Сәу 19, 2017 16:43 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 12

Мешіттің негізгі жұмыстарының бірі жамағат намазын өткізу болып табылады. Жамағат намазы жамағатпен бірлікте оқылады. Халықтың алдында тұратын адамды «имам» деп атайды.

Исламдық тағылымдар бойынша жетекші, имамат міндетін өз мойнына алған адам басқаларға қарағанда ерекшеліктер мен артықшылықтарға ие болуы керек. Жамағат намазындағы имамның білімі, ғамалы, иманы мен әділеті басқалардан жоғары болуы қажет. Алла елшісі: «Әр қоғамның жамағат имамы – Алланың алдындағы сол қоғамның өкілі, Сондықтан жамағат намазының имамы ретінде ең жақсыларыңды сайлаңдар»,- деген.

Хайф мешітіндегі жамағат намаз

 Жамағат имамының маңызды шарты намаз оқитын адамдардың арасында беделді болуы саналады. Яғни, намаз оқитын адамдар оны өздерінің имамы ретінде қабылдау керек. Жамағат имамы білімі мен пәктігі, әділеті мен қарапайымдылығы және жақсы мінез-құлқына байланысты беделге ие болатын болса, намазхандар оған ілесіп, намаздарын орындайтын болады. Жамағат имамының білімі жоғары болған сайын халықтың оған деген сенімі артады. Дәл осы мәселе оған деген махаббатты артады. Жамағат имамының білімі мен ахлағы намаз оқитын адамдардың діни пікірлерінің дамуына себеп болады. Егер, мешіттің жамағат имамы Құран Кәрім мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің хадистерін жақсы түсініп, көркем сөздермен өз тыңдарманын оқытса, өзінің негізгі және діни мақсатына жақындайды. Жамағат намазы имамының маңызды және негізгі шарттарының бірі оның әділ болуы саналады. Әділет адамды үлкен күнәлардан  сақтап, кішкентай күнәларды қайталаудан алыстатады. Әділет пен күнә жасамау күшіне ие болу адамдардың ішкі істері болғанымен, адамдардың өмірі мен іс-қимылдарынан олардың әділетке ие, немесе ие емес екендітерін түсінуге болады. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде имамнан: «Адамның әділетін қалай білуге болады?»- деп сұрағанда, хазіреттің: «Адамның ұятты әрі қарапайым болып, асы мен сөзі және шәһуатын күнәға ластамай, зинақорлық, өсімқорлық, шарап сынды үлкен күнәлардан алыстап, керісінше мұсылмандардың жамағатына қатысудан алыстамаса, мұндай адам әділ адам аталып, оның кемшіліктерін халыққа әшкерелеу харам саналады»,- деп жауап бергені айтылған. Алла елшісі хадистерінің бірінде жомарт  және адал адамды былай сипаттайды: «Мәмілелерде халыққа зорлық-зомбылық жасамайтын, өтірік айтпайтын, уәделерін орындайтын адамның адамгершілігі кемел әрі әділеті айқын болады»,- деген. Мешітке қатысты келесі ең маңызды мәселеге жамағат намазының намаздың уақыты келісімен, ал  ұзаққа созылатын дұғалар мен құтбаларды намаз аяқталған соң оқылуы жатады. Жамағат намазына қатысатын адамдар әртүрлі таптардан болатындықтан, жамағат имамы үшін олардың сабырлығы, мүмкіндігі және физикалық жағдайына назар аудару қажет болып табылады. Келесі хадисте: «Жамағат имамы болған адам намазды қысқа орындауы керек, өйткені жамағат намазына келушілердің арасында науқас, қарт, жасөсіпірімдер болатындықтан, олар жеке қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Ал намазды жеке оқыған кезде оны асықпай ұзартып оқы»,- деп айтылған. Күндердің бірінде Исламның ұлық пайғамбары зуһр және аср намаздарын оқып, соңғы екі рекетті әдеттегіден жылдамырақ оқиды. Намаз аяқталған соң сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Намаз  кезінде бір нәрсе болды ма?»- деп сұрады. Пайғамбар: «Неге?!»- деп сұрағанда сахабалары соңғы екі рекетті жылдам оқғанын айтты. Хазірет: «Баланың жылаған дауысын естімедіңдер ме?»- деп жауап береді. Бұл жауабы пайғамбрдың намаз кезінде айналасында орын алып жатқан оқиғаларға немқұрайдылық танытпайтынын көрсетеді.

