Нау 09, 2017 00:05 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (100)

Теһран өткен аптада түрлі елдерден келген экономикалық делегацияларды қабылдады. Жаңа Зеландияның Өнеркәсіптің негізгі салаларының министрі Натан Гай елінің делегациясын бастап Теһранға келді.

Осы қайраткер және онымен бірге келген делегация Теһранның батысында орналасқан Карадж қаласындағы Рази вакцинация және сарысу жасау зерттеу орталығын аралады. Жаңа Зеландияның Өнеркәсіптің негізгі салаларының министрі Натан Гай Рази вакцинация және сарысу жасау зерттеу орталығында болашақта екі ел арасында сауда байланыстарын орнату және меморандумдарға қол қою мақсатында осы ұйымның жұмыстары және өнімдерімен танысты.

Италиядан келген делегация Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің басшыларымен кездесуінде Италияның Иранда темір жол желілерін салуда әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді. Өткен аптада сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының Экономика министрі бастаған бір топ Орумие қаласында өткен ИИР мен Әзірбайжан Республикасының экономикалық конференциясына қатысты. Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі әрі Иран мен Әзірбайжанның ортақ сауда палатасының төрағасы Махмұд Ваези мен Әзірбайжан Республикасының кәсіподақтар конфедерациясының басшысы Шахин Мустафаевтың қатысуымен өткен  бизнесфорумның басында бір меморандумға қол қойылды.

Келесі бір хабарға сәйкес, Иран 77 тобының басшысы болып сайланды. Бұл топ қазіргі кезде 134 мүшесімен даму үстіндегі елдердің халықаралық деңгейдегі ең ірі ұйымы саналып, БҰҰ-ның түрлі мәселелері, әсіресе, даму мәселелеріне қатысты келіссөздері мен пікірталастарындағы маңызды әрі ықпалды топтардың бірі болып табылады.

Индонезияның экономикасы қарқынды түрде дамып келе жатқандықтан, бұл елдің энергияға деген қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Ирансол қажеттілікті қамтамасыз ететін ең тұрақты әрі сенімді ел. Бұл ел қазіргі кезде шығыста Қытай, Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін мықты экономикаға ие төртінші ел болып, әлемдегі 15 экономикалық алпауыттың қатарына енген. Индонезия экономикалық ұйымдарда, соның ішінде, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің одағы, Шығыс Азия конференциясы мен G-20 тобы, сондай-ақ, даму үстіндегі сегіз елдің тобына (D-8) мүше болып табылады. Осы көрсеткіштерге байланысты Иран мен Индонезия стратегиялық жағдайға ие.

Иран мен Индонезия қарым-қатынастары өткен жылдары түрлі салаларда, соның ішінде энергетика, электр қуатының өндірісі, мұнай және газ бен мұнай-химия өнеркәсіптеріне шоғырландырылды. Ынтымақтастық келісімдерінің басым бөлігі де осы салаларда жасалды. Экономикалық салалар, соның ішінде, мұнай, газ, мұнай-химия мен азық-түлік өндірісі салаларындағы ортақ инвестициялар байланыстар деңгейін арттыруға көмектесе алатын мүмкіндіктердің қатарына жатады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бірнеше ай бұрын Теһранда Индонезия президенті Джоко Видовомен кездесуінде екі елдің көптеген мүмкіндіктеріне  тоқталып, түрлі эконмикалық, саяси және мәдени ынтымақтастықтарды арттыруды қуаттаумен қатар, ИИР-ның мұсылман әрі халқы көп ел Индонезияның дамуы мен абырой-беделін Ислам үмбетінің мақтанышы деп санайтынын айтты. Хазірет аятолла Хаменеи осы елдің түрлі салаларда жақсы дамығанына тоқталып: «ИИР түрлі экономикалық және пайдалы қазбаларды өндіру салаларында көптеген мүмкіндіктерге ие. Исламдық елдердің дұшпандардың талаптарына керісінше  бір-бірін нығайтып, келіспеушіліктерден бас тартатындығына сенімдіміз» деді. Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Индонезияның экономикалық байланысының төмен деңгейінің қолдағы мүмкіндіктерге сай келмейтінін айтып: «Уақыт аралықтарын анықтау арқылы экономикалық айналымның деңгейін 20 миллиард долларға жеткізуіміз керек» деп қуаттады.

Осы аяда Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези Индонезияның экономикалық істерді үйлестіру министрі Дармин Насутионмен Теһранда кездесуінде Иран мен Индонезия арасында қарым-қатынастарды кеңейту үшін ешқандай кедергінің жоқ екенін айтып: «Иран кедендік істер, пұрсатты сауда және қарсы тараптың инвестицияларын қолдау салаларында Индонезиямен келісім жасауға әзір» деп қуаттады.

Жалпы алғанда, әлемнің екі маңызды аймағында орналасқан екі ел Иран мен Индонезияның екіжақты қарым-қатынастары екі ең ірі исламдық мемлекет, Исламдық ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшелері саналып, мұнай мен газдың бай қорына ие болып, әлемнің мұнай танкерлерінің тең жартысы өтетін Малак бұғазының жолында орналасқандықтан жарқын көкжиекке ие.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті сәрсенбі күні Пәкістанның астанасы Исламабад қаласында өтті. ИИР президенті Хасан Рухани да осы отырысқа қатысты.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф отырыста аталмыш ұйымның Сыртқы істер министрлері кезеңінің басшылығын пәкістандық әріптесі Сартадж Азизге тапсырды.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Түркия, Иран мен Пәкістан тарапынан 1985 жылы құрылған.

