Ұлы тұлғаның алдында 58
Тәрбие көрген адам білім алған кезде оны адамзатқа қызмет ету үшін пайдаланады. Керісінше, имансыз, өзін тәрбиелемеген адам білімді адамзатқа қарсы қолданады. Осыған орай Құран Кәрімнің біраз аяттында нәпсіні тазарту мен тәрбиелеудің тәлімнен маңыздылығы көрсетіліп: «...оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін..»,- деп айтылған. («Әл-Имран», 164-ші аят).
Алланың соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) білімнің иманмен бірге болуының маңыздылығы туралы: «Білімді Алла үшін үйренген адам, егер бәрінен бұрын өзін кіші санамаса, халықтан алыстамай, Жаратушыдан көбірек қорқып, дінге көбірек мән бермесе, ешбір нәтижеге жетпейді. Мұндай адам білімді дұрыс пайдаланады. Сондықтан оны үйренуі керек. Ал білімді дүние мен тек халықтың алдында абырой мен билікке ие болу үшін үйренген адам тек өзін басқадан жоғары санап, Аллаға немқұрайдылық танытып, діннен алыстағаннан басқа нәтижеге жетпейді. Мұндай адам білімнен пайда көрмейді. Сондықтан оның білім алудан тартынып, қиямет күні өкінбейтіндей болғаны жөн»,- деген болатын. Діни тазару мен тәрбие, соның ішінде ішкі тәрбие – адамды алға ілгерілететін қанат. Келесі қанат ойлану мен білім алу саналады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи білім туралы: «Білім – елдің жан-жақты дамуының негізі. Мен хазірет Әли (ғ.с.)-ның «Білім – салтанат пен құдырет. Кім оған ие болса, басқаны жеңеді, ал кім одан айрылса, басқалар оны жеңеді» деген хадисін оқыдым. Бұл хадис білімнің бір ел және бір жеке адам үшін құрметтің мизаны екенін көрсетеді. Бұл күш-қуатқа ие адам алға ілгерілйді. Білімнің құдыретіне ие бола алмаған адам басқалардың қол астында қалып, басқалар дами түседі. Әлемдік үстемшілдер қолдарындағы білімдерінің арқасында бүкіл дүниеге күш көрсетіп отыр. Алайда, біз еш уақытта күш көрсетпейміз. Бірақ білім бізге алға ілгерілеу үшін қажет»,- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі жастарды білім алуға жігерлендіріп, жастық шақты білім алу үшін ең жақсы мұрсат деп атап: «Қадірлі жастар! Ғылыми жұмыстардың маңыздылығы жоғары, яғни, егер біз еліміз үшін ғиззат, абырой, жақсы тұрмыс пен әлемдік күш-қуатқа ие болып, ғылыми дамуды тілесек, білім арқылы кірісуіміз қажет. Мен қоғамның бақытты болуы үшін тек білім ғана жеткілікті демеймін. Дүниежүзінде білімі дамыған, бірақ бақытына жетпей, көптеген проблемаларға душар болған мемлекеттер аз емес. Білім өте маңызды әрі өте қажет шарт. Ол әрқашан алға ілгерілеуі керек. Сондықтан білімнің маңыздылығы анық. Бүгінде білімі дамымаған мемлекеттің экономикасы мен халқының тұрмысы да алға ілгерілемейді»,- деп ескертті. Кезінде Иранның ғалымдар мен ойшылдады тәрбиелеген орталық болып, Фараби, Ибн Сина, Закария Рази мен басқа данышпандардың білімнің туын осы жерден көтергеніне байланысты діни жетекші Иран ғылым саласында үлкен дарындарға ие және тарих оған куәлік етеді деп санайды. Аятолла Хаменеи жастардан білім деңгейлерін көтеріп, мемлекеттің жан-жақты дамуына көмектесуді талап етуде. Өткен екі-үш ғасырда орын алған үлкен оқиғалардың бірі ғылыми монополия саналады. Кейбір мемлекеттер ғылыми жетістіктерге жетіп, солармен бүкіл әлеммен