Ұлы тұлғаның алдында 63
Гуманитарлық ғылымдар – адамның зияткерлік және философиялық ережелерін баяндайтын негіздердің бірі. Адамның ықтияр, жігеріне қатысты болғандықтан, гуманитарлық ғылымдар материалдық қатынасты анықтауды мақсат ететін басқа ғылымдардан айырмашылықтарға ие.
Гуманитарлық ғылымдар – арнайы қоғам немесе арнайы адамға қатысты емес, тарихтың бойында, тарихи мәдениетте пайда болған ғылым. Батыс қоғамы, әсіресе Ренессанстан кейін жеңіске жетіп, оған көп әсерін тигізді. Сондықтан адамның немесе қоғамның іс-қимылдарын өзгертуді көздейтін заманауи гуманитарлық ғылымдар көбінесе Батыстың негіздеріне сәйкес қалыпасты. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл мәселені растап, Батыстың гуманитарлық ғылымдарың негіздерін материалдық ой-пікірлер деп атап: «Батыстың гуманитарлық ғылымдары жаратылған әлем туралы басқа, көбінесе материалдық көзқарасқа ие»,- деді. Оның негізі Аллаға сүйенбеген, әлем мен адамды материалдық тұрғыдан таниды. Бұл дүниетанымда адам дүниелік өмірге, яғни өз көзімен көріп, өз сезімдері тәжірибеден өткізген дүниемен ғана шектеледі. Бұл ғылымда уәһиге орын жоқ, философиялық және мәдени негіздер мен шариғат көрініс таппайды. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша олардың негіздері діни негіздерге толығымен қайшы: «Бүгінде кеңінен таралған гуманитарлық ғылымдар исламдық қозғалыс пен исламдық жүйеге қайшы мәтінге ие. Батыстың гуманитарлық ғылымдарының негіздері илаһи және тауһидтік емес. Оның негіздері материалдық әрі исламдық діни негіздермен үйлеспейді». Жаратылыстану ғылымның тақырыбы адамнан тәуелсіз. Алайда гуманитарлық ғылымның тақырыбы адамның өзіне қатысты. Барлық ғылымдар тең, олардың рухы гуманитарлық ғылымдар болды деп айтуға болады. Сол себепті гуманитарлық ғылымдар жаратылыстану ғылымдармен салыстырғанда маңыздылыққа ие. Өйткені, жаратылыстану немесе инженерлік-техникалық ғылымдардың қатерлі немесе пайдалы болуы айқын құбылыс. Мәселен, есірткі мен атом бомбасының қатері айқын, бірақ гуманитарлық ғылымның жалған негіздері айқын емес. Жасырын түрде қоғамның мәдениетін нысанаға алып, оны өзгертеді. Сондықтан, студенттер, әсіресе гуманитарлық ғылымдар саласының студенттері арасындағы дін мен діни мәселелерге деген маңыздылық басқа жоғары оқу орындарынан ерекше. Жоғары оқу орындарынан білім алудан кейін діни мәселелердің маңыздылығы төмендеп, кейде мұндай мәселелерді ырымшылдық санайды. Өйткені, олардың кітаптарынынң негіздері секуляризмге сүйенген Батыс негіздері болып табылады. Бұл ғылым адамгершілік негіздерін нысанаға алып, пайда мен зиян, дүниелік ләззаттар мен материалдық қиындықтарды көздейді. Аятолла Хаменеи бұл жағдайды сындарсыз деп атап: «Гуманитарлық ғылымдардың пікірталастарының көбі материализм, адамды хайуан санау, адамдардың Алланың алдында жауапкершілігін түсінбейтіндігі сияқты мәселелерге сүйенеді. Батыстықтар айтқан нәрселер жастарға ауысады. Біздің гуманитарлық ғылым Құран мен Исламның негіздеріне қайшы қалыптасты. Батыстың гуманитарлық ғылымы материалдық көзқарасқа сүйенеді. Мұндай көзқарас қате»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша гуманитарлық ғылымдар жол нұсқап, ойлануға үйретеді, қоғамның мақсатын белгілейді. Аятолланың