Maм 07, 2017 19:02 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 14

Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Құранның достары – мешіттің достары»,- деп айтылған. Шын мәнінде, Құран мен мешіт – бір-бірін толықтыратын, бір-бірінен ажырамайтын, халықтың иманына әсер ететін және қоғам деңгейінде терең рөл атқаратын екі негіз.

Алла Тағала мейірімімен мешітті өзінің үйі деп таныстырып, мешітті кездесу мен махаббат білдіріп, зиярят ету мекен ретінде қалыптастырды. Алла Тағалаға махаббат білдіру жиындарында Құран ерекше орынға ие. Құран – тауһид, илаһи пайғамбарлар мен елшілерінің ерекшеліктерін, ғайып әлемнің сырлары мен адамзат қоғамының сүннеттерін, адамды тану және бұрынғы ұрпақтар мен келешек туралы хабарлармен таныстыратын ең жоғарғы илаһи нығмет. Құран Кәрім – адамға надандықтың тұтқынынан шығып, шайтанның торынан босап, кемелдікке жеткізетін жолға нұсқаушы.

 Құран Кәрім мен мешіт  ислам пайда болағаннан бастап бір-бірінен ажырамаған. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Құранның достары – мешіттің достары»,- деп айтылған. Шын мәнінде, Құран мен мешіт – бір-бірін толықтыратын, бір-бірінен ажырамайтын, халықтың иманына әсер ететін және қоғам деңгейінде терең рөл атқаратын екі негіз. Құран аяттары мешіттің рухани рухымен үйлесіп, бұл қасиетті мекенде адамның жүрегінен орын алып, көбірек ойлануға жағдай жасайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Сендердің қайсың таңда Меккедегі Ақиқ жеріне барып, оған өркешті екі түйе бергенді және ол екі түйені алып, ешбір күнә жасамай, жақындарына алып келуді жақсы көрмейді?»- деп сұрады. Халық: «Уа, Алла елшісі! Біз барлығымыз жақсы көреміз»,- деп жауап берді. Хазірет: «Егер сендердің біреуің мешітке келіп, бір аят оқыса, бір түйеден, егер екі аят оқыса, екі түйеден, ал егер үш аят оқыса, үш түйеден артық алған саналады»,- деді. Өркешті түйе Арабстанда ерекше құнды саналып, мұндай байлыққа ие болғысы келетін адам Меккенің Ақиқ жеріне сапар шегудің қиындығы төзуге дайын болатын. Осыған орай пайғамбар: «Өтпелі тұрақсыз материалдық нығметтерге ие болу үшін көптеген ауыртпалықтардан өтуге дайын болғандай, әрқашан қажет болатын тұрақты рухани нығаметтерге ие болуға көбірек талпыныңдар»,- деп кеңес берген.

Мешіт – Алланың үйі. Бұл мекенде Құран оқу ең жақсы ғибадат саналады. Илаһи кітап мешіттің рөлін арттырады. Мешітке дұшпандық танытып, оны қиратуға қатысып, мешіттегі жұмыстарды тоқтатып, оны жабуға әрекет жасайтындар  жердегі ең залым адамдар деп таныстырылды. «Бақаре» сүресінің 114-ші аятында: «Алланың мешіттерінде оның атының зікір етілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олар мешітке қорыққан түрде ғана кірурі керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ақыретте зор азап бар»,- деп айтылған.

                           **********************************************************************************

Мединенің жеті мешіті

Мединенің жеті мешіті

Ахзаб соғысы орын алған аймақта жеті мешіт орналасты. Олардың алтауы бір-бірінің қасында, жетіншісі олардан бөлек орналасқан. Бұл жеті мешіттің атаулары төмендегідей: «Фатх», «Салман», «Имам Әли» (ғ.с.), «Хазірет Фатима» (ғ.с.), «Абубакр», «Омар» және олардан алысырақ орналасқан «Қыблатейн» немесе «Бану Салме». Бұл мешіттердің ең маңыздысы «Фатх» мешіті. Бұл мешіт қырдың үстіне салынған. Қырдың артында Ахзаб соғысындағы Хандақ орының жолы жатыр. Неізінде, бұл қыр – Алла елшісі аталмыш соғыста орналасқан жер. Хазірет бұл мекенде мұсылмандардың жеңісі үшін дұға тіледі. Дұға қабыл болған кезде пайғамбар дәл осы мекенде шүкір намазын оқыды. Кейін сол жерде «Фатх» мешіті салынды.

Фатх мешіті

Ахзаб соғысы Бадр мен Ухуд соғыстарынан кейін хиджридің бесінші жылы орын алған мұсылмандарға қарсы үшінші соғыс болды. Бұл соғыста Меккенің әртүрлі топтары еврейлердің ынтымақтастығымен Исламды тамырымен жоюды мақсат етіп, әрекеттеріне кірісті. Бірақ, Алланың қалауы және Салман Фарсидің Хандақ орын қазу ұсынысы, сондай-ақ имам Әли (ғ.с.)-ның батылдығы мен Алла елшісі сахабаларының табанадылығының   арқасында мүшіріктердің сәтсіздікке ұшырауымен аяқталды.

