Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 16
Мешіт исламның алғашқы кезінде Алла елшісінің өз міндетін атқаратын, илаһи жолдауларды жеткізіп, Ислам діні туралы үгіт-насихт жүргізетін маңызды орталық болды. Исламның ұлық пайғамбарының үгіт жұмыстарының бірі уағыз пен ақыл-кеңес айтатын жиындар өткізуі болды.
Мешіт салудың негізгі мақсатының адамдардың ғибадат жасап, Алламен сырласатын мекен дайындау. Ал оны атау Алланың алдында сәжде жасап, қарапайымдылық көрсететін мекенді анықтаумен байланысты. Алайда мешіттің басқа да функцияларын ұмытпаған жөн. Мешіт исламның алғашқы кезінде Алла елшісінің өз міндетін атқаратын, илаһи жолдауларды жеткізіп, Ислам діні туралы үгіт-насихт жүргізетін маңызды орталық болды. Исламның ұлық пайғамбарының үгіт жұмыстарының бірі уағыз пен ақыл-кеңес айтатын жиындар өткізуі болды. Хазіреттің айтқан уағыздары мен жақсылық жасау қажеттігі туралы насихаттары жүректерді жібітіп, жұмсартатын. Исламның ұлық пайғамбары бұл тәсілді халықты дұрыс жолға нұсқау үшін өзі пайдалануымен бірге мұсылмандарды да уағыз бен насихат айту отырыстарын өткізуге жігрелендірді. Хадистердің бірінде былай деп айтылған: «Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандарға: «Жаннат бақтарына қарай асығыңдар»,- деген кезде: «Уа, Алланың елшісі! Жаннат бақтары деп айтуыңыздың мағынасы не?»- деген сұраққа хазірет: «Алланы еске алатын отырыстар»,- деп жауап берген.
Исламның ұлық пайғамбарынң мешіттегі үгіт-насихат жұмыстары рухани ерекшеліктерге толы болды. Бұл илаһи тағылымдар дұрыс жолға нұсқалу саласында азғантай мүмкіндікке ие болған адамдардың барлығын Исламды танып-білуге қызықтырды. Хазірет өз отырыстарында тек сөз сөйлеумен шектелмеген. Бәрінен бұрын хазіреттің амалдары мешітті халыққа дұрыс жол нұсқайтын мекенге айналдырды. Алла елшісінің амалдары жүректерге қонымды болып, кейде мешітке хазіретті өлтіруге келгендердің өздері Алланың жолдауларына қызығып, шын жүректен Алланың жалғыз болуы және пайғамбардың Оның елшісі екендігін мойындап, Исламға бет бұрған. Исламның ұлық пайғамбарын өлтіру үшін уланған қылышымен Меккеден мешітке аяқ басқан адамдардардың бірі Умаир бен Вахаб болды. Тарихи деректерге сәйкес, Умаир бен Вахаб пен Сафуан бен Амин Бадр соғысынан кейін Қағбаның қасында бір-бірімен сөйлеседі. Умаир әрқашан Алла елшісі мен хазіреттің сахабаларын Меккеде қорлағандардың бірі болған. Бадр соғысында оның ұлы тұтқынға түседі. Умаир Бадр соғысында қаза болғандар туралы айтқан кезде Сафуан: «Алламен ант етемін, олардан кейінгі өмірдің ешбір жақсылығы жоқ»,- деген. Умаир: «Рас айтасың! Аллмен ант етемін, егер менен кейін перзентімнің қиындық көремейтіндігіне сенімді болғанымда, Мұхаммадтың қасына барып, оны өлтіретін едім»,- дейді. Сафуан мұрсатты пайдаланып: «Сенің қарыздарыңды мен төлеймін. Перзенттеріңе өз перзенттерімдей қараймын»,- деп сендірді. Умаир: «Ондай болса, бұл сырды сақта!»- деп, қылышын уға малып, Мединеге қарай аттанады. Мединеге жеткен кезде қылышымен Алла елшісіне барады. Пайғамбардың кейбір сахабалары оның алдын алмақ болғанда хазірет: «Оған тиіспеңдер»,- дейді. Умаир алға шығып: «Қайырлы таң»,- дейді. Надандық кезеңінде солай амандасқан. Алла елшісі: «Алла бізге «сәлем» деген жаннатқа баратындардың амандасуын ұсынды» деді. Содан соң Алла елшісі одан не үшін келгені туралы сұрады. Умаир: «Сендердің қолдарыңа түскен тұтқын ұлым үшін келдім»,- деді. Алла елшісі: «Жақсы іс үшін келдің, бірақ сен Сафуанмен бірге Қағбаның қасында отырып, Бадр соғысында өлгендер туралы айтып: «Егер кішкентай балам болмағанда, өзім Мұхаммадқа барып, оны өлтіретін едім»,- дедің. Сол кезде Сафуан «Перзенттеріңе өзім қамқоршы болам, қарыздарыңды өтеймін» деді. Енді мені мен сенің орындаймын деген уәдеңнің арасында тек бір Алла тұр»,- деді. Умаир бұл сөзді естіп, өз-өзіне келіп: «Алланың елшісі екендігіңе куәлік етемін. Расында сен аспаннан хабар аласың, бірақ біз теріске шығардық. Өйткені, мені мен Сафуанның әңгімесі туралы ешкімнің хабары жоқ. Хабарды саған Алланың жеткізгеніне сенемін. Мені Исламға қарай бұрып, дұрыс жолды көрсеткен Аллаға ризамын»,- деп, шаһадатаин айтады. Содан соң Исламның ұлық пайғамбары сахабаларына қарап: «Бауырларыңа шариғат пен Құранды үйретіп, күйзелістен босауға көмектесіңдер»,- дейді.
