Илаһи басшылар 2
Уа, Әмине! Сенің перзетіңнің болмысында бұрынғы пайғамбарлардың қасиеттері, атап айтқанда хазірет Нұхтың батылдығы, хазірет Ибрахимнің ықыласы мен Жаратушыға тәуекел етуі, хазірет Жүсіптің сұлулығы, хазірет Салихтың шешендігі, хазірет Мұсаның табандылығы, хазірет Исаның сопылығы мен кешірімділігі қалыптасты» деген үн естілді.
Сол түні Әмине таңғалдырарлық сезімге бөленді. Жұбайы Абдолланың қайтыс болғанынан бірнеше ай өтіп, ол күні-түні жұбайын қайғырумен болды. Сәбиінің дүниеге келетін уақыты таяды. Сол сәтте ол «Әттең, Абдолла тірі болғанда ғой, мені жалғыз қалдырмағанда ғой» деп ойлады. Сол кезде Алланың мейірімімен Әминенің үйі нұрланды. Ол өз көзіне сенбеді. Әмине аспандағы жұлдыздар үйіне төгілгендей сезінді. Оның таңданысы аяқталмастан бұрын оның қасына нұрға бөленген әйелдер келді. Үйі нұрға толды. Әйелдердің бірі: «Мен, Перғауынның әйелі – Әсиямын»,- деді. Содан соң екіншісі өзін Имранның қызы Мәриям деп таныстырды. Сәлден кейін Әмине болмысы әлемді жарқыратқан ұлын дүниеге әкелді. Сол кезде: «Уа, Әмине! Сенің перзетіңнің болмысында бұрынғы пайғамбарлардың қасиеттері, атап айтқанда хазірет Нұхтың батылдығы, хазірет Ибрахимнің ықыласы мен Жаратушыға тәуекел етуі, хазірет Жүсіптің сұлулығы, хазірет Салихтың шешендігі, хазірет Мұсаның табандылығы, хазірет Исаның сопылығы мен кешірімділігі қалыптасты» деген үн естілді.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – Абдолланың перзенті, ал Абдолла Абдулмуталибтың перзенті. Хазірет Әминенің анасы Уаһабтың қызы болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) умм әл-Фил жылыа (миладидің 570-ші жылында), яғни Абраһе пілге мінген әскерімен Меккеге шабуыл жасап, Қағбаны қиратқан жылы раби ул-аууал айының 17 күні Меккеде дүниеге келді. Алла Тағала «Фил» сүресінде бұл оқиғаны баяндады. Алла елшісі дүниеге келген кезде жер сілкініп, оның әсері бүкіл әлемге жетті. Пұтқа табынушылардың табынатын шіркеулері мен ғибадатханалары, пұттары қирап, сиқыршылар мен балгерлердің жағдайлары қиындады. Аспаннан осы уақытқа дейін көрінбеген жұлдыз көрініп, Касроның кіре берісі сілкініп, оның 13-14 тірегі құлап, мың жылдан артық уақыт бойы өшпеген Фарс отханасының оты сөнді.
Араб ақсүйектері рәсім бойынша өз перзенттерін күтушілерге тапсыратын. Бұл аймақта Бани Саад тайпасының күтушілері танымал болған. Олар қаржыны қажет етіп, белгілі уақыттарда Меккеге келіп, әрқайсы бір-бір сәби алып, тәрбиелеп, қарау үшін өздерімен алып кететін. Бірақ құрайыштың сәби ешбір әйелдің сүтін қабылдамады. Бір кезде Халиме Саадие келді. Абдолмуталиб одан қай тайпадан екенін сұрады. Ол Бани Саад тайпасынан екенін айтты. «Атың кім?» деп сұрағанда ол «Халиме» деп жауап берді. Абдолмуталиб оның есімі мен тайпасының атын естіп, қуанып: «Жарайсың, жарайсың. Екі жақсы сипат: бір жағынан бақыт, басқа жақтан төзімділік пен табандылық» деді. Сәби тынышталып, Халименің құшағына еніп, оны жатырқамады. Амине мен Абдолмуталиб баланың күтушісін таңдағанын көріп, Аллаға шүкіршілік айтты. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Халименің үйіне кіруі оның отбасының қуанышына себеп болды. Тарихшылар Халименің сөзіне сілтеме жасап, оның: «Мұхаммадты үйіме әкелгеннен бастап, күннен күнге үйімнің берекесі мен мал-мүлкім артты» деген сөзін келтірген.