**************************************

Хиджаз жеріндегі тарихи мешіттердің бірі Хайф мешіті

Мина аймағының үлкен әрі маңызды мешіттерінің бірі әл-Харам мешітінен 70 километр жерде орналасқан Хайф мешіті саналады. «Хайф» деген сөздің лексикалық мағынасы биік қырдан төмен, судың ағынынан жоғары мекен дегенді білдіреді. «Хайф» деп сондай-ақ, айналасы су ағыны мен аңғардан биік бірақ, екі қырдың ортасында орналасқан жерге де айтылады. Хайф мешітінде намаз оқитындар көптеген сауаптарға ие. Осыған орай: «Жетпіс бес пайғамбар Алланың үйіне зиярат жасауға келіп, барлығы Мина мешітінде (Хайфада) намаз оқыған. Сондықтан, егер Хайф мешітінде намаз оқитын мүмкіндік туса, немқұрайдылық танытпаңдар»,- деп айтылған болатын.

Хайф мешіті мұсылмандардың Меккенің мүшіріктерін жеңгенін еске салады. Тарихтағы мәліметтер бойынша, хиджраттың бесінші жылы Меккенің мүшіріктері еврейлердің түркілерімен арабтардың кейбір тайпалары арасынағы бірлік келісімге қол қойып, Мединеге шабуыл жасап, Исламның тамырын жоюды көздейді. Олардың келісімге қол қою үшін жиналған мекені кейін Хайф мешіті салынған жер болды. Негізінде мүшіріктердің Исламға қарсы келісімге келген мекенінде мешіттің салынуы құрайыштардың араб тайпаларымен орнатқан бірлігінің сәтсіздікке ұшырағанын еске салады. Кейбір тарихшылардың пікірінше, Исламның ұлық пайғамбары өмірінің соңғы жылдарында Меккеге оралған кезде Хайф мешітінде сөз сөйлеген. Сол сөзінде пайғамар халықты бірлікке шақырып, илаһи заңдардың алдында барлық мұсылмандардың теңдігін жариялады. Содан соң  халықты өзінен кейінгі халифатқа дайындап:  «Менің айтқаныма құлақ асып, оларға жүректерінен орын тауып, оларды сақтап, естімегендерге жеткізетіндердің өмірін Алла көркейтеді. Уа, халайық! Естіген сөздерді бұл жерде жоқ адамдарға жеткізіңдер. Адамдардың көбі білімді басқаларға жеткізеді, бірақ өздері  оған мән бермейді. Адамдардың көбі білімді өздерінен білімдірек адамдарға жеткізеді. Уа, халайық! Мен сендерге екі нәрсені қалдырамын»,- деді. Халық: «Уа, Алланың елшісі! Ол не нәрселер?»- деп сұрады. Хазірет: «Алланың кітабі және менің әулетім. Мейірімді Алла бұл екеуінің бір-бірінен бөлінбейтіндігін және қиямет күні Каусардың қасында өзіме оралатыны туралы хабарлады»,- деді. Хайф мешітіндегі сөзінен кейін пайғамбар Джохфе мекеніндегі Ғадир Хомда Әли бен Абиталеб (ғ.с.)-ның велаятын жариялап: «Мені басшысы деп санаған адам үшін Әли де – оның басшысы»,- деді. Осман империясы кезінде Алла елшісі намаз оқыған жерде үлкен күмбез бен михраб салынып, Хайфтегі пайғамбардың намаз оқыған жері белгіленді. Тарихи мәліметтер бойынша, қамари жыл санағының 240 жылдағы су тасқыны кезінде Хайф мешіті қирады. Бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан жөнделіп, мешітті сақтап қалу үшін су тасқынының алды алатын әрекет жасалды. Мешіттің  сол кездегі ұзындығы 120 метр, ені 55 метр болған. Сондықтан Хайф мешіті Хиджаздың ең үлкен мешіттерінің қатарына кіретін. Бұл мешіт сол кезде, тіпті әл-Харам мешітінен де үлкен болды. Хайф мешіті қамаридің 874 жылы Мысырдың мәмлүк сұлтандарының бірі Қайтанбай сұлтанның бұйрығымен  қайта  жөндеуден өткізілді.

 Мешіттің көне әрі айбынды ғимаратынан соңғы ғасырға дейін ортасында «хазірет Ибрахим мағамы» деп танымал мұнарасы да бар кесене мен төрт қабырға қалған болатын. Қамари күнтізбесінің 1407 жылы мешітті үлкейту жобасын іске асыру басталып, мешіттің көлемі төрт есе артып, шамамен 30000 намаз оқитын адам сиятын 250 текше метрге жетті. Осы күні бір-бірінен көп қашық орналасқан төрт мұнарасы таудың қасында Джамарат жолында орналасып, мешітті көрікті етіп көрсетеді. Бірақ жөндеу жұмыстары кезінде мешіттің күмбезі мен михрабы алынып тасталды. Бұл мешіттің есігі  Минадағы «бейтуте күндері» (зейхадже айының тоғызы Арафа түні мен осы айдың он бірі, он екісі және он үші түндері таңға дейін) ғана ашық, жыл бойы барлық күндері көбінде жабық болады.

Хайф мешіті