1963 жылдың наурыз айының жиырма үшін күні БҰҰ-на қарасты Даму және сауда жөніндегі конфренция (UNCTAD) өткізіліп, 20 ғасырдың алпысыншыжылдары даму үстіндегі елдерді дамыту және абадтандыру онжылдығы ретінде аталғаннан кейін бұл ынтымақтастықтардың үдерісі қарқындады. Осы үдеріске байланысты 1964 жылдың шілде айында Иран, Пәкістан мен Түркия елдерінің қатысуымен Аймақтық даму ұйымы  (R.C.D) құрылды. Алайда бұл ұйым аса табысты болмады. Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, бұл елдің саяси құрылымы түбегейлі түрде өзгергеннен кейін Аймақтық даму ұйымы   жұмыстарының қарқыны баяулап, тоқтап қалғаннан соң бұл ұйымды тарату туралы шешім қабылданды. Бірақ бірнеше жылдан кейін үш ел – Иран, Пәкістан мен Түркияның ынтымақтастықтары 1984 жылдың бас кезінде «Экономикалық ынтымақтастық ұйымы» деп аталған жаңа құрылымда жүзеге асырыла бастады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Орта Азия мен Кавказ елдерінің бірқатары осы ұйымға қосылуға мүдделік танытты. Осылайша Иран, Түркия және Пәкістанмен қатар, Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан мен Ауғанстан осы ұйымға мүше болды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер стратегиялық аймақта орналасқан. Себебі бұл аймақ мұнай және газдың бай көздері, мыс, алтын мен мырыш сияқты металлпайдалы қазбалар менбейметалл қазбалардың бай қорына, сондай-ақ, бәрінен маңызды адам күштеріне, яғни, көп әрі жас адам капиталына ие.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы аймағындағы мұнай және газ өндіруші ең ірі ел Иран мен осы ұйымның Еуропаға кірер қақпасы саналатын Түркия ЭЫҰ-ның аймақтық және халықаралық байланыстар алаңындағы ең басты басымдықтары саналады. Осындай басымдықтарына қарамастан, ЭЫҰ  осы уақытқа дейін аймақтық ынтымақтастықтар сахнасындағы белсенді ұйымға айнала алмады.

Он мүше-елді қамтитын ЭЫҰ жер аумағы тұрғысынан 8 миллион шаршы километрді, яғни Азия құрлығының шамамен 20 пайызы мен әлемнің жер аумағының 6 пайызын алып жатқан Еуропа одағынан кейінгі екінші ірі аймақтық ұйым болып табылады. ЭЫҰ аймақтық ұйым ретінде жетістіктерге қол жеткізді, алайда ұйымның мүмкіндіктерімен салыстырғанда бұл жеткіліксіз. ЭЫҰ қызмет көрсеткен жылдары сауда жолындағы кедергілерді жойып, мүше елдерді аймақаралық сауда-саттыққа жұмылдыруға талпынды. Алайда бұл мақсаттары көптеген кедергілермен бетпе-бет келді. Олардың ең бастысы –  ЭЫҰ  аймағы мен оны қоршаған ортада саяси текетірестердің болуы, сонымен қатар, ЭЫҰ-ның кейбір мүшелерінің ішкі қиыншылықтары. Аталмыш ұйымның мүшелері арасындағы алшақтыққа бірнеше фактор, соның ішінде, мүше елдердің экономикалық құрылымдарының өзгешеліктері, даму үшін капиталдың болмауы, кейбір мүше елдердің қауіпсіздігінің тұрақсыздануы себеп болды.

ЭЫҰ-ның жұмыстарына көз жүгіртсек, бұл ұйымда саяси факторлардың әрдайым оның экономикалық аспектілерінен басым түсіп отырғанын көреміз. Осындай жағдайда ЭЫҰ бұрынғысынша көзге көрінерліктей экономикалық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Байланыс жолдары мен транзиттік теңіз жолы, күре жол және темір жолдарына қолжетімділік – экономикалық интеграцияның басты алғышарттарының бірі. ЭЫҰ осы мүмкіндікке ие әрі бұл мүмкіндігі жыл сайын нығайып келеді. 2016-2025 жылдарға арналған даму саласындағы ынтымақтастықтардың он жылдық бағдарламасын реттеу, Қазақстан, Иран мен Түркіменстан басшыларының қатысуымен 2014 жылы құрылысы басталған темір жол желісінің іске қосылуы осы ұйымның соңғы жылдары жасаған жұмыстарының қатарын құрайды.

Бүгінде аймақтық ынтымақтастықтардың экономикалық дамуы үшінші онжылдыққа аяқ басты. ЭЫҰ-ның ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып осы ұйымның аймақтық рөлін нығайту  ұжымдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, аймақтық ынтымақтастықтарды нығайтуды, қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ, ЭЫҰ аймағындағы тарихи және мәдени қызығушылықты арттыруды қажет етеді. ЭЫҰ-на мүше елдерде географиялық арақашықтықтың аз болуына байланысты елдер арасында сауда қатынастарын орнату және арттыру үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Мүше елдер әрдайым аймақтағы сауда байланыстары мен экономикалық интеграция үшін жағдай тудыруға талпыныс жасап келеді. Алайда бұл мақсатты толығымен жүзеге асыру үшін әлі біраз уақыт қажет.