Қаз 16, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 103

"Пәк өмір" – илаһи бұйрықтарды орындау басты мәселе болатын өмір.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, Алланың билігін қабылдап, Алла елшісі мен қасиетті Құран кітабына иман келтіру, жақсы амалдарды іске асырып, әлемнің жаратылысы туралы ойланып, ақылды дамыту – "Пәк өмірге" жеткізетін факторлар. Бұл жоғары мақсаттар тек Иран үшін ғана емес, өйткені барлық мұсылман елдері "Пәк өмірді" армандайды.

"Пәк өмірге" жету үшін үлкен өзгерістер жасалуы керек. Өйткені, ислам мемлекеттері бұл жоғары мақсаттан алыс. Сондықтан, біріншіден, исламдық өркениетте өзгерістер болып, жаңа исламдық өркениет құрылуы керек. Аятолла Хаменеи бұл жаңа исламдық өркениет Иран халқынан басталуы керек, Иран қазір бұл жолдың басында орналасқан деп санап: "Иран халқы мұсылман халық ретінде бұл сөздің шынайы мағынасын әлемге жеткізе алатын жағдайға жетті. Бұл – ислам үшін ең үлкен жарнама. Басқа халықтар дәл осы бағытта алға қадам басып, әлемде ғиззат пен Исламды тарататын үлкен исламды құрады",- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, егер бұл оқиға орын алып, мұсылман халықтары дүниежүзіне жаңа исламдық өркениетті ұсынса, бұл бақыт сыйлайтын  өркениет Батыстың адастырушы әрі шіріген материалдық өркениетінен басым болады. Әлем халықтары дамыған өркениетті көріп, оған ұмтылатын болады. Аятолла Хаменеи: "Ислам өркениеті – елді кеңейту емес, халықтардың Исламның сенімдерін қабылдауы. Бұл үлкен мақсат бір-екі жылдың ішінде жететін мақсат емес, оған жету үшін көп уақыт қажет. Иран халқы жаңа ислам өркениетін құру үшін шынайы талпыныс, жауапты басшылар мен халықтың қолдауын қажет етеді",- деді.

Аятолла Хаменеи

Кезінде ислам өркениеті дамудың биік толқынына көтеріліп, ислам әлемінің ғылымы басқа елдерге экспортталды. Ислам революциясының жетекшісі  ислам өркениетінің өркендеу кезеңі туралы: "Ислам өркениетінің толқыны ғылыми тұрғыдан 4-5-ші ғасырларда биікке көтеріліп, әлемдік дамуға себеп болған ғұламалар мен зерттеушілер, философтар пайда болды. Батыстықтардың бүгінгі дамуының көбі солардың ағымдарына борыштар",- деді.  Иран Ислам революциясының жетекшісі  бұл үлкен арманды түсіндіру үшін қысқаша түсініктеме берді. Хазіреттің көзқарасы бойынша, жаңа исламдық өркениет құру үшін ғылым, өнертапқыштық, өнеркәсіп, саясат, экономика, саяси және әскери күш-қуат, халықаралық сенім сынды құралдар мен оларды тарататын үгіт-насихаттық, сондай-ақ, іске асыратын құралдар қажет. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, жаңа исламдық өркениеттің негізгі бөлімі халықтың өмір тәсілін қалыптастырады. Отбасы, үйлену мен тұрмыс құру, тұрғын үй, киімнің түрі, тұтыну тәсілі, тамақтың түрі, серуен, жазу мен тіл, кәсіп пен жұмыс орны, қоғамдық мекендердегі халықтың қарым-қатынасы өркениеттің негізгі бөлімдеріне жатады. 