бөлісіп, басқаларға соны пайдалануға мүмкіндік берудің орнына, оларды әлсіз елдерді билеп, оларға зорлық-зомбылық көрсету үшін пайдалануда. Аятолла Хаменеидің пікірінше, Батыстың ғылыми монополиясы адамзат үшін үлкен зұлымдық. Ол: «Адамзатқа қарсы ең үлкен қылмыстардың бірі әлемдегі өнеркәсіптік революцияның арқасында білімнің зорлық-зомбылық көрсететін құралға айналуы болды. Өнеркәсіптік революцияның көшбасшыларының бірі болған британиялықтар бұл мүмкіндіктерін халықтарды өзіне бағындыруға пайдаланды. Британиялықтар түбекті билеген кезде бұл үлкен сахнада қандай оқиғалардың орын алғанын өздеріңіз білесіздер. Тек бұл түбек емес, бүкіл Шығыс Азия аймағы көптеген жылдар, бір ғасырдан астам уақыт бойы олардың табандарының астында қалып, олар білімді құрал ретінде пайдаланып, халықты билеп-төстеді. Қаншама адам қырылып, қаншама армандар орындалмай қалды. Қанша халық дамымай артта қалды. Қанша мемлекет қирандылардың астында қалды. Олар білімдерін осылай пайдаланды. Бұл білімге қарсы ең үлкен қиянат, әсіресе адамзатқа қарсы жасалған ең үлкен қиянат»,- деді. Діни жетекші Батыстың билеп-төстеуші үкіметтерінің ғылыми монополиядан айрылғылары келмейтінін айтып: «Бірақ, исламдық Иран өткен он жылда ғылымды даму жолына түсіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, ғылыми монополияға соққы берді» деді. Ғылыми монополияны бұзу үшін ғылыми салада алға ілгерілеу қажет. Мұндай жағдайда исламдық мемлекеттерден талпыныстарын арттыру күтілуде. Білім алу мен ойлану туралы Ислам дінінің тағылымдары мен Құран Кәрімнің аяттарына көңіл бөліп, мұсылман елдер басқалардан көбірек ғылым жолында еңбектенеді деген үміт бар. Бақыт пен кемелдік жолына нұсқайтын Құран Кәрім баршаны ойланып, білім алуға шақырады. Құранның нұрлы аяттары сан рет ойланатын адамдарды ойланбайтындармен салыстыруға болмайтыны туралы қуаттады. Ойлану білім алу саласындағы жарық жол. Ойланатын адамдар көбінде ізденіп, білім алудың соңына түседі. Құранның көптеген аяттары білімнің маңыздылығына тоқталады. Бірақ өкінішке орай осы кезде мұсылман мемлекеттер білім алудың ізіне түспейді. Ислам революциясынан кейін ғылыми дамуы жоғары сатыға жеткен Ираннан басқа мұсылман араб елдері бұл салада бәсен жылжуда деп айтуға болады. Ислам революциясының жетекшісі бұл мәселеге наразылық білдіріп, мұсылман елдерге: «Исламдық мемлекеттер ғылым мен технология тұрғысынан алға ілгеруге міндетті. Батыс пен АҚШ білімнің арқасында дүниежүзі елдерін өздеріне бағындыра алғаны туралы айттым. Олардың құралдарының бірі білім болды, олар білімнің арқасында байлыққа да жетті. Әрине байлықтарының бір бөлігін алдап-арбап және саясаттарының арқасында қолдарына түсірді. Бірақ білім көп әсерін тигізді Сондықтан білім алуымыз керек. Білімді болсақ, күшті боламыз. Егер біліміміз болмаса, білімі барлардың билігінің астына түсеміз. Жастарыңды білім алуға жігерлендіріндер, Бұл іс мүмкін. Біз Иранда бұл істі жасадық. Біз революцияға дейін ғылыми тұрғыдан дүниежүзі елдерінің ең соңында тұратынбыз, бізге ешікм көңіл бөлмейтін. Бүгін революцияның, ислам дінінің, шариғаттың берекесімен әлем бойында Иран ғылыми тұрғыдан 16-шы орында орналасты. Мұны дүниені бағалайтындар мойындады»,- деді.