Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (9)
Бүгінгі бағдарлама барысында имам Резаның (ғ.с) көзқарасындағы гигена мен тазалық ұғымдары жайлы сөз қозғаймыз.
Тән мен рух гигенасы исламдық өмір салтының маңызды тіректерінің бірі саналады. Хадистер мен рауаяттарда жеке бас гигиенасы мен жуынудың маңыздылығы баса айтылған. Тіпті ұлы тұлғалар мен пәк имамдардың (ғ.с) өмір сүру салтында осыған байланысты әдет-ғұрып пен ережелер ұсынылған. Ислам дінінде руханилық пен тазалық бір-бірімен қатты байланысқан. Бұған дәлел ретінде барлығы ғибадат ету үкімдерімен бірге қарастырылатын және осы парызды орындаумен шартталған түрлі ғибадаттардың сауабын арттырумен байланысты ғұсылдар үкімі міндетті және мүстәхап болып саналады.
Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с) бір түн ішінде үш рет тісін тазалаған: ұйықтар алдында, түн намазына тұрған сәтте және таң намазын оқу алдында. Пәк пайғамбардың (с.ғ.с) ұрпағы имам Реза (ғ.с) тазалық пен гигиенаның маңызы жайлы: "Тазалық пайғамбар ахлақтарының қатарына жатады",- деп айтқан.
Имам Резаның (ғ.с) көзқарасы бойынша сыртқы келбет пен дененің гигиенасы мен тазалығы ерекше маңызға ие. Сондықтан, жеке бас гигиенасының негізгі тірегі саналатын жуыну процедураларын әрдайым орындау керек. Осы мәселеге байланысты имам Реза (ғ.с): "Міндетті түрде күнара моншаға түсіп, шомылу керек",- деген. Имам Реза (ғ.с) келесі бір сөзінде моншаға түсудің көптеген пайдасы бар екендігін айтып: "Моншаға түсудің пайдасы көп. Ол адамның денсаулық күйін қалыпты жағдайға қайтарып, не кір мен ластықтан арылтады. Денедегі барлық қылтамырлар мен күретамырларды жұмсартып, дене мүшелерін нығайтады. Сонымен қатар, денедегі қалдықтарды жойып, инфекцияларды залалсыздандырады",- деді.
Имам Реза (ғ.с) тамақтанудың алдында қолын жуып, бірақ құрғатып сүртпейтін. Тамақ жеп болғаннан кейін де қолдарын жуып, сүлгімен құрғатып сүртетін болған. Имам Резаның (ғ.с) жеке бас гигиенасына қатысты нұсқаулардың бірі – тіс тазалау. Моаммар бин Халад: "Имам Реза (ғ.с) Хорасанда болғанда таң намазы кезінде күн шыққанша өзінің жайнамазында отыратын. Ол кісіге бірнеше месуәк бар беті жабық кесе даярлап қоятын. Хазірет солармен тісін тазалайтын болған",- деп айтқан. Басқа бір рауаятта имам Резаның (ғ.с) жеке бас гигиенасын берік ұстанғаны, тамақтанып болғаннан кейін бірден аузын сумен шайып, тістерін күнде тазалап тұрғаны туралы айтылған. Сол үшін ол кісінің месуәктарының алуан түрі тұратын ыдысы болған екен.
Имам Резаның (ғ.с) келесі кеңестерінің бірінде адамдардың отбасында болсын, қоғамдық ортада болсын сәнді болып жүруі жайлы айтқан. Хасан бин Джаһам: "Бір күні имам Резаның (ғ.с) өте сәнді киініп алғанын көрдім. Сөйтіп ол кісіден: "Шашыңызды бояғансыз ба?",- деп сұрадым. Хазірет: "Ия, қынамен боядым. Сен бұл істің сауабы көп екенін білмедің бе? Себебі, сенің жұбайың сенің одан көргің келген сән мен көркемдікті сенен де көргенді ұнатады. Қаншама әйелдер пәктіктің тура жолынан ауытқып, бұзылып жатады. Оның бәрі олардың күйеулерінің тазалық пен сәнге көңіл бөлмеуінің салдарынан туындаған",- деді.