гуманитарлық ғылымдарды қуаттауының маңызды себептерінің біріне Иран дамушы мемлекет болғандықтан, алға ілгерілеу үшін мақсаты мен жолы анықталған кемел үлгіні қажет етеді. Мұндай үлгілер мен критерийлер гуманитарлық ғылымдардың міндетінде. Адамның жаратылуы туралы сараптау экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйеге терең әсерін тигізеді. Содан дәл осы негіз бойынша даму үлгісі белгіленеді. Сондықтан Ислам революциясының жетекшісі: «Ислам адамды екі қыры, яғни, осы дүниесі мен ақыреті бар жаратылыс санайды. Осыған орай оның алға ілгерілеуі үшін екі тұрғыны қарастыру қажет. Егер өркениет, мәдениет немесе діннің біреуі оған тек жалғыз қырынан қарайтын болса, оның тек материалдық осы дүниедегі өміріне ғана назар аударатын болады. Негізінде, Исламның қисыны адамды екі қырынан жаралған деп санайды. Біздің еліміз бен исламдық қоғамымыз халықтың қазіргі дүниесін жақсартуымен бірге халықтың ақыретін де жақсартуы қажет. Пайғамбарлар дүниені де, ақыретті де қажет етеді»,- деді. Батыстың гуманитарлық ғылымы дінге сүйенбейді. Керісінше, кейде оған бұйрық жүргізгісі келеді. Ақыл бұл ғылымды түсінбесе, қиындықа ұщырайды. Діни негіздер бойынша ақыл шындықтың бір бөлімін түсінсе, бір бөлімін түсінбейді. Сондықтан, бұл бөлімде дінге сүйеніп, уіһи тағылымдарына жүгінеді. Діни жетекшінің ақыл-кеңестері гуманитарлық ғылым саласында Құранға сүйеніп, зерттеу жасауға қатысты. Құран адамды дұрыс жолға нұсқайтын кітап және адамның назарын түрлі тұрғыларға аудартады. Осыған орай Құран тағылымдарын оқу қажет. Ол елдің Құранды зерттеумен айналысатын ханымдарда кездесуінде: «Гуманитарлық ғылымды біз аударма түрінде, ешбір исламдық зерттеу туралы ойламанбастан, жооғары оқу орындарымызға әкеліп, әртүрлі бөлімдерінде оқытамыз. Негізінде, гуманитарлық ғылымның тамырын Құраннан алу керек. Зерттеу жұмыстарының маңызды бөлімінің бірі Құранды зерттеу болып табылады. Әртүрлі салаларға қатысты Құранға көңіл аударып, гуманитралық ғылымның негізін Құраннан іздеп табу керек. Егер, бұл іс орындалса, гуманитарлық ғылыммен айналысатын ойшылдар, зерттеушілер мен сарапшылар оның негіздерін қалыптастыра алады. Оның негізі Құран болғаны жөн. Бізд гуманитарлық ғылым саласында зерттеу мен жаңашылдықты қажет етеміз. Гуманитарлық ғылымның құқық, экономика, саясат және басқа бөлімдерін қалыптастыратын негізгі түсініктер біздің исламдық терең мәдениетімізде бар. Сондықтан соларды пайдалануымыз керек»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи заманауи ғылыммен қарым-қатынас орнатуды қажет санайды. Бірақ бұл қарым-қатынастың біржақты болмауы керектігін ескертіп: «Сондықтан, оны қабылдауға бола ма, болмай ма деп зерттеген дұрыс. Ойланып, пікірімізді айтып, дүниедегі білімдерді пайдаланайық» деді. Ол хазірет Иранның ғылым саласындағы көрнекті тұлғаларымен кездесуінде: «Менің пікірімше, ғылыми саладағы үлкен кемшілігіміз мынада: біз ондаған жылдар бойы шетелдік мәтіндерді қайталап, оқып, жаттап, солардың негіздері бойынша тәлім-тәрбие береміз. Бірақ, өзімізге сұрақ қоймаймыз. Ғылыми мәтіндерді оқып, білімді әркімнен үйренуге болады. Бірақ, білім жоғары болып, ғылымды алға ілгерілететін батыл рух қажет. Дүниедегі ғылыми революциялар осылай орын алды»,- деді.