Фатх мешіті

Хиджридің екінші ғасырының әдебиетші-рауаятшысы Ибн Шаббаһтың айтуынша, пайғамбар дұға тілеп, намаз оқыған мекенде   тірек орнатылып, қырдың үстіне «Фатх» мешіті салынды.

Жеті мешіттің келесісі – Салман Фарси мешіті. Салман Фарси – Исламның ұлық пайғамбарының баршаға танымал сахабаларының бірі. Кейбір рауаяттар бойынша ол бала кезінде зәрдушт дінін ұстанып, жасөсіпірім кезінде христиан дініне бет бұрып, Шамға сапар шегіп, христиан адамның шәкірті болған. Ол христиандардың арабтардың жерінде пайғамбардың келетіні туралы сөздерін естіп, Хиджазға келеді. Бірақ, бұл жерде кейбір араб тайпаларының тұтқынына түсіп, соңында Бани Қаризе тайпасының бір еврейіне сатылып, евреймен бірге Мединеге аттанады. Салман Мединеде өзінің арманына жетіп, Исламның ұлық пайғамбарымен кездесіп, оған иман келтіреді.

Салман мешіті

Салман Ахзаб соғысында дұшпанның өтіп, Мединеге шабуыл жасауына кедергі болатын  қаланың айналасына Хандақ орын қазуды ұсынды. Бұл соғыстағы Салманның рөлі мен Хандақты қазу туралы ұсынысын құрметтеп,  «Салман мешіті» деп аталған мешіт салынды.   

Салман мешітінен төменірек, оңтүстік-батысқа қарай имам Әли бен Абиталеб (ғ.с.)-ның мешіті орналасқан. Бұл мешіт имам Әли (ғ.с.)-ның Ахзаб соғысында араб палуаны Амру бен Абдудты жеңгенін көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбары имам Әли (ғ.с.)-ның жанкештілігі және құрайыш палуанымен жекпе-жекке шығып оны жеңгеннен кейін: «Уа, Әли! Егер сенің бүгінгі ісіңді менің үмбетімнің іс-әрекеттерімен салыстырсақ, ол барлығынан артық Өйткені, Амруды өлтіруіңмен мүшіріктердің қорлық көрмеген, мұсылманның ғиззатқа ие болмаған үйі қалмады»,- деді.

Имам Әли (ғ.с.) мешіті

Келесі мешіт – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның мешіті. Бұл мешіт туралы тарихи мәліметтер жоқ. Рауаяттар бойынша Саад бен Мааз деген мешіт бірте-бірте ол жойылған. Фатима-Заһра (ғ.с.) мешіті – дәл сол мешіт. Саад бен Мааз ус тайпасының басшысы болған. Ол Ахзаб соғысында жарақат алып, соның салдарынан қайтыс болды. Рауаяттар бойынша пайғамбар: «Оның жерлеу рәсіміне мыңдаған періште қатысты»,- деп айқан. Сүнниттердің құжаттарында «ол өлген кезде илаһи ғаршы сілкінді» деп көрсетілген.

Фатима-Заһра (ғ.с.) мешіті

Салман мешітінен төменірек Абубакр мешіті орналасқан. Бұл мешітке бірнеше баспалдақпен көтеріліп, жетуге болады. Мешіттің ғимараты Фатх мешіті сынды Осман империясы кезеңінен қалған. Абубакр мешітінен төменірек, оңтүстік-шығысында  орналасқан мешіт – екінші халифа Омар мешіті. Зерттеушілердің жазуынша хиджридің тоғызыншы ғасырына дейін бұл мешіт туралы ешбір мәлімет жоқ. Негізінде бұл мешіттердің арасында хиджридің алғашқы ғасырларында тек Фатх, Салман және   Әли бен Абитолеб (ғ.с.) мешіттері туралы  ғана айтылған.

 «Қыблетейн» мешітінің жағдайы басқалардан өзгеше. Бұл мешіт мұсылмандардың құбыласының хиджридің екінші ғасырының шағбан айының 15 күні әл-Ақса мешітінен әл-Харам мешітіне ауысқанын еске салады.

Қыблетейн мешіті

Пайғамбар екі құбылаға қарап намаз оқығандықтан, бұл мекен «Зу-Қыблатейн» (яғни екі қыблаға ие) деп танымал болды.

Зу-Қыблетейн мешіті және Қағбаға қарайтын құбыласы

Бүгінде «Зу-Қыблетейн» мешіті екі күмбезі, екі мұнарасы және екі михрабымен бір жағынан әл-Харам мешіті, басқа жағынан Бейт әл-Мұқаддасқа қарай Мединенің батысында орналасқан.