Шіл 07, 2017 16:20 Asia/Almaty
  • Тәкфіршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 4

Исламның тағылымдарын бұрмалау Британияның ваххабизмге назар аударып, Сауд әулетіне исламдық мазхабтар мен тайпаларды басып-жаншып, Хиджаз жерінде ваххабизмді таратып, Сауд Арабиясын құруға көмектесуіне себеп болды. Уаһабшы ғалымдардың басқа мұсылмандарға қарсы пәтуәләры кейбір исламдық елдердегі жастар арасында тәкфіршіл ой-пікірдің таралуында маңызды рөл атқарды.

Ваххабизмнің пайда болуы және бұл идеологияны таратудағы Британияның рөліне жасаған шолу ваххабизм ағымын Мұхаммад бен Абдолуахаб таратқаннан бері исламдық мазхабтардың арасында іріткі салу мен қайшылық тудырудан басқа міндетінің болмағанын көрсетеді. Олар қайшылық тудырумен қатар, тек бір Аллаға құлшылық ету, бейбітшілік пен әділет талап ету мен мейірімділік сынды негіздерге сүйенген қасиетті Ислам дінінің тағылымдарын бұрмалап, әлемдік ой-пікірге бұл дінді қатыгез әрі асыра-сілтеуші деп көрсетуге әрекет жасауда. Исламның тағылымдарын бұрмалау Британияның ваххабизмге назар аударып, Сауд әулетіне исламдық мазхабтар мен тайпаларды басып-жаншып, Хиджаз жерінде ваххабизмді таратып, Сауд Арабиясын құруға көмектесуіне себеп болды. Уаһабшы ғалымдардың басқа мұсылмандарға қарсы пәтуәләры кейбір исламдық елдердегі жастар арасында тәкфіршіл ой-пікірдің таралуында маңызды рөл атқарды. Құран аяттары мен Алла елшісінің жолына қайшы тәкфіршіл ой-пікірлері ваххабизмнің жақтастары арасындағы басымдылыққа ие негіз. Ваххабизмнің орталығынан әл-Қаида мен ДАИШ сынды тәкфіршіл лаңкестік ұйымдар шықты. ДАИШ пен басқа тәкфіршіл топтарды ислам әлемінің табиғи қалауынан туындаған ағымдар деп санауға болмайды. Олар әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған табиғи емес құбылыстар. Өйткені, кейбір құжаттар мен деректер бойынша бұл ағымдар ваххабизм сынды Батыс стратегиясының бір бөлігі болып,  ислам әлеміне іріткі салып, исламдық мазхабтар арасында қайшылық тудыру, нәтижесінде ислам әлеміне көбірек әсер ету үшін құрылған. Бұл саясаттың мақсаттарының бірі Таяу Шығыстағы тәртіпті бұзып, географиялық шекараларды өзгертіп, қарсыласу қозғалысына соққы беріп, ислам әлемін әлсіретіп, сионистік режимнің билеп-төстеуші мүддесін қамтамасыз ету болып табылады.

Вахабизм

Мұсылмандардың бір-бірімен қақтығысып, бауырлардың бір-бірін өлтіруінен ең көп пайданы сионистік режим көреді.  Өйткені, бұл әдіс бойынша ислам әлемінің мүмкіндіктері мен күш-қуаты бір-бірімен жанжалдасуға жұмсалады. Лаңкестік топтардың сионистік режимге қарсы шықпауы мен бұл режимнің әртүрлі салаларда тәкфіршілдерге көмектесуі аталмыш режимнің тәкфіршіл  топтарды қолдауын, кейде жасырын, кейде әшкере түрде бір-бірімен ынтымақтастық пен қарым-қатынас орнатуын растайды.

Сионизм мен тафіршілер

Батыстың біраз басшылары мен Ноам Чамски сынды ойшылдары, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Барак Обаманың орынбасары Джо Байден ДАИШ лаңкестік тобының құрылуындағы Батыстың рөлін мойындаған болатын. Жарияланған құжаттар бойынша Батыс мемлекеттері ДАИШ-тың құрушылары ретінде айыпталуда. Бұл мәселеде АҚШ-тың екі басшысының мойындауы жеткілікті. АҚШ-тың рөліне қатысты Хиллари Клинтон өз кітабында АҚШ-тың ДАИШ тобының құрылуына қатысты екенін мойындайды.

Клинтон, Сауд Арабиясы, ДАИШ

 АҚШ-тың бұрынғы Вице-президенті Джо Байден араб одақтастары туралы: «Вашингтонның  Таяу Шығыстағы Түркия, Қатар, Біріккен Араб Әмірлігі  мен Сауд Арабиясы сынды одақтастары – ДАИШ-тың құрылуы мен дамуының  негізгі себепшілері. АҚШ-тың Сириядағы негізгі мәселесі аймақтағы одақтастары. Өйткені, олар Сириядағы бүлікшіл топтарды Вашингтон айтқандай қарумен жабдықтамады. Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған да маған өз елінің  Сириядағы бүлікшілерге қару жіберуде артық кеткені туралы айтты»,- деп мәлімдеді. 

