кәсіподақ тарапынан қысымдар туындауы мүмкін болғандықтан бұл компания осы келісімнің тоқтатылуының алдын алу үшін бар күшін салады.

АҚШ-тың іс-әрекеттері «Ортақ қадам» бағдарламасы шеңберіндегі ядролық келісімге қарамастан Иранға қарсы қоқан-лоққылары мен дұшапандығын жалғастырып отырғанын көрсетеді. Түрлі жолдармен, соның ішінде, Конгрестің нұсқаулары арқылы жалғасып жатқан бұл дұшпандық  жеке мәселелерден бастау алып, шын мәнінде АҚШ-тың қастықтарының жалғасы болып табылады.