Maм 27, 2017 16:54 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 15

Мешіт – дұға тілеп, Алламен сырласып, қажеттіліктерді айту үшін ең жақсы мекен. Имам Садық (ғ.с.) да мұсылмандарға қиындықтармен бетпе-бет келген кезде мешітке барып, намаз оқып, мәселелерін шешу үшін дұға тілеп, Алладан сұрауды насихаттаған.

Мешіт Алла Тағаланың қонақтарына мейірімділігін білдіретін мекен. Мүміндер бұл мекенде өздерінің әлсіздіктері туралы айтып, қолдарын Аллаға қарай жайып, дұға тілейді. Дұға – Аллаға қарай бет бұрудың белгісі. Дұға – пендесін Жаратушысына жақындататын жіп. Исламның ұлық пайғамбары көп дұға тілеп, қажеттіліктерін айтып, Алламен сырласып, көмек сұрайтын. Дұғада адам Алладан өзінің қалауы тілейді. Оның дұғалары материалдық қажеттіліктермен шектелмейді. Ол мейірімді Алладан рухани қажеттіліктерін тілейтін. Исламның ұлық пайғамбары: «Уа, Алла! Мен өзіңнен әрқашан досың болатындарға махаббатыңды  білдіруді және әрбір ісіме көмектесуді тілеймін. Уа, Алла! Өзіңнің достығыңды өзім мен отбасымнан жақынырақ  әрі жағымды ете гөр»,- деп тілеген.

Мешіт – дұға тілеп, Алламен сырласып, қажеттіліктерді айту үшін ең жақсы мекен. Пенденің қарапайым түрде Жаратушысынан көмеутесуді сұрағанын жеткізетін дұға Алламен қарым-қатынас орнататын  ең жақсы құрал. Мешіт – Алланың рақымы түсетін мекен. Сондықтан мұсылмандар  қандай да бір  оқиға орын алған кезде, әсіресе Алланың рақымының қажеттігін көбірек сезінген кезде мешітке барып, сол мекенде дұға жасайды.

Абу Лобабенің  әл-Наби мешітін пана тұту оқиғасы мұсылмандардың бұл сенімін дәлелдей түседі. Абу Лобабе – Мединенің айналасында орналасқан Бани Қаризе тайпасымен соғысқан кезде  Пайғамбардың (с.ғ.с.) Бани Қаризе тайпасы еврейлеріне қатысты жобасын әшкерелеген адамның өзі. Ол өз қатесін түсінген соң мешітке келіп, Алла оның тәубасын қабылдағанша бірнеше тәулік бойы өзін мешіттің тіректерінің біріне байлап қойды.

Расында, Исламның басында қателескен адамдар өздерінің Алланың мейірімділігін қажет ететіндіктерін сезініп, бірден мешітке баратын. Өйткені, олар мешітті мейірімді Алланың рақымының көрінісі деп санайтын. Мұсылмандардың бұл сенімін Исламның ұлық пайғамбары да растады. Алла елшісі Абу Лобабенің тәубасының қабылдануы туралы хабарды Умма Салмеге жеткізеді. Бұл хабар мешітте таралған кезде халық Абу Лобабеның қолын шешуге асықты. Бірақ Абу Лобабе рұқсат етпей: «Жоқ! Қолымды Алланың елшісі арқаннан босатуы керек»,- деген соң, пайғамбар мешітке келіп, оның қолын босатқан.

Дұға тілеп, әлемнің Жаратушысымен сырласу үшін арнайы мекен мен уақыттың қажеті жоқ. Кез келген уақытта және барлық жерде ұлы Алламен қарым-қатынас орнатуға болады. Әрине, кейбір сәттер мен кейбір мекендер басқа сәттер және басқа мекендермен салыстырғанда жақсы саналады.  Алла елшісі бұл туралы илаһи періште Жебірейілден: «Аллаға қай мекен жақынырақ?»- деп сұрағанда Жебірейіл: «Мешіттер»,- деп жауап берген. Сондықтан, Аллаға сүйікті жерде жасалған дұғаның орны жоғары.

Рауаяттардың бірінде имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.)-ның залымның үйінде отырған адамның қасынан өтіп бара жатқанда: «Сенің бұл залымның үйіне келуіңе не себеп болды?»- деп сұрағаны, оның: «Қиындықтарым»,- деп жауап бергені туралы айтылған. Сол кезде имам: «Орныңнан тұр. Мен сені бұл үйден артық үйге және мейірімді Жаратушыға нұсқаймын»,- деп, қолынан жетектеп, әл-Наби мешітіне жетіп: «Құбылаға қарап, екі рекет намаз оқы. Содан соң Аллаға қарай қолыңды жайып, оны мадақтап, оған сәлем жолдап, «Хашр» сүресінің соңғы аяттары мен «Хадид» сүресінің бірінші алты аятын және «Әл-Имран» сүресінің екі аятын оқып, Алладан қажет нәрсенді сұра. Күмәнданба, ол саған сұрағаныңды береді»,- деген. Имам Садық (ғ.с.) да мұсылмандарға  қиындықтармен бетпе-бет келген кезде мешітке барып, намаз оқып, мәселелерін шешу үшін дұға тілеп, Алладан сұрауды насихаттап: «Әкем имам Мохаммад Бақер (ғ.с.) Алладан қажет нәрселерін түс кезінде сұраған. Ол Алланың көмегін қажет еткен кезде алдымен Алланың жолында садақа беретін. Содан соң мешітке асығып, дұға тілеп, Алладан сұрайтын»,- деген болатын.

