Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 11
Исламның ұлық пайғамбары беғсаттан кейін бүкіл ғұмырында жамағат намазына табанды болды. Ол хазірет барлық жағдайда, тіпті ауырған кезде де жамағат намазын тастамады. Сол себепті ол хазіреттің ізбасарлары мен серіктері де жамағат намазына қатты берік болды.
Абдолла Ибн Масудтың рауаятында: «Екіжүзділіктері танымал болған мұнафықтар немесе науқас адам болмаса, жамағат намазынан ешкім бұлтармайтын. Бірақ, көп жағдайларда науқас адам екі ер адамның иығына сүйеніп, зорға жүріп, жамағат намазына келетін» деген.
Мешіттің мұсылмандардың күнделікті намаз бен жамағат намазын оқитын жер екенін білеміз. Жамағат намазы – топтасып, жамағат имамымен үндестікте оқылатын намаз.
Жамағат имамы жамағаттың алдында қыбылаға қарап, намазға тұрады. Намазхандар оған бағынады. Жамағатпен оқитын намаздар күнделікті бес намазды, яғни таң, бесін, екінті, ақшам, құптан намаздарын, сонымен қатар жаназа намазы мен жұма намазын, ораза айт пен Құрбан айт намаздарын қамтиды.
Жамағат намазы дүниедегі ең салтанатты ең рухани жиындардың қатарына жатады. Сол себепті оның сауабы зор.
Адамның мешіт пен жамағат намазы жаққа басатын әрбір қадамына сауап жазылады. Егер намазхандар он адамнан асса, Құдайдан басқа ешкім оның сауабының есебін білмейді.
Бір хадиста «Жамағат намазын жақсы көретін адамды Құдай мен періштелері жақсы көреді» деп айтылған.
Пайғамбар былай деген: «Біліңдер, жамағат намазын оқу үшін мешіт жаққа жолға шыққан адамның әрбір қадамына 70000 сауап жазылып, оның 70 000 күнәсі өшіріліп, осынша мөлшерде дәрежесі жоғарылайды. Егер, осындай жағдайда көз жұматын болса, Құдай оны қабірінде зиярат етіп, жалғыздықта оның серігі болуы үшін және қайтадан тірілткенге дейін ол үшін Құдайдан кешірім сұрайтын 70 000 періштені жұмсайды».
Исламның ұлық пайғамбары беғсаттан кейін бүкіл ғұмырында жамағат намазына табанды болды. Ол хазірет барлық жағдайда, тіпті ауырған кезде де жамағат намазын тастамады. Сол себепті ол хазіреттің ізбасарлары мен серіктері де жамағат намазына қатты берік болды.
Абдолла Ибн Масудтың рауаятында: «Екіжүзділіктері танымал болған мұнафықтар немесе науқас адам болмаса, жамағат намазынан ешкім бұлтармайтын. Бірақ, көп жағдайларда науқас адам екі ер адамның иығына сүйеніп, зорға жүріп, жамағат намазына келетін» деген.
Намазхандар мен имамның арасында орнатылатын байланысты «жамағат» деп атайды.
Жамағат намазы бір адамның имамға бағынуы арқылы оқылады. Жұма намазда имамнан басқа үш ер адаммен бірге орындалады.
Жамағат намазының сауабының мөлшерін баяндағанда ардақты пайғамбар былай деген: «Маған Жебірейіл келіп, Хақ Тағала саған сәлем жолдап, саған ешбір пайғамбарға жібермеген сыйлық жіберді» деді.
«Уа, Жебірейіл, ол қандай сыйлық?» деп сұрадым. «Бес парызды уақытында жамағатпен орындауың» дегенде: «Менің үмбетіме қандай сауап болады?» деп сұрадым. Екі адам болса, әрқайсы әрбір рекет үшін оларға 150 намаздың, үш адам болса 700 намаздың, төрт адам болса 1200 намаздың, бес адам болса, 2100 намаздың, он адам болса, әрбір рекет үшін 702 800 намаздың сауабы жазылады, ал егер он адамнан асса, жын мен адам оның сауабын санай алмайды» деді.
Бағдарламаның жалғасында ислам әлеміндегі ең танымал мешіттердерің бірі Саһле мешітін таныстырамыз.
Саһле мешіті – қамари жыл санағының бірінші жылы Куфеде қайтадан салынған ең үлкен мешіттердің бірі. Бұл мешіт Куфе мешітінің солтүстік-шығысында одан екі шақырым қашықтықта орналасқан.
«Саһле» деген қызыл түсті құм жамылған жер деген мағынаны білдіреді. Бұл мешіт адам тұрмайтын, айналасы қызыл түсті құммен жамылған жерде салынғандықтан «Саһле» мешіті деп танымал.
Саһле мешіті «Ғура» мешіті деп те аталған. «Ғура» мешіті деп аталуы мүміндердің әміршісі имам Әлиден қалған рауаятқа байланысты. Имам Әли: «Куфе қаласында әрқайсы мешітке ие 4 қасиетті мекен бар» деген. Хазіреттен олардың атауын сұрағанда ол: «Оларың бірі – Саһле. Саһле мешіті – Қызыр нәбидің мекендеген орыны. Бұл мешітке ешқандай қайғылы жан енбейді. Ене қалған жағдайда Құдай оның қайғысын жояды. Біз, пайғамбар ұрпағы Саһле мешітін «Ғура» мешіті деп атаймыз» деген.