Саяси философ, танымал сарапшылардың бірі Ноам Чамси: «Экстремистік және салафит-уаһабшылардың доктриналары Сауд Арабиясынан шықты. Сауд Арабиясы бұл  доктриналарды тек ақшамен ғана емес, мүфтилер, мектептер және басқа да құралдар арқылы әлемнің әртүрлі аймақтарына жеткізуде» деді. Чамский сөзінің жалғасында Сириядағы ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарды Сауд Арабиясының экстремистік доктриналарының өнімі екенін мойындап: «Әл-Қаиданың  бұтақтарының бірі Сириядағы ән-Носрат майданының наным-сенім тұрғысынан ДАИШ-тан айырмашылығы жоқ. Ән-Носрат майданы Сауд Арабиясы және Парсы шығанағының басқа араб елдері мен Түркия арқылы АҚШ-тың жанама қолдауына ие болып отыр. Бұл топ аймақтағы қираулардың бір-бөліміне жауапты»,- деді.

 

Ноам Чамски

Ноам Чамски Сирия мен Ирак дағдарыстарының екінші себебін АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа жасаған шабуылы деп атап: «Аймақ дағдарысының келесі себебі АҚШ пен Ұлыбританияның Иракқа жасаған шабуылы болды. Бұл шабуыл зілбалға сынды  бұл елдің басына түсіп, үрейлі салдарларын қалдырып, жүздеген мың адамды өлтіріп, елдің үлкен аймағын қиратып, мұнымен шектелмей, осы уақытқа дейін кездеспеген мазхабаралық қақтығыстарға себеп болды. Бұл қақтығыс азап-қорлық, лаңкестік және басқа да ұятсыз әрекеттермен бірге одан сайын қиындай түсті»,- деді. Саяси мәселелердің маманы ретінде «Global Research» зерттеу орталығымен ынтымақтастық жасайтын Канаданың Оттава Университетінің ұстазы Майкл Чадовский: «Сирия мен Ирак және Ауғанстандағы тәкфіршіл топтардың әрекеттері негізінде әл-Қаиданың қарамағындағы топтардың АҚШ үкіметіне стратегиялық қызмет жасау болуда»,- деді. Батыстың бұл зерттеушісі көптеген дәлелдер мен құжаттар ұсынып: «Салафиттік топтар, әсіресе ДАИШ тобы шын мәнінде Ақ үйдің аймақтағы өзінің саяси  мақсатына жету  саласындағы темір жұдырығы болып табылады. Нақтырақ айтқанда осы күні ДАИШ   АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы алтын жұмыртқалы тауығы саналады»,- деп қуаттады.

АҚШ және вахабизм

«Нью-Йорк таймс» газеті өз мақаласында бұл туралы: «ДАИШ – Сауд Арабиясының өзі. Ваххабизм – есі ауысқан радикализм.. Ваххабизм – ДАИШ үшін қорек болып отырған исламның бұрмаланған бір түрі. Ол жаппай қырып-жоюмен пайда болып, қатыгез заңдарға ие. Таңғалдыратын жайт, Батыс ДАИШ-ты теріске шығарады, бірақ Сауд Арабиясы Таяу Шығыстың шахмат тақтасында бар. ДАИШ-тың шешесі бар: ол – Иракқа қарсы шабуылы;  әкесі – Сауд Арабиясы мен ваххабизмнің ой-пікірлері»,- деп жазды. ДАИШ, ән-Носрат және басқа да ірілі-ұсақты топтардың лаңкестері бір жақтан Батыстың, атап айтқанда АҚШ, Британия және Францияның барлау күштерімен, басқа жақтан Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігімен ынтымақтастық жасауы, Түркия, Иордания мен Израильдің қолдауымен үздіксіз жаттығудан өтіп, қару-жарақпен қамтамасыз етіліп, басқарылып отыр. Тіпті, әрекеттері олардың ортақ штабынан басқарылады. Мұның барлығына назар аударып, лаңкестікті қолдайтын мемлекеттердің соңғы оқиғалардағы рөлінің бірдей емес екенін байқауға болады.

АҚШ, Британия мен Франция негізгі жобалаушылардың  рөлін атқарса, Рияд ваххабизм ойларын таратып,  лаңкестік топтардың наным-сенімдерін тәкфіршіл ойларымен қоректендіреді. Кейбір жағдайларда елдер уаһабшылармен бірге болғысы келмейді. Бірақ, тікелей немесе жанама саяси-үгіттік қысымдар олардың бұл ойынға кіруіне себеп болады.  Сауд режимі исламның үгіт-насихатын пайдаланып, бұрмаланған ваххабизмді таратуға күш салып, исламның атымен оның дұшпандарының мүддесіне сай қылмыстарын жалғастыруда.

ДАИШ және Батыс үкіметтері