*******************************
Сирияның танымал мешіттерінің бірі Амави орталық мешіті
Амави орталық мешіті Сирияның ең маңызды мешіттерінің бірі. Дамаск қаласының көне аймағында орналасқан бұл мешіт ислам әлемінің ең әдемі мешіттерінің бірі саналады. Бұл сән-салтанатты әрі көп қаржы жұмсалаған мешіттің Алла елшісінің Мединеде салған мешітінен көп айырмашылығы бар. Амави орталық мешітін Амави әулетінің алты халифасы Валид бен Абдулмалек хиджри қамари жыл санағы бойынша 87-ші жылы, сәйкесінше миладидің 706 жылы салды. Тарихшылардың айтуынша, Валид бұл мешіттің құрылысына елдің жеті жылдық салығын жұмсаған. Амави орталық мешітінің тарихы христиан дініне дейінгі кезеңнен басталады. Кейбір археологтардың айтуынша, бұл мекен отқа табынатын жер болған. Римдықтар Шамды жаулап алған соң бұл ғибадат мекенін кеңейтіп, өздерінің құдайына ғибадат жасайтын мекен еткен. Хазірет Иса келіп, христиан дінінің кеңеюімен ғибадат мекені шіркеуге айналды. Бұл жағдай мұсылмандар Шамды жеңіп, бұл мекенді намаз оқитын жерге айналдырғанша жалғасты. Мұсылмандар бұл мекеннің бір бөлігін христиандарға шіркеу ретінде қалдырған болатын.
Бұл жағдай шамамен 70 жылға дейін жалғасып, мұсылмандар христиандармен бірге діни міндеттерін орындап, қатар өмір сүрді. 705 жылы Амави халифаты Валид бен Абдулмалекке жеткен кезде ол шіркеуді мешітке қосып жіберді. Амави халифасы шіркеуге тиіп тұрған римдықтардың көне биік құрылыстарын мұнараларға айнылдырып, сол жерлерден азан айтылатын болды.
Валид мешіт салу үшін ирандық және үнділік сәулетшілер мен инженерлерді Дамаскке шақырып, оны әшекейлеу үшін ең жақсы мәрмәр және басқа да безендіретін тастады пайдаланды. Тіректер алтын мен күміс және михрабы асыл тастармен безендірілді.
Мешіттің үстінде «наср» немесе «уқаб» деген деген атаумен танымал күмбез орнатылған. Мешіттің шабистанының шығысында 20 тірек, батыс жағында келесі 20 тірек, төрт негізгі тірек оның ортасында орналасқан.
Ғасырлар бойында Амави орталық мешітінде әртүрлі жөндеу жұмыстары жасалды. Мешіттің сахнасында кішкентай күмбезбен үш жаппа салынған. Солардың біреуі «Қоббат әл-Мол» оң жағында орналасқан. Оны хиджри қамари жыл санағы бойынша 172 жылы Мансур Аббасидың ағасының ұлы Дамаск әмірі Фазыл бен Салеһ салып, бұл жерде мешіттің мүлкі сақталғандықтан, «Қоббат әл-Мол» деп танымал болды. Хиджри күнтізбесі бойынша 369 жылы сахнаның ортасында «Қоббат әл-Вузу» салынды. Ол мәрмәр тасынан салынған алты тіректің үстінде орналасты. «Қоббат әл-Вузу» сондай-ақ «Сехре ғорбан» деп танымал. Хазірет Адамның ұлы Әбіл өзінің қойын осы жерде құрбандыққа шалып, оның құрбандығы қабыл болып, өртпен жоқ болып кеткен. Ал Қабылдың құрбандығы бидай қабыл болмай, орнында қалады. Сондықтан Қабыл қызғанышпен өзінің бауырын өлтіреді. Осыған орай бұл жер «Сехре ғорбан» («Тағдырдың құрбаны») деп аталды. Сахнаның шығысында хиджридің бесінші жылы мешіттің Баб әл-Саат дарбазасының қасында мешіттің сағаты орнатылған «Қоббат әл-Саат» салынды.
Мешіттің бірінші мұнарасы Омеядтар кезінде салынған. Амави орталық мешітінің бастан төртбұрыш түрінде салынған үш үлкен мұнарасы бар. Олар мешіттің солтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жақтарында орналасқан. Шығыс мұнаралары «Мұнарат әл-Биза» және «Мұнара Иса» деп танымал. Кейбіреулер ақырзаманда хазірет Иса аталмыш мұнараның үстіне келеді деп сенеді. Солтүстік мұнара «Мұнарат әл-Арус» деп танымал. Оның бұл аталуы бұрынғы заманда халық үйлену және басқа да тойларды өткізген кезде оны безендіріп, бұл әрекеттері берекеге себеп болады деп сенген. Батыс мұнара «Ақ бай» деп танымал.