Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 4
Ғылым мен технология дүниесінде күн сайын біздің күнделікті өмірде қолданыла алатын құралдар ойлап шығарылып, жасалады.
Осы салада ирандық зерттеушілер иіс сезу комплектін ойлап шығарды. Бұл Иранда иіс сезу қабілетін бағалайтын стандартқа сай бірінші аппарат саналады. Аталмыш комплект қарапайым тест ретінде жобаланып, адамның иіс сезімінің бұзылған, бұзылмағанын көрсетеді.
Иіс сезу комплекті ауаның ластануына қатысты иіс сезімнің бұзылуын анықтау үшін пайдаланылады. Сонымен бірге Паркинсон мен Альцгеймер сынды орталық жүйке ауруларын болжауға, сот медицинасындағы иіс сезу сезімінен айрылу себептері мен баланың дамуындағы аутизм сынды мәселелерін қарастыру үшін қолданылады. Сондай-ақ иіс сезу сезімін бағалау мен иіс сезу қабілетінің бұзылуын анықтау клиникалар мен дәрмен және зерттеу орталықтарында жүзеге асырылады. Зерттеушілердің пікірінше, бұл жоба бойынша халыққа қызмет көрсету саласында комплект екі аурухананың иіс анықтайтын клиникасында қолданылуда.
Иранның «Роян» зерттеу орталығының зерттеушілері бедеулікке әсерін тигізетін ақуызды анықтады. Сол зерттеулер бойынша, ақуыз мөлшерінің жоғары болуы аналық без синдромына шалдыққан әйелдердің бедеулігінің себептерінің бірі саналады. Ол ұрықты жатырдың ішіне қабылдау мөлшерін төмендетеді. Халықаралық медициналық зерттеулер журналында жарияланған бұл зерттеудің нәтижелері ақуыздың ApolipoproteinA1 деген түрінің аналық без синдромына шалдыққан әйелдерде дені сау әйелдермен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді. Мұнымен қатар дені сау әйелдерде аталмыш ақуыз әр күні әртүрлі және жатыр ұрықты қабылдауға дайындалған кезде ең төмен мөлшеріне жетеді. Зерттеулерді жалғастырып, бұл ақуызды толық жоятын жол табылса, бедеулікті жеңетін мүмкіндік пайда болады.
Мичиган Университетінің зерттеушілері де әйелдердің аналық безінен обыр жасушаларының таралуына көмектесетін ақуызды анықтады. Бұл ақуыздың антиденесін пайдаланған кезде обыр ісігінің өсуі мен метастаз тоқтайды. Зерттеушілердің пікірінше, олар әйелдердің аналық бездері обырының алдын алуға немесе шектеу қоюға көмектеседі.
Семнан Университеті зерттеушілерінің бірі көміртекті нанотүтікшелерді пайдаланып, ерекше жадыға ие, түрін өзгерткен соң өзінің алғашқы түріне қайтып оралатын полимерлік нанокомпозит шығарды. Бұл полимерлік нанокомпозит автомобиль шығару мен ғарыш өнеркәсібінде пайдаланылады. Көлік шығару өнеркәсібі мәселелерінің бірі авария салдарынан көліктің бамперінің бұзылуы немесе оның бояуының өзгеруі саналады. Аталмыш компонентті пайдаланып, оны қыздырғанда көліктің бампері бастапқы қалпына келіп, оны айырбастау қажет болмайды.
Иранның Азат университетінің зерттеушілері өз лабораториясында UV сәулеленуден қорғайтын, өздігінен тазалану, отқа төзімділік, бактерияға қарсы тұру қабілеті мен мұнай және су өткізгіштігі мен электр өткізгіштігі жоғары мақта маталардың үлгілерін шығарды. Мақтаның көп қолданылуы мен улы болмауына байланысты цирконий оксидінің нанобөлшектері ауруханаларда, киімде және өрт орын алуы мүмкін мекендерде пайдаланылады. Бұл зерттеулер кезінде қарапайым әдіспен жоғары сапалы, жуғанда өзгермейтін мақта-мата жасалады.
Иранның химия және химиялық инженерия салаларындағы зерттеушілері де «карбоплатин» деп аталған обырға қарсы жергілікті препарат шығарды. Бұл препаратты шығарудың мақсаты техникалық білімге ие болу және обырға шалдыққан адамдардың химиятерапия дәрменінің шығындарын азайту болды. Карбоплатин немесе параплатин – ісікке қарсы препараттар. Олар төс, жатыр, қуық, өкпе және бас пен мойын обырын емдеу үшін қолданылады. Карбоплатин – қатерлі жасушалардың бөлініп, көбею жылдамдығын төмендететін платина қосылған обырға қарсы препарат. Ол қатерлі обыр ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Бұл дәріні осы уақытқа дейін санаулы мемлекет шығарып, жыл сайын Иранға 5-8 килограмм обырға қарсы карбоплатин енгізілді. Енді ирандық зерттеушілер аталмыш препаратты шетелдік препараттың бағасының үштен бір бөліміне тең бағаға шығарады.