Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 17
Исламның басында әйелдер де мешітке келетін. Олар намаз оқып, Исламның ұлық пайғамбарының сөздерін тыңдау үшін мешітке жиналатын. Пайғамбар егер әйелдердің бір себептермен сөзін естімгенін сезсе, қайтадан қайталап, ақыл-кеңес беретін. Кейде әйелдердің сұрауымен олар үшін жеке жиындар өткізетін. Пайғамбар жиындарында сөз сөйлеуімен бірге шариғатқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, ахлақи мәселелер мен олардың шешім жолдарын баяндайтын.
Исламның ұлық пайғамбары мешітте діни ахкам мен фикх туралы жиындар өткізуімен бірге халыққа уағыз пен ақыл-кеңес беретін. Хазіреттің уағыздары тақуалық, сопылық, дүние, ұзақ мерзімді армандар, нәпсі және өткеннен алған сабақтар туралы болды. Алла елшісінің сөздері көбінесе қысқа болып, тек бірнеше минутқа созылды. Хазіреттің жұма намазының құтпаларындағы сөздері де баршаның назарын аударатын. Бұл мәселе пайғамбар үшін маңызды болғаны сондай, бір адам оған: «Мен пәлен адамның намазына қатыспаймын, өйткені ол намазды ұзақ оқиды»,- деген кезде ашуланып, мінберге шығып, бұл мәселе туралы халықпен сөйлесті. Бұл жиынға қатысушылардың айтуынша, адамдар пайғамбардың мұндай ашуын бұрын көрмеген. Пайғамбар: «Кейбіреулерінің әрекеттері халықты қашырады. Жамағат намазының имамы болу міндетін өз мойнына алған адам намазды ұзақ оқымасын. Өйткені, жамағат намазға әлсіз адамдар, қарттар мен жұмыстарына асыққан адамдар қатысуы мүмкін»,- деді.
Исламның ұлық пайғамбарының уағыздары мен сөздері мешітке жиналған адамдар үшін өте қызық болғандықтан, оларды шаршатпайтын. Алайда ондай жиындар күнде өтпейтін. Өйткені, егер уағыз күнде айтылғанда адамдарды шаршататын еді. Пайғамбар кезінде өмір сүрген ғылыми тұлғалардың бірі Абдолла бен Масуд: «Алла елшісі бізді, тыңдармандарды шаршатпас үшін кейбір күндері уағыз айтпайтын»,- деп есіне алатын. Кейде пайғамбардың уағыз айтатыны туралы халыққа мешітке жиналмастан бұрын алдын ала хабарланатын. Мұндай күндері хазіреттің сахабалары бір-біріне мешітке уақытанда барып, пайғамбардың сөзінің біреуін де қалдырмай жазып отыру қажеттігін насихаттайтын. Өйткені, олар хазіреттің әр сөзінің уаһи және Алланың сөзі екенін жақсы түсінетін. «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана». («Нәжім» сүресі, 3-4-ші аяттары).
Исламның басында әйелдер де мешітке келетін. Олар намаз оқып, Исламның ұлық пайғамбарының сөздерін тыңдау үшін мешітке жиналатын. Пайғамбар егер әйелдердің бір себептермен сөзін естімгенін сезсе, қайтадан қайталап, ақыл-кеңес беретін. Кейде әйелдердің сұрауымен олар үшін жеке жиындар өткізетін. Пайғамбар жиындарында сөз сөйлеуімен бірге шариғатқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, ахлақи мәселелер мен олардың шешім жолдарын баяндайтын.
********************************
Сирияның танымал Амави орталық мешіті
Мешіт – халықтың Аллаға құлшылық етіп, діни үгіт-насихат жүргізетін мекен. Исламның басында мешіт қарапайым мекен болды. Бірақ, уақыт өте келе, әсіресе Омеядтар кезінде мешіттің рухани кеңістігі маңыздылығынан айырылып, діни тағылымдар мен үгіт-насихат тарату рөлінің орнына сән-салтанаты артып, пайғамбардың болжамдары іске асырыла бастады. Хазірет: «Иман азайған кезде мешіттер сән-салтанатқа ие болғанымен, олардың шынайы бағытынан еш нәрсе қалмайды»,- деген болатын.