Бораса мешіті

Бораса (немесе Бараса) мешіті – Бағдат қаласының маңызды мешіттерінің бірі. Мешіттің негізгі есігі бірнеше баспалдақпен сахнасына қарай ашылады. Сахнаның шығыс жағында үйге жапсыра салынған ашық немесе терезесі бар орын орналасқан. Сол  дәліз арқылы адамдар үлкен Бораса мешітіне кіреді. Дәліздің солтүстік және оңтүстік жағынан үлкен екі мұнара көрінеді. Мешіттен хазірет Әли бен Абиталебтің орынын көруге болады. Бораса мешіті Бағдаттың батысындағы Карах аймағында орналасқан. Бұл мекен бұрын Бағдаттың орталығынан үш километр жерде орналасқан  ауыл болған. Кейін Бағдат кеңейген кезде оның аудандарының бірінде орналасқан мекенге айналды. Тарихи құжаттар бойынша Абу Шаиб Бораси Борасада сабаннан үй салып, Аллаға ғибадат еткен бірінші адам болған. Күндердің бірінде сол кездегі әйгілі адамдардың бірінің қызы бұл үйді көріп, оған қызығып: «Бұл үйге қызмет еткім келеді»,- дегенде Абу Шаиб: «Үйің мен туған жерің және бұл дүниедегі барлық мүлкіңнен баз кешуің керек»,- деп жауап берген. Бойжеткен келісіп, Абу Шаибтің әйелі болады. Ол үйге кірісімен құрма ағашының қурап қалған жапырағын көріп: «Мына қураған жапырақты тастасаң ғана мен бұл үйде қаламын»,- деп шарт қояды. Абу Шаиб қураған жапырақты үйінен шығарып тастайды. Сөйтіп екеуі өмірлерінің соңына дейін сол үйде Аллаға құлшылық етті.

Бораса мешіті

 Кейбір тарихи құжаттар бойынша «Бораса» деп танымал болған мешіт қазіргі орналасқан мекенінде  657-ші жылға дейін салынған. Имам Әли (ғ.с.) өз сарбаздарымен бұл аймақта біраз уақытқа тоқтап, демалайын дегенде монах оған: «Сарбаздарыңмен бұл жерге кірме!»- деген. Хазірет себебін сұрағанда ол: «Өйткені, бұл жерге Алланың жолында соғысатын пайғамбар мен оның орынбасарынан басқа ешкім сарбаздарымен кірмейді. Мұны өзіміздің кітаптарымыздан оқыдық»,- деп жауап береді. Имам Әли (ғ.с.): «Мен пайғамбарлардың орынбасарымын»,- деді. Сол кезде монах: «Исламның шариғатын айтып бер.  Сен туралы Інжіл кітабынан сенің Бораса мекенінде хазірет Мариәмның үйі мен хазірет Исаның мекенінде келетіндігіңді оқыдым»,- деді. Имам Әли (ғ.с.): «Өз орныңда тұрып, басқа еш нәрсе айтпа»,- деп, бірнеше қадам басып, тоқтап, аяғымен жерді ұрады. Бір мезгілде хазіреттің аяғының астынан су шығып: «Бұл хазірет Мәриәм үшін жерден атқылаған бұлақ. Бұл жерден шамамен үш жарым метр алысырақ жерде құдық қазыңдар»,- дейді.

Олар хазіреттің айтқанын орындап, ақ тас көрінеді. Хазірет: «Мәриәм хазірет Иса пайғамбарды дәл осы ақ тастың үстінде дүниеге әкеліп, осы жерде намаз оқыды»,- деп, тасты құбыла жағынан бекітіп, оған қарап намаз оқып, төрт күн сол жерде қалады.  

Тарихи оқиғаларға, әсіресе имам Әли (ғ.с.)-ның Бораса жерінде бірнеше күн тоқтағанына  байланысты хазіреттің достары мен жақтастары бұл жерге мешіт салып, бұл мекенді қасиетті санады. Бани Умайе мен Бани Аббас әулеттерінің билігі кезінде Бораса мешіті исламның ұлық пайғамбары жақтастарының  ең маңызды орталығы болды. Аббаси халифалары кезінде мешіт дамып, кейбіреулердің қызғаныштары мен дұшпандықтарына себеп болды. Олар бұл жерде имам Әли (ғ.с.) болған жоқ деп дәлелдемек болды. Қамари жыл санағы бойынша 329-шы жылы жермен-жексен болған Бораса мешіті қайтадан құрылды. Осы уақытқа дейін аталмыш мешіт бірнеше рет қайта жөндеуден өткізілді. 2006-шы бұл мешіт лаңкестік топтардың шабуылымен бетпе-бет келді. Шабуылдың салдарынан 69 адам шәһид болып, 130 адам жарақат алды.

Бораса мешітіне лаңкестік шабуыл жасалды

 Тарих бойында Бораса мешіті мұсылмандарды, әсіресе Исламның ұлық пайғамбарының жақтастарын қызықтырып, бұл мекеннен көптеген әйгілі тұлғалар шығып, өздерінің өсиеттері бойынша мешіттің айналасында жерленді. Бұл мешіт шейх Муфид сынды әйгілі ғалымдардың сабақ берген мекені болды.