Саһле мешіті шабестан мен алаңнан тұрады.
Бұл мешіттің әртүрлі бөлімдерінде пайғамбарлар мен пәк имамдардың аттарымен аталған михрабтар салынған. Олар «мағам» деп аталған. Сол мағамдардың бірі – батыс және солтүстік дуалдың ортасында орналасқан хазірет Ибраһимның мағамы.
Рауаятта бұл мешіттің хазірет Халил Ыбырайымның үйі болғаны, осы мекеннен Амалеға қауымы жаққа барғаны айтылған.
Амалеға қауымы бойлары өте ұзын, ірі, үлкен үмбет болған. Хазірет Ыбырайым Һаджермен бірге Меккеге келместен бұрын сол жерде тұрған.
Хазірет Ыдырыстың мағамы – Саһле мешітінің келесі қасиетті мекендерінің бірі.
Бұл мекен Бейт ал-Хезр деп те танымал. Имам Садық бір рауаятта өз шәкірттерінің біріне: «Куфеге енген кезде Саһле мешітіне барып, сол жерде намаз оқы. Сол кезде өзіңнің материалды және рухани қажеттіліктеріңді Құдайдан сұра. Саһле мешіті Ыдырыс нәбидің үйі болды. Хазірет Ыдырыс ол жерде киім тігіп, намаз оқыған. Саһле мешітінде Құдайға жалбарынып, намаз оқыған адамның сұраған қажеттіліктерінің барлығын Құдай орындап, қиямет күні оны хазірет Ыдырыстың дәрежесіне көтеріп, дүниенің қиындықтары мен дұшпанның айла-шарғыларынан құтқарады» дегені айтылған.
Хазірет Салеһтің мағамы – мешіттің шығыс жағындағы оңтүстік-шығыс дуалдарының ортасында орналасқан мешіттің келесі мағамдарының бірі. Ол «Салеһин», «Әмбиа», «Мурселин» мағамы деп те танымал.
Имам Садеқтың мағамы да мешіттің ортасында орналасқан. Тарихи рауаяттарға сәйкес, хазірет имам Садық сол жерде біраз уақыт тұрақтап, ғибадат етіп, дұға тілеген.
Саһле мешітінің келесі маңызды мағамдарының бірі – имам Хаманның мағамы. Бұл мағам да мешіттің орталық бөлігінде, имам Саджад пен хазірет Йунестің мағамдарының ортасында орналасқан.
Осы жерде бүгінде ғимарат салынған. Бұл мағамға арнайы зияратнама жазылған. Олар басқа дұғалармен бірге оқылады.
Саһле мешіті – сауабы тұрғысынан әл-Харам, ән-Наби, әл-Ақса және Куфе мешіттерінен кейінгі бесінші мешіт.
Сенімді бір хадиста имам Садық адал досы Аба Басирге: «Аба Басир! Бір күні исламның перзенті хазірет Меһдидің жасырынудан кейін отбасымен Саһле мешітіне келетінін көреміз» дегенде Абу Басир Хазірет Садықтан «Ол мешіт Ғаемнің үйі болады ма?» деп сұрағанда хазірет: «Ия, бұл мешіт хазірет Ыдырыс пен хазірет Ыбырайымының да үйі болған. Құдай осы мешітте намаз оқымаған ешкімді пайғамбарлыққа таңдаған жоқ. Хазірет Хызырдың тұрағы осы мешіт болған. Осы мешітте тұрған әрбір адам пайғамбардың құжырасында тұрақтаған сынды. Шарапатты мекенде намаз оқыған, соңынан таза ниетпен дұға тілеген адамның тілегі орындалады. Егер біреу қорықаннан сол жерді паналаса, Құдай оны қатерден аман сақтайды» деді.
Абу Басир имам Садықтан: «Бұл мекен шынымен көптеген артықшылықтарға ие ме?» деп сұрағанда хазірет «Оның артықшылықтарын санамалап берейін бе?» дейді. Мен келіскенде хазірет Садық: «Саһле мешіті – ұлы Алла сол жерде дұға оқылғанды жақсы көретін мекендердің бірі. Ол мешітті періштелер зиярат етпейтін, Құдайға ғибадат етпейтін түн мен күн жоқ. Егер мен осы мешітке жақын тұрғанымда барлық намазымды сол жерде оқыған болар едім» деді.
Осы мешіттің келесі артықшылықтарының бірі туралы имам Садықтың Хезрами атты шәкірті былай дейді: «Имамнан «Құдайдың үйінен кейінгі ең көп артықшылыққа ие мекен қайда?» деп сұрағанда «Хазірет Куфеде» деп жауап берді.
Ол жерде Саһле мешіті орналасқан. Ұлы Алла сол мешітте намаз оқымаған ешбір адамды пайғамбарлыққа таңдаған жоқ.
Алланың әділеті сол мешіттен көрініп, Ғаем сол жерде орналасатын болады. Ол жер – пайғамбарлар мен пайғамбарлардың орынбасарларының үйі (Бихар ал-Анвар, 100-том).