Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 3
Иран – құрамында нитраты жоғары суды тазарту үшін нанотехнологияны пайдаланатын үшінші мемлекет. 2016-шы жылдың қараша айының басында Иранда электродиализ технологиясы арқылы су тазартатын аппараттың тұсауы кесілді. Осыған дейін бұл технологияға тек АҚШ пен сионистік режим ие болып келген.
Ауыз сумен қамтамасыз ету ең маңызды тақырыптардың бірі болып, әрқашан мемлекеттер үшін үлкен мәселе саналды. Жер құрлығының шамамен 72 пайызы су болғанымен, бұл сулардың 97 пайызы ішуге жарамайды. Әлемнің тұщы суының тек бір пайыздан төмен мөлшері ғана оңай қолдануға келеді. Қазіргі кезде таза сумен қамтамасыз ету дүниежүзінің барлық аймақтары үшін өмірлік мәселе болып отыр. Сондықтан суды тазартып, ішуге жарамды ету саласында жаңа технологиялар мен жаңа идеялар арқылы көптеген талпыныстар жасалуда. Суды тазарту саласындағы жаңа технологиялардың бірі электродиализ (Electrodialysis) технологиясы саналады. Электродиализ ED түрінде қысқартылып таңбаланады. Бұл электр потенциалдың айырмашылығын иондарды тасымалдау үшін қозғаушы күш ретінде қолданылатын мембрандық бөлу процестің бірі. Бұл үдерісте ион алмасу шайырымен байытылған полимерлік (органикалық) мембраналар қолданылады. Катиондық мембраналар катиондарға қарағанда өткізгіш. Аниондар тек аниондық мембраналардан ғана өте алады. Екі мембрананың арасындағы кеңістік шамамен әр 15 минуттің ішінде өз катиондарын өзіне тартатын теріс заряды бар катод және оң заряды бар анод бір-бірімен ауысатындай және автоматты түрде электродтардың үстіндегі тотылармен мембраналардың тұнбалары азайады. Мембраналар полимердік бөлгіштер арқылы бір-бірінен бөлінеді. Көбінде екі мембрананың арасындағы тордың қалындығы жарты миллиметр және электродтардың қасында – бір миллиметр.
2016-шы жылдың қараша айының басында Иранда электродиализ технология арқылы су тазартатын аппараттың тұсауы кесілді. Осыған дейін бұл технология тек АҚШ пен сионистік режимде болған еді. Иран құрамында нитраты жоғары суды тазарту үшін нано технологияны пайдаланатын үшінші мемлекет. Бұл технологияға қол жеткізбестен бұрын нитрат мөлшері халықаралық стандарттан жоғары құдықтарды жабу немесе олардың нитрат мөлшері төмен сулармен араластырудан басқа шара болмады. Енді аталмыш технолгияны пайдаланып, лас су тазарып, пайдалы иондарға өзгеріс келтірмей зиян келтіретін иондар жойылады. Бұл технологияның лабораториялық үлгісі жасалып, жоғары сапада жұмыс істетіні ратсалды. Бұл технологияны пайдалану қаржы шығыны төмен, керісінше сапасы жоғары түрде судағы мышьяқ пен ауыр металдардың мөлшерін төмендетеді.
* * * * *
Иранның Амир Кабир Технологиялық университетінің зерттеушілері бірінші рет микроскоптардың астында пайдалану және жасушалар мен микробтар өсіру пайдаланатын инкубатор ойлап шығарды. Бұл инкубаторларды пайдаланып, жасушаларға электромагниттік зерттеулер жүргізуге болады. Клетканы өзінің табиғи ортасынан бөлек сақтау үшін ерекше жағдай қажет, өйткені клеткалардың өз ортасынан тыс өмірі қысқарады. Аталмыш инкубатор лабораториялар мен зерттеу орталықтарында пайдаланып, толқындардың жасушаларға тигізетін әсерін зерттеуге көмектеседі. Сонымен бірге шетелдік үлгілерімен салыстырғанда инкубатордың ерекшеліктерінің бірі жобалауы мен жасап шығаруының қаржысы төмен.
Сонымен бірге Иранның Амир Кабир Технологиялық университетінің зерттеушілері ақпаратты сақтау және өңдеу Cloud Systems жүйелеріндегі пайдаланушылардың жеке өміріне қатысты мәліметтерін қорғау тәсілін ұсынды. Бұл мәліметтерге кейде сайберлік шабуылдар кезінде кейбір бағдарламалар немесе бұл жүйеге араласу рұқсатқа ие кейбір пайдаланушылар арқышы зиян келтіріледі. Бұл салада K-Anonymity үдеріс қолданылды. Бұл әдістің басқа әдістермен салыстырғанда жылдамдығы жоғарылау.
Манчестер университетінің зерттеушілері бірінші рет Альфа толқындар ретінде белгілі миының қалыпты электр толқындарын манипуляциялау арқылы әртүрлі қиындықтарға қатысты туындайтын дертті азайта алды. Бұл жұмыс үшін альфа толқындарын құлаққап арқылы пайдалануға болады. Бұл дәрмен науқастар үшін қарапайым әр шығын төмен ем болады. Жақын арада бұл дәрмен тәсілі жетілдіріліп, дертті азайтуға қолданылады.
Иранның Амир Кабир Технологиялық университетінің зерттеушілері 5 биомасса атап айтқанда биологиялық коллаген, гиалурон қышқылы, хитозан, тары және балды пайдалану арқылы 7 күннен кейін жарақаттың тыртықтарын қалдырмай жазатын қабілетке ие жасанды тері жасап шығарды. Жасылып шығарылған жасанды тері қолданылған талшықтардың орнына пайдаланылады. Бұл зерттеу жұмыстарға қажет биологиялық коллаген тышқаннан және гиалурен қышқылы кіндік қанынан алынады.