Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 10
Мүміннің қажеттілігін орындап, оның қиындығын шешудің маңыздылығы сондай, итикаф етушіге мешіттен шығып, қажеттілікті өтеген соң қайтадан мешіттегі өз орнына қайтып оралуға рұқсат етілген.
Себебі, бұл іс итикафтан тысқары емес, керісінше оның жалғасы саналады. Алланың елшісі бұл жайында былай деді: «Өзінің діндес бауырының қажеттілігін жүзеге асыру жолында талпыныс жасайтын адам Құдайға мыңдаған жыл ғибадат етіп, сол жылдары күндіз ораза ұстап, түндерді намаз оқумен өткізгенге тең болады».
Алдыңғы бағдарламада мешітте орындалатын арнайы ғибадаттардың бірінің итикаф екендігін айттық.
Ғибадат ету мен Құдайды зікір ету барлық уақыттарда және барлық мекендерде жақсы болғанымен, кейбір аяттар мен рауаяттарға сәйкес, кейбір мекендер ерекше шарапатқа ие. Сол жерлерде адамның Құдайға жақындауы мен дұғалардың орындалуы өте әсерлі болады.
Құдайдың үйі әрі ең жақсы мекендердің бірі саналатын мешіт итикаф үшін жалғыз мекен ретінде белгіленген. Бұл ғибадаттың маңыздылығы сондай, итикаф жасауға барлық мешітте кеңес берілмеген. Әдетте итикаф әл-Харам мен ән-Нәби және Куфе мешіттерінде, егер бұл мешіттерде мүмкін болмаса жамағат мешітінде орындалуы керек. Жамағат мешіті дегенде әрбір қала мен аймақтағы басқа мешіттерге қарағанда сол жерге жамағат көбірек жиналатын, намаз оқылатын, қараусыз, күтусіз қалған жер болмауы керек.
Итикаф – арнайы бір уақыт пен мекенде орындалатын ғибадаттың ең ауқымды, ең көркем түрі.
Итикаф оны орындауға кеңес берілетін ғибадат болғанымен, адам оны орындау, орындамауда ерікті. Бірақ, бастап, жалғастырған соң ғибадат уәжіпке айналады. Өйткені оны тастап кетуге болмайды. Итикафтың минималды уақыты жайлы ислам фақиһтары арасында қайшылық бар. Сүннит мазхабының фақиһы Абу Ханифа итикафтың ең аз мөлшерін бір тәулік деген. Алайда шиіт мазхабының фақиһтары итикафтың ең аз мөлшерін үш тәулік деп атаған.
Итикаф уақыт тұрғысынан арнайы бір уақытпен шектелмейді. Тек итикафтың қажеттілігі ораза тұту болғандықтан, шариғат тұрғысынан итикаф ораза ұстай алатын кезде жасалуы керек. Сол себепті жолдағы жолаушы мен науқас және мүлдем ораза ұстай алмайтын адамның итикафы дұрыс болмайды. Ораза айт немесе Құрбан айт кездерінде ораза ұстау харам саналатындықтан итикаф жасауға болмайды. Бірақ итикаф үшін ең жақсы уақыт мүбарак рамазан айының соңғы он күні саналады. Итикаф үшін ыңғайлы басқа уақыттарға хижри қамари айының он үші, он төрті, он бесі күндеріндегі «аййам ал-байаз», яғни ақ күндер жатады. Сол күндері ораза ұстаған жақсы.
Мешітте қалу – итикафтың шынайы шарттарының бірі.
Имам Әли былай деген: «Шұғыл қажеттілік болмаса, итикаф жасаушының мешіттен шықпағаны жөн. Қажеттілігін қамтамасыз еткен соң дереу қайтып келуі керек». (Усул Кафи, 4-ші том). Итикаф жасаушы мешіттен шығуы үшін шұғыл қажеттіліктердің қатарын мынадай істер құрайды: жұма намазы, жерлеу рәсімі, науқастың көңілін сұрау, мүміннің қажеттілігін қамтамасыз ету. Айтатын жайт, осы шұғыл қажеттіліктер орындалған соң кідіруге болмайды. Мүмін тез арада итикаф мекеніне қайтып оралуы керек.
Мүміннің қажеттілігін өтеп, оның қиындығын шешудің маңыздылығы сондай, итикаф етушіге итикаф кезінде мешіттен шығып, қажеттілікті өтеген соң қайтадан мешітке қайтып келуге рұқсат етіледі. Себебі бұл құнды іс одан бөлек емес, итикафтың жалғасы саналады.
Меймун Бен Меһран есімді адам имам Хасанмен мешітте итикаф жасағанын, қасында отырған кезде бір адамның келгенін нақыл еткен. Келген адам: «Уа, Алланың елшісінің перзенті! Мен бір адамға қарыз едім. Сол себепті ол мені зынданға тастағысы келеді. Сіз барып, әлгі адаммен сөйлесіңізші» деді. Имам Хасан аяқ киімін киіп, кетіп бара жатқанда мен: «Уа, Алланың елшісінің перзенті! Өзіңнің итикафыңды ұмыттың ба?» дедім. Хазірет: «Ұмытқан жоқпын. Бірақ әкемнен Алланың елшісінің: «Өзінің діндес бауырының қажеттілігін өтеу үшін талпыныс жасайтын адамның әрекеті Құдайға мыңдаған жыл ғибадат етіп, сол жылдары күндіз ораза тұтып, түндерді намаз оқумен өткізгені сынды деп айтқанын естігем» деді.
