Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (13)
«Разавилік өмір салты" топтамасының кезекті бағдарламасында қиындықтардың алдында сабырлық таныту туралы сөз қозғамақпыз.
Адамның өмірі алуан түрлі қиындықтар және ауыртпалықтармен аралас келеді. Егер адам соларға қарсы тұрып, шыдамдылық танытатын болса, ол сөзсіз жеңіске жетеді. Ал егер шыдамдылық танытпай, оқиғалардың алдында тізе бүгетін болса, ешқашан өз мақсатына жете алмайды.
Сабырлық – әртүрлі қиындықтар мен оқиғалардың алдында төзімділік таныту. Бұған қарама-қарсы ұғым – сабырсыздық, шыдамсыздық, қарсыласу күшінен айрылу және қиындықтардың алдында тізе бүгу. Егер адам жүгенсіз нәпсі, құмарлық, дүниенің жалған әдемілігі мен күнәнің жасауға қарсы тұрмай, мағрифат жолы мен Алланың бұйырғанына бағынуда қиындықтармен күреспейтін болса, ешқашан еш нәрсеге қол жеткізе алмайды.
Имамдардың өмірлерінде әрдайым көрініс табатын ортақ қағидалардың бірі сабырлық және күрес болып табылады. Бұл ұлы тұлғалар сабырлықтың үлкен үлгісі және қарсыласу мен күрестің қаһармандары болған. Имам Реза (ғ.с)-ның өмір тәсілінен ол хазіреттің басқа имамдар секілді осы ахлақтық қасиеттің толық үлгісі болғанын көруге болады.
Имам Реза (ғ.с) өз өмірінің барлық кезеңдерінде және құрметті әкесі абақтыда жатқан кезеңінде үлкен сабырлық танытып, отбасы мүшелеріне қамқор болған. Ол мүмін, сабырлы адам болған. Хазірет онымен дауласып, жанжалдасқан адамдарға сабырлық пен төзімділік танытқан. Ол кісіге құрметсіздік танытқан адамдар да болған. Алайда имам Реза оларға қарсы қару ретінде үнсіздікті таңдаған болатын.
Қасиетті Құран сабырлылар үшін көптеген сый-сияпат ұсынады. Жұмаққа кірудің кілті сабырлық пен төзімділік болып саналады. Осыған байланысты, «Рағыд» сүресінің 24-ші аятында айтылғандай: “Сабыр еткендерің үшін Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” (дейді)",-деп періштелер жұмақтың есігінің алдынан келіп қарсы алады.
Исламның ұлы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) сабырлы адамдардың қасиеттері туралы хадисінде былай дейді: "Сабырлықтың үш нышаны бар: алғашқысы – әлсіздік танытпау, екіншісі – қайғы мен мұңға берілмеу, үшіншісі өз Жаратушысына шағымданбау және оны кінәламау. Себебі, егер адам әлсіздік танытса, өз құқығын бұзды деген сөз. Егер ол қайғы-мұңға берілсе, шүкіршілік етпейтінін білдіреді. Сондай-ақ, егер Жаратушысына шағымданатын болса, оны кінәлау деген мағынаны білдіреді".
Сабырлы адамның толық үлгісі болған пәк пайғамбар (с.ғ.с)-дың ұрпағы имам Реза (ғ.с) сабырлық пен шыдамдылық туралы: "Бойына үш қасиет дарымай, ешбір пенде өз иманының ақиқатын толықтыра алмайды. Ол қасиеттер – дінді тану, өмірде игілікті ойлау және бақытсыздықтар мен қасіреттерге шыдамдылық таныту",- деп айтқан.
Исламның ұлы тұлғалары мен ахлақ ғалымдары, әсіресе имам Реза (ғ.с)-ның жазбалары мен сөйлеген сөздерінде: "Сабырлық ұғымы үш тармаққа бөлінген: алғашқысы – бойсұнуға сабырлық таныту; екінші – күнә жасаудың алдында сабырлық ету; үшіншісі – бақытсыздыққа шыдамдылық таныту. Бойсұнуға сабырлық таныту Құдайдың бұйырған бойсұнудағы қиындықтардың алдында берік болу деген мағынаны білдіреді: намаз оқу, ораза ұстау, қажылық жасау, джиһад және қаржылай міндеттемелерді орындаудағы илаһи дәстүрлерге бойсұну хомс, зекет, сондай-ақ бойсұну алдындағы қиындықтарға сабырлық пен төзімділік таныту секілді",- деп жазылған.
Күнә жасаудың алдында сабырлық таныту дегеніміз құмарлықтан пайда болған құмарланудың бағынбайтын жалыны мен қозулардың алдында берілмей, қарсы тұру дегенді білдіреді. Кері жағдайда құмарлықтың толқыны адамның бойындағы иман, тақуалық, пәктік, адалдық пен тазалықты жояды.
Бақытсыздыққа шыдамдылық таныту адамның өмірінде қымбатты жандарынан айрылу, үлкен қаржылай шығындар, қоғамдағы абыройға қатер төну, емделуі қиын ауруларға шалдығу, жаман жолдастар мен сатқын серіктестердің тұзағына түсу және қатыгез үкімет пен кейде бұзылған жұбайлар және тағы да басқа ауыр оқиғалардың алдында сабырлық пен төзімділікті жоғалтпау болып саналады.
Диктор 2:
Имам Реза (ғ.с)-ның құпия және жасырын саясаттарына қарсы Мамунның заң бұзушылығы, әсіресе оның тақ мұрагерлігіне келуі ол хазіреттің шыдамдылығы мен төзімділігі бізге оның сабырлығының жоғары деңгейін көрсетеді. Ол үнемі салмақты және салқынқанды адам болған. Имам Реза (ғ.с) сабырлықты нағыз мүмінге тән қасиеттердің бірі санаған.