Абдолмуталибтің немересі бес жыл бойы Бани Саад тайпасында өмір сүрді. Біраз уақыт далада өмір сүргеннен кейін Мұхаммад Меккеге оралып, анасы Әминеның махаббатына бөленді. Алты жасқа толған Мұхаммад (с.ғ.с.) терең ойы, көркі және ақылды сөзімен баршаға сүйікті болды. Ол күндердің бірінде анасы Әминемен бірге туыстарын көру үшін Мединеге сапар шекті. Бірақ қайтып келе жатқан кезде жол ортасында анасы науқастанып, қайтыс болды. Абдолмуталиб Мұхаммадтың (с.ғ.с.) тәрбиесін өз мойнына алды. Алайда көп ұзамай сегіз жастан аспаған кезде Абдолмуталиб қайтыс болып, Мұхаммад бұл тәрбиешісінен де айрылды. Содан кейін Мұхаммад көкесі Абуталибтың үйіне келіп, жасөспірімдік кезеңі мен жастық шағын осы үйде өткізді. Мұхаммад (с.ғ.с.) бала кезінде далада қой бағып, кейін де бұл ісін жалғастырды. Шын мәнінде, илаһи пайғамбарлардың көбі өмірлерінің бір бөлімінде, набават деңгейіне жетпестен бұрын жастық шақтарында қой баққан. Біраз уақыт бойы адамдарды тәрбиелеген кезде сабыр сақтап, қиындықтардан оңай өтуді үйрену үшін мал бағумен айналысқан. Басқа жақтан бұл іс Мұхаммад (с.ғ.с.) үшін Меккенің бұзық қоғамынан алыста болып, хазіреттің аспан мен аспандағы жұлдыздарды зерттеп, жаратылыстың құпиялары туралы ойлануына мұрсат болды. Мұхаммад (с.ғ.с.) жасөспірім кезінде ерекшеліктерге ие болып, өзімен жасты балалардан өзгеше болды. Бұл кезең қарапайым адамдар үшін белсенділік танытып, шаһуат пен өтпелі құмарлыққа ластанатын уақыт болса, жас Мұхаммад (с.ғ.с.) үшін пәктік, шындық, ойлану мен адамгершілік және абыроймен өмір сүретін кезең болды. Хазірет Мұзаммад (с.ғ.с.)-ның жас кезінде орын алған оқиғалардың бірі хазіреттің жәбір көргендерді қорғайтын келісімге қатысуы болды. Құрайыш тайпасының мүшелері кейбір уақытта бөгделерге немесе Меккеде жақындары жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсететін. Мәселен, күндердің бірінде Йеменнің ер адамы өз тауарымен Меккеге келгенде бір адам оның тауарын сатып алғанымен, ақшасын төлемейді. Олардың арасында дау туады. Йемендік сатушының көзі Қағбаның қасында отырған құрайшықа түседі. Ол айқайлап, әділет талап етеді. Құрайыштардың кейбір тайпалары жиналып, жәбір көрген адамның құқығын залымнан қайтаруды талап етеді. Олар бірігіп, мүмкіндіктеріне қарай әлсіздердің құқықтарын залымдардан қайтаруға талпыныс жасауға келіседі. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қатысқан бұл келісім сол кезде арабтардың арасындағы ең әділ келісім болды.
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өмірі хазіреттің надан және тұншықтыратын ортада өзін жамандықтар мен күнәләрға ластамай, пәк сақтауымен бірге Араб түбегінің лас кеңістігінде баршаға өзінің пәктігімен танымал болып, «Амин» деген лақап атқа ие болғанына куәлік етеді. Бұл мәселені хазіреттің беғсатынан бұрын Меккеде орын алған тарихи үлкен оқиға дәлелдейді. Меккенің ақсақалдары Алланың үйінің ұзындығы мен енін кеңейтуге шешім қабылдайды. Осыған орай олар жоспар құрып, діннің көзқарасы бойынша қасиетті саналатын Хаджар әл-Асвадты (Қағбаның бұрышындағы қара тас) қайда орнату туралы мәселе туады. Бұл мәселеге қатысты Меккенің үлкен төрт тайпасының арасында қайшылық пайда болады. Олардың әрқайсы Хаджар әл-Асвадты өз қолымен орнатқысы келді. Бұл қайшылық күшейіп, қолға семсерлер алынып, барлығы соғысқа дайындалды. Олар қалауларына күш арқылы жетуді көздеді. Құрайыш ақсақалдары бұл маңызды мәселені шешіп, соғыс пен қантөгістің алдын алып, Меккені құтқару үшін кеңесті. Олардың арасындағы жасы басқалардан үлкен Абу Амие бен Моғаире Махзуми: «Бұл соғыс пен қантөгісті шетке қойып, мәселені шешетін келесі жолды қабылдаңдар. Сафаға кірген бірінші адам төрелік етсін»,- деді. Барша келісті. Кенет мешітке жас құрайыш кіріп келді. Барша: «Бұл Мұхаммад «Аминның» өзі, біз оның шешіміне ризамыз»,- дейді.
Хазірет Хаджар әл-Асвадты орнату рұқсаты белгілі бір тайпаның қолына түспеуі және басқа тайпалар арасында кек өрті лауламас үшін барша қабылдаған жобаны ұсынды. Хазірет өзінің абасын жерге жайып, тасты соның ортасына орналастырып, әр тайпадан бір адам сайлап, абаның төрт бұрышын төрт тайпадан сайланған адамға ұстатты. Сөйтіп, барлық тайпалардың көмегімен Хаджар әл-Асвадты орнатылатын мекеніне апарғызып, тасты өз қолымен орнатып, үлкен дауды тоқтатты. Алла елшісі өзінің ресалатынан бұрын бұзақылық пен күнәға толы ортада өмір сүргенімен, оның пәктігін барша қабылдады.