Бағдарламаның жалғасында ислам әлемінің төрт маңызды мешіттерінің бірі Куфе мешітін таныстыруды жалғастырамыз.
Бір күні имам Садықтың Куфе мешітінің маңына барып, түйесінен түскені рауаят етілген.
Түйеден түскенінің себебін сұрағанда хазірет: «Бұл жер – Куфе мешітінің шекарасы. Бұл шекараны хазірет Адам (ғ.с.) белгілеген. Осы аумаққа түйеге мініп енуді жөн санамадым» деді.
Рауаяттың жалғасында нақыл етушінің: «Егер Куфе мешітінің шекарасы сіз айтқандай сол болса, оның өзгеруіне не нәрсе себеп болды?» деп сұрағанда хазірет: «Оның өзгеруіне себеп болған іс Нұхтың топан суы болды. Кейін «асхабе каса» (пайғамбар, Әли, Фатеме, Хасан мен Хусейн), кейін Нуман Бен Мунзир мен Зиад Бен Аби Софиан ол жерге өзгерістер енгізді» деді.
Сол себепті бұл қасиетті мешіт Адам Абу ал-Башар заманынан бері Құдайға ғибадат ету үшін тәбәрік және жоғары саналған. Бірақ тарих бойында мешіттің өзі мен айналасындағы ғимараттар өзгерістерге ұшырады.
Куфе мешіті 11000 шаршы метрден астам аумаққа ие. Ол биіктігі 10 метр дуалдармен қоршалған. Мешіттің бағандарының саны – 187. 30 метр биіктікке ие мұнараларының саны – 4. Мешіттің есіктерінің саны – 5: «Амир ал-Муменин» деген атпен танымал «Бабе-Саде», мешіттің батыс жағындағы «Бабе-Алканде» есігі, Қыбылаға қарама-қарсы «Баб ул-анмат, «Баб ул-Фил» есіктері.
Бұл мешіт тарих бойында көптеген илаһи пайғамбарлар мен исламның ардақты пайғамбарының құзырына куә болды.
Имам Әли осы мешітте сан рет намазға жығылып, соның мінберінде құтпа оқып, төрелік айту сынды елдің кейбір істерін орындады. Соңында сол мешіттің михрабында шәһид болды.
Мешіттің оңтүстік-батысында кішкентай үй бар. Ол жер Әлидің үйі деп танымал. Мейсам Таммардың қабірі де үйдің жанында орналасқан. Сол үй мен мешіттің ортасында Дар ал-Халафе сарайы орналасқан. Дар ал-Халафеге мешіттің оңтүстік-батыс жағынан кіруге болады.
Мүсілім хазіреттің қабірі Куфе мешітінің сыртында, оның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қысқа дәліз арқылы мешіттен оның сыртына шығуға болады.
Хазірет Мүсілімнің кесенесі Куфе мешітінің шығысындағы кең кеңістікті алып жатыр. Ол үлкен алтын түстес күмбез бен бірнеше шабестаннан (үлкен мешіттердің ішіндегі төбесі бар бөлігі) және ейваннан (исламдық архитектурадағы үш жағы қоршалған, төртінші жағы ашық мекен) құралған.
Мүсілім Бен Ақил Әбу Талептің немересі, имам Хосейннің немере ағасы болды.
Мүсілім имам Хосейннің уақытында Куфенің жағдайын бақылап, сол қала халқының имамға адалдығына ант беру ісіне жауапты өкіл болып, осы қалаға аттанып, 18 000 адамнан адалдыққа ант алды.
Бірақ Куфенің уәлиінің ауысуымен және Ибн Зиядтың іс басына келуімен Мүсілімнің жұмысы үшін жағдай қиындап кетті. Мүсілім Һани Бен Урваның үйіне барды,
Онымен келісім жасаған 18000 адамнан түнде тіпті бір адам да қалмағандай болып, Мүсілім құрықталды.
Ибн Зиядтың бұйрығымен оны сарайдың басына апарып, басын шауып, денесін жерге тастап жіберді.
Бұл мекен олардың қабірі үкіметтің бақылауында болу үшін таңдалған сынды. Қамари жыл санағы бойынша 65 жылға дейін Мүсілімнің қабірінің шатыры болмады.
Сол жылы Мухтар Сақфи Мүсілімнің қабірінің басын көтеру туралы алғашқы жарлық беріп, кесене мен күмбез салғызды.
Һани Бен Урваның мазары да хазірет Мүсілімнің кесенесіне қарама-қарсы, солтүстік жағында орналасқан.
Ол Мүсілім бен Ақилдің Куфедегі адал, қамқоршысы әрі үзеңгілес серігі болып, Мүсіліммен бірге шәһид болды.
Һани Бен Арве имам Әлидің сахабаларының бірі еді. Ол имам Хосейннің елшісі Мүсілім Бен Ақилды паналатып, оны Абид Аллаһ Бен Зиядтан жасырды. Сол себепті ибн Зияд оны да Куфенің Дар ал-Емаре ғимаратының төбесінде өтірді.