Ислам революциясының жетекшісі  бұл салада: "Бұл бөлімді өркениеттің "жұмсақ құралдар" бөлімі, бірінші бөлімді "қатаң күш" деп атауға болады. Егер біз бұл бөлімде ілгерілемесек, бірінші бөлімнің барлық жетістіктері бізге қауіпсіздік пен психикалық тұрғыдан тыныштық әкеле алмайды. Батыс дүниесінің тыныштыққа жете алмағанын көріп отырсыздар. Батыс үмітсіздік пен абыржушылықты бастан кешіп,  ішінен құлдырап барады. Азаматтары қоғам мен отбасы ортасында өздерін қауіпсіз сезінбейді. Олар байлық, атом бомбасы, әртүрлі ғылыми жетістіктер мен әскери күшке ие болуына  қарамастан,  мақсатсыз әрі алаңдаумен өмір сүруде. Негізгі мәселе – біз өмір сүру тәсілін, өркениеттің негізгі бөлімін өзгерте аламыз",- деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, Еуропа халқы мұсылмандардың білімі мен философиясын пайдаланып, материалдық өркениет құрды. Олар өздерінің материалдық жетістіктеріне сүйеніп, басқа халықтарды билеп-төстеп, олардың байлықтарын талан-таражға салды. Олар ғылым мен технологияны нығайтып, жинаған тәжірибелері және отаршыл саясаттарымен адамзат әлемі үшін өркениет орнатты. Аятолла Хаменеи: "Бұл – еуропалықтардың 4-5 ғасыр бойы іске асырған ісі. Олардың дүниеге көрсеткен өркениеті халықтардың ықтиярына технологияның әдемілігі мен жылдамдық пен жеңілдік және өмір құралдарын ұсынды. Бірақ, адамдардың бақытын қамтамасыз етпей, әділет орнатудың орнына әділетсіздікті таратып, халықтарды тұтқынға алып, кедейлендіріп, кемсітіп, олардың ішкі қайшылықтарына тап болды. Батыстықтар ахлақ тұрғысынан іріп-шіріп, рухани тұрғыдан адасушылыққа душар болды. Бүгінде батыстықтар мұны мойындайды. Бұл өркениеттің сырты жылтырағанымен, іші адамзат үшін қатерлі. Біз адамзат үшін исламдық жаңа өркениет ұсынуымыз керек. Бұл өркениет алпауыт елдердің үкіметтерінінің адамзат туралы пікірлерінен өзгеше. Бұл жерлерді басып алуды, халықтардың құқықтарын бұзуды білдірмейді, басқа халықтарды өз мәдениетін қабылдауға мәжбүрлемейді. Мұның барлығы – халықтарға өз еріктерімен дұрыс жолды таңдау үшін берілген илаһи сый. Әлемдік үстемшілдердің халықтарға ұсынған жолы – қате әрі бұрмаланған жол",- деді.

Өнеркәсіптік революция

Әлемдік үстемшілдік пен отаршылдық исламдық жаңа өркениеттің қалыптасуынан қатты қорқып отыр. Сондықтан бар күшімен оған қарсы табандылық танытуда. Олар өткен екі ғасырда мұсылман халықтарының арасында қайшылық тудыруды өздерінің мүдделеріне сай санады. Өйткені, олар  тек күш арқылы ғана елдердің байлықтарын талан-таражға салып, олардың дамуына тосқауыл бола алады. АҚШ Президентінің Сауд Арабиясына сапар шегіп, оларға қару-жарақ сатуымен Таяу Шығыс аймағындағы қайшылықтардың жаңа толқыны  көтеріліп, лаңкестік топтар нығая түсті. Иранның Ислам революциясы басынан бастап, өз мақсатын исламдық мемлекеттермен бірігу және достық қарым-қатынаст орнату деп баса айтып, оларды дұшпанның қастықтарына қарсы тұруға шақырды. Өкінішке орай,, исламдық елдер әсіресе Сауд Арабиясы  ДАИШ сынды лаңкестік топтар мен олардың ислам елдеріне шабуылдарын қолдап, күн сайын мұсылмандарға жаңадан соққы беріп, Исламды қорқынышты етіп көрсетеді. Хазірет Мұхаммадның (с.ғ.с.) Исламы мейірім мен рақымға сүйеніп, еш уақытта жазықсыз адамды өлтіріп, оның басын кесуге рұқсат етпейді.

ДАИШ лаңкестері

Иранның ислам революциясы билеп-төстеуші жүйенің барлық қастандықтары мен дұшпандылықтарына қарамастан негіздеріне табандылық білдіріп, шекарасының сыртындағы жүректерге өз жолдауын жеткізді. Ислам революциясы кемшіліктерден ада емес, бірақ үнемі үдерістерді өзгертіп, оларды Исламның негіздеріне сәйкестендіру арқылы дамып, адамзаттың қорғаушысы – имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуіне жағдай жасауға талпыныс жасап келеді. Иранның Ислам революциясын Исламды таратуға талпынатыын әлемдік ағымның кішкентай бір бөлігі деп атауға болады. Ислам елдері басшыларынң арасындағы көптеген қайшылықтарға қарамастан халықтар Иранның Ислам революциясы мен оның үлкен мақсаттарына, яғни исламдық жаңа өркениет құру мен адамзат құтқарушысының келуіне жағдай жасау бағытында қадам баса алады.

Қазір бұл мақсаттың іске асуын алыс емес деп санайтын аятолла Хаменеи: "Енді Исламның кезегі келді.  Біз жеңіс пен жеңіліс күндерді адамдардың араларында айналдырамыз. ("Әл-Имран" сүресі, 140-шы аят). Бүгін – мұсылмандардың кезегі. Олар өздерінің ерік-жігерлерімен исламдық жаңа өркениет құрады. Еуропалықтар кезінде мұсылмандардың білімдері мен тәжірибелерін және философияларын пайдаланғандай, бүгін біз әлемнің білімі мен әлемдік мүмкіндіктерді исламдық өркениетті жаңдандыру үшін пайдаланамыз, бірақ исламдық рух пен руханилықты ұмытпаймыз. Бұл – біздің бүгінгі міндетіміз",- деді. (Соңы).

 

Тегтер