Дамаскдегі Амави орталық мешіті осындай жағдайдың анық үлгісі. Мұсылмандар оны әлемнің ғажайыптарының бірі деп атады. Амави орталық мешіті салынған жерде көптеген храмдар болды. Бірақ, олардан қара тастардың бетінде орнатқан жазбаларынан басқа еш нәрсе қалмаған. Христиан діні пайда болып, таралған соң христиандар бұл қасиетті мекенді шіркеу ретінде пайдаланды. Зерттеушілер мен тарихшылардың бұл шіркеудің құрылуы туралы пікірлері әртүрлі болғанымен, барша бұл шіркеудің римдықтар кезінде салынғанын мойындайды.
Милади күнтізбесінің 635 жылы мұсылмандардың жеңістерінен кейін олар бұл мекенді намаз оқуға пайдаланды. Мұсылмандардың бірінші михрабы «Михрабе сахабе» деп аталып, Амави орталық мештінің оңтүстік қабырғасында жасалған михраб болды. Екінші халифаның кезінде Шамды билеген Муавие ғимараттың бір бөлігін мешіт қылып, бір бөлігін шіркеу етіп қалдырды. 705 жылы халифат Валид бен Абдолмалекке жеткен кезде ол шіркеуді мешітке қосты.
Бұл мешітте сүнниттердің малеки, ханбали, шафеи және ханафи деген төрт мазхабының атымен аталған төрт михраб бар еді. Сондай-ақ, бұл мешітте басқа қабірлер мен діни мекендер орналасқан болатын. Мұндай мекендердің бірі хазірет Яхьяның қасиетті басы орналасқан мекен саналады.
Зейд бен Вақедтің «Әл-Таварих» тарихында: «Дамаск мешітін салмақ болған кезде мен мешіттің күмбезді үш жаппасының бірінің астынан хазірет Яхьяның тіпті бетінің терісі мен шашының түсі өзгермеген қасиетті басын алып шыққанын байқадым»,- деп жазылған. Хазірет Яхьяның қасиетті басы мекенінен басқа Дамасктың орталық мешітінде «Әл-Таварих» кітабында айтылған басқа пайғамбарлардың қабірлері де бар. Хазірет Һудтың қабірі аталмыш мешіттің оңтүстік қабырғасында орналасқан. Бұл қабір хазірет Яхьяның қасиетті басы орналастырылған жерге қарсы орналастырылған.
Алайда Амави орталық мешітінде оны басқа мешіттерден ерекшелендіретін маңызды оқиғаның орын алды. Бұл оқиға Исламның ұлық пайғамбарының немересі хазірет Хусейн (ғ.с.)-ның перзенті имам Саджад (ғ.с.) пен немересі хазірет Зейнабтың бұл мешітте болуы мен жалынды сөздері болды. Пайғамбардың немересі имам Хусейн (ғ.с.) хижри қамаридың 61 жылының мухаррам айының 10 күні шәһид болған соң имам Саджад (ғ.с.), хазірет Зейнаб және имам отбасының басқа мүшелері Амави әскерінің тұтқынына түсті. Сырт көзге жеңіске жеткен Язид әскері тұтқындарды басында Куфеге апарып, содан соң Шамға ауыстырды. Язид жеңісін тойлады. Ол өзінің жалшыларының бірін мінберге жіберіп, имам Әли (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ға тіл тигізіп, Муавие мен Язидты мақтауды бұйырды. Мінберге барған адам оның бұйрығын орындады. Содан соң имам Саджад (ғ.с.) наразылық білдіріп: «Сен қандай бақытсызсың. Жаратылған адамды риза етемін деп Жаратушының ызасына ие болып, өзіңді тозақ отына түсірдің»,- деп, содан соң Язидке: «Әй, Язид, маған да мінберге шығып, Алла риза болып, әлсіздер сыйға ие болатын сөзімді айтуға рұқсат ет»,- деді. Язид имамның қалауын қабылдамайды. Бірақ жиналғандардың сұрауымен рұқсат беруге мәжбүр болады. Имам Саджад (ғ.с.) мінберге шығып, алдымен Алланы мадақтап, Язид үкіметінің негіздерін шайқаған сөздерін айтты. Сондықтан Амави мешітіндегі бұл мінбер имам Саджад (ғ.с.)-ның мінбері деп аталды.
Мешіттің басқа бөлімінен «Зейн әл-Абидин мақамы» деп аталып кеткен төрт тіректің үстінде орналасқан кішкентай күмбезді көруге болады.
Амави мешітінің шығыс жағында исламның ұлық пайғамбарының достары мен жақтастары зиярат ететін имам Хусейн (ғ.с.)-ның басы жерленген мекен бар.
Алайда, бүгінде тарихи мұраларға ие мешіт лаңкестік шабуылдардан аман қалмай, оның кейбір бөлімдерді қирады.