Такфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 1
Такфиршіл лаңкестік топтардың уаһабшылардың жан-жақты қолдауымен жасалып жатқан әрекеттері әлем мұсылмандарының қоғамы мен Ислам дініне шынайы зардап келтірді.
Қазіргі кезеңде ислам әлемінің бетпе-бет келіп отырған ең маңызды қоқан-лоққыларының бірі такфирлік пен такфиршіл топтардың мәселесі саналады. Тек өз идеологиясы мен әрекетін шындық деп санайтын бұл ағым басқа наным-сенімдер мен әрекеттерді күпір, көп құдайға табынушылық деп біледі. Такфиршіл және лаңкестік топтардың әрекеттерінің кеңеюімен Таяу Шығыс пен Африка аймақтарында жан түршіктірерлік оқиғалар орын алуда. Аймақтың кейбір мемлекеттері Батыс үкіметтері такфиршіл топтарды ырымшыл наным-сенімдерінің мұсылман халықтарға зиян келтіруіне назар аудармастан, аймақтың географиясын өз мүдделеріне өзгерту үшін пайдалануда. Исламның атын пайдаланып, ешбір қылмыстан бас тартпайтын ағымдар олардың қате және бұрмаланған наным-сенімдерін қабылдамаған немесе сынаған адамдарды өлтіріп тастайды. Такфиршіл ағымдар ақпарат кеңістігінде де белсенді жұмыс жасап, әлемнің әртүрлі елдерінің көптеген жастарын өздерінің қатарына тартуда. Сирия мен Ирактағы және Солтүстік Африканың кейбір мемлекеттеріндегі такфиршіл және лаңкестік топтар әртүрлі елдердің азаматтарынан құрылған. Мәселен, Сириядағы такфиршіл лаңкестік топтардың мүшелерінің 80 мемлекеттен жиналғаны жарияланды. Такфиршіл топтар бір жақтан ең қатыгез қылмыстары арқылы үрей тудырып, өздерінің бақылауына түскен аймақтарда билігін орнатқысы келеді. Басқа жақтан олар қол астындағы ақпарат арналарын Сауд Арабиясын басқаратын уаһабшылардың қаржылай қолдауымен әртүрлі исламдық мазхабтардың, әсіресе шиіттер мен сүнниттердің арасында кек пен қайшылық тудыруға талпынуда. Такфиршіл лаңкестік топтардың уаһабшылардың жан-жақты қолдауымен жасалып жатқан әрекеттері әлем мұсылмандарының қоғамы мен Ислам дініне шынайы зардап келтірді. Ондаған мың адам Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың дағдарысты аймақтарында орналасты немесе әлемнің жер-жерінде лаңкестік әрекеттердің салдарларынан өліп, кейбіреулер баспанасыз қалды. Сирия мен Ирактың ежелден келе жатқан инфрақұрылымдары қиратылды. Бәрінен маңыздысы, Ислам дінінің рақымды әрі әділ бейнесі такфиршіл лаңкестік топтардың әрекеттерінің салдарларынан бұрмаланып көрсетілуде. Такфиршілдер исламдық тағылымдарды қате түсініп, исламды қатыгез әрі асыра сілтеуші дін етіп көрсетуде. Батыс үкіметтері мен ақпарат құралдары да хабардар түрде мұсылман елдеріндегі өздерінің араласушы саясаттарын ақтап, такфиршіл лаңкестік топтарының қатыгез әрекеттерін мейірімді, адамгершілік пен бейбіт өмір сүруді қуаттайтын Исламмен байланыстыруда. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қасиетті Ислам дінін қолдайтын ақпарат құралдарының маңызды міндеттерінің бірі такфиршіл топтардың болмысын анықтап, қоғамдық пікірді олардың Ислам діні туралы қате және бұрмаланған наным-сенімдерімен хабардар ету болып табылады. Такфиршіл топтардың үрейлі және адамгершілікке жат әрекеттерінің Ислам дінінің сенімдеріне еш қатысы жоқ. Тарихи такфиршіл ағымдардың үш кезеңі бар: Такфиршіл ағымдардың бірінші кезеңі адамдарды оңай әрі жылдам такфиршіл деп атамады. Такфиршіл ағымдардың екінші кезеңінің басталуы саналатын әл-Қаида мен ДАИШ сынды топтардың пайда болуынан кейін такфиршіл ағымдардың әрекеттері алға ілгерілеп, бұл топтар адамдарды кез келген сылтаумен такфиршіл деп санайтын болды. ДАИШ негізгі үлгісі болып саналатын такфиршіл ағымдардың үшінші кезеңінде олар бірінші шиіттерді, олардан кейін Такфиршіл емес сүнниттерді, соңында Батысты дұшпан санады. Бұл ағымдар күпірлік пен әлемдік үстемдікке қарсы болудығ орнына көбінесе мұсылмандарға қарсы тұрып, күпірлерді Исламның шынайы жүзін теріс көрсетуге пайдаланды. Такфиршіл ағымдардың исламның дұшпандарына, әсіресе сионистерге исламға соққы беру саласында жасаған қызметтері исламға дұшпандық білдіретін сионистер мен Батыс үкіметтерінінң соққыларынан артық болды. Барлық такфиршіл ағымдардың идологиялық негіздері ортақ. Олардың барлығы Сауд Арабиясындағы ваххабизмнен тамырланады. ДАИШ такфиршіл лаңкестік тобы исламдық сенімдер мен шариғатты Құран мен исламның ұлық пайғамбарының сүннетіне сүйенген Исламның негіздеріне қайшы сараптайды. Такфиршіл топтар туралы пікірталастар «такфир» деген терминнен басталады. «такфир» деген термин жасыру мағынасын білдіретін «кафар» деген сөзден алынады. Дін мен ақылға сай дәлелсіз басқаларды дінсіз деп санайтын адамға такфиршіл деп айтылады. Тарихи тұрғыдан такфиршіл ағымдардың тарихы исламның алғашқы кезеңінен басталады. Исламның алғашқы жылдары такфиршілер ұстанымдарын хаваредждер тобы көрсетіп, хазірет Әли (ғ.с.)-ның қысқа мерзімді үкіметі кезінде мұсылмандардың басшысына қарсы соғысқа шықты. Хазірет Әли (ғ.с.) мен Муавие әскерилерінің арасындағы Сеффейн соғысы ағымында төрелік мәселесі көтерілді. Хазірет Әли (ғ.с.) тарапынан бір адам, Муавие өкілі ретінде бір адам екі әскердің арасындағы қайшылықты шешуге төрелік етпек болды. Олар Құранның бұйрығы бойынша төрелік ететін болды. Алайда Муавие өкілі Амру Остың алдап-арбауы салдарынан төрелік өзінің негізгі жолынан ауытқып, нәтижеге жетпеді. Бұл оқиғадан кейін хазірет Әли (ғ.с.)-ға қысым көрсеткендердің өздері нәтиженің зиянын көріп, хазірет Әли (ғ.с.)-ға: «Қателестік, Алланың алдында тәубе етеміз. Сен де төрелікті қабылдағаның үшін күнәһарсың, сондықтан тәубеге кел»,- деді. Хазірет: «Мен төрелікті қабылдамадым, бірақ сендер жалынып, мені қабылдатқыздыңдар. Сондай-ақ, төреліктің негізі күнә саналмайды, бірақ екі төреші қателесіп, Алланың кітабына қайшы шешім қабылдады»,- деп жауап қайтарды. Хаваредждер төрелікті қабылдауды күнә санап, оны қабылдаған адамды күнәһар деп жариялады. Олар негізгі шешім Алла тарапынан, сондықтан билікті Алланың пенделеріне тапсырғанымыз үшін кәпір болдық деп ойлады. Олар хазірет Әли (ғ.с.)-ғп қысым көрсетіп, тәубеге келтірмек болды. Бірақ хазірет олардың талаптарына бағынбады. Сол себепті олар хазірет Әли (ғ.с.)-ды такфиршіл деп, оған бағынудан бас тартып, «хаваредждер» деп танымал болды. Сөйтіп «хаваредждер» исламдық үмбеттегі такфиршіл ағымдардың іргетасын қалаушылар болды. Олардың пікірінше үлкен күнә жасаған кез келген адам кәпір саналады. Олар тіпті кейбір жайттарда пайғамбар үмбетін де такфиршіл деп атайды.