Аптаның экономикалық журналы (110)
Ислам революциясының жетекшісі халықтың сайлауын растап, Хасан Руханиді президент ретінде тағайындағаннан кейін көршілес елдермен экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған Иранның экономикалық қарым-қатынастарының жаңа кезеңі басталды.
Хазірет аятолла Хаменеи өткен бейсенбі күні имам Хомейни атындағы хосейниеде президентті тағайындау рәсімінде: «Санкциялар қиындықтар туғызғанымен, біздің бар назарымызды ішкі мүмкіндіктерге шоғырландыруымызға себеп болды. Сондықтан бүгінде дұшпандардың қалауына керісінше Иран революцияның бастапқы жылдарына қарағанда әлдеқайда мықтырақ» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи: « АҚШ-тың қазіргі басшылары сияқты кейбір тараптар Иран халқымен ашық түрде жауласуда. Ал кейбіреулерінің істері барқыт қолғапға жасырынған жұдырық іспеттес болды. Алайда, бұл жобалардың барлығы Иран халқы мен басшыларының өз-өзіне деген сенімдігінің артып, дұшпанның айла-шарғыларымен күресудің жолдарын табуына себеп болды» деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында үкімет қайраткерлеріне экономика, мәдениет және қорғаныс салаларында табандылық, жанкештілікпен ұсынақты жұмыс жасауға, сондай-ақ, қараниеттілердің айла-шарғыларымен күресу үшін исламдық және революциялық болмысты сақтап қалуға кеңес берді.
Иранның он екінші президентінің ұлықтау рәсімдері Иранның екіжақты экономикалық қарым-қатынастары мен АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары туралы саясаттары және ұстанымдарын жариялау үшін мүмкіндік тудырды. Африкадан бастап Еуропаға дейінгі көптеген мемлекеттер, көршілес және аймақтық елдердің қайраткерлері осы аптада Теһранда Иранның басшыларымен жүздесті.
Иран мен Ирак байланыстарын кеңейту осы аптада Ирак президенті Фуад Масум мен Иран президентінің кездесуінде қуатталған мәселелердің бірі болды.
ИИР президенті Хасан Рухани Иранның он екінші президентінің ұлықтау рәсімдеріне қатысу үшін Теһранға сапармен келген Ирак президенті Фуад Масуммен кездесуінде Иракты Иранмен терең әрі тарихи қарым-қатынастарға ие дос әрі бауырлас мемлекет деп атап: «Екі елдің халқы мен экономикалық бесенділерінің байланыстарын неғұрлым жеңілдету Иран мен Ирактың берік әрі терең қарым-қатынастарын кеңейтуге көмектесе алады. Барыс-келіс пен виза мәселесін жеңілдету де осы мәселеге көмегін тигізеді» деді.
Ирак президенті Фуад Масум да кездесуде Иранның Иракқа көзқарасын екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстар мен қарым-қатынастарды кеңейтудің қайнар көзі деп атап: «Иран мен Ирактың инвестиция, техникалық-инженерлік қызметтер алаңындағы ынтымақтастықтарын кеңейту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Бағдад Теһранмен барлық салалар бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделі» деді.
Осы кездесумен бір мезгілде Иран мен Ирактың экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту комитетінің төрағасы Саид Оухади Кербалада өткен екі елдің экономикалық конференциясында Иран мен Ирактың экономикалық қарым-қатынастарын бұрынғыдан бетер кеңейтуді және экономиканың түрлі салаларындағы кедергілерді жоюды сұрады. Өткен үш айда екі ел арасында 50-ден астам делегация барыс-келіс жасап, маңызды келісімдерге қол қойды.
Иран мен Ирак арасында 1400 километрден астам ортақ шекара және кәсіпкерлер мен жолаушылардың өтуіне арналған 20 шекаралық өткізу бекеттерінің болуы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін қолайлы жағдай тудырды.
Екі апта бұрын Теһранда ИИР Мұнай министрі Зангане мен оның ирактық әріптесі Джаббар Әли әл-Луаибидің екі елдің мұнай және газ, сондай-ақ, ортақ мұнай алаңдарын пайдалану туралы келіссөздері өтті. Ирак пен Иран арасындағы өткен 2016 жылғы сауда айналымының деңгейі 6 миллиард 500 миллион долларға жетті. Бұл айналым екі елдің жаңа келісімдері, әсіресе, Иранның Иракты қайта қалпына келтіруге қатысуы туралы келісімдерден кейін көзге көрінерліктей мөлшерде артатын болады.
Теһран мен Ереван байланыстарын кеңейтуАрмения президентінің Иран президентін ұлықтау рәсіміне қатысу мақсатында Теһранға жасаған сапары барысында екі тарап басшылары қуаттаған мәселелердің бірі болды.
Армения президенті Серж Саргсян да кездесуде соңғы жылдары екі ел байланыстары деңгейінің жоғарылауын тілге тиек етіп, елінің Иранмен байланыстарын экономиканың барлық салаларында, әсіресе энергетика, сауда, тасымал бойынша арттыруға ынталы екендігін мәлімдеді.
Иран мен Армения түрлі экономикалық, мәдени бөлімдер мен тасымал, энергетика, туризм және транзит сияқты салаларда ынтымақтастық жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Бұл салаларды неғұрлым тезірек іске қосу екі ел үшін пайдалы болады. Бұл шындық Иран президенті Хасан Рухани мен Армения президенті Серж Саргсянның Теһранда кездесуінде қуатталып, екі елдің мәдени-тарихи ортақтастықтары да назардан тыс қалмады.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтар осы аптадағыөзекті жаңалықтардың бірі болды. Армения осы одаққа мүше елдердің кәсіптік және транзиттік ынтымақтастықтарында күре жол және темір жол байланыстарының бірден-бір дәлізі болып табылады. Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрлігі мен Ауылшаруашылық министрлігінің басшылары осы аптада өздерінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес елдегі әріптестерімен Ереванда өткен ортақ отырыста Иран мен Еуразияның экономикалық байланыстарын арттыруды қуаттады.
Бұл отырыста Еуразиялық одаққа мүше елдердің тауарларына қатысты жүзге жуық тарифтің есесіне Иранның осы елдерге экспорттайтын 125 өніміне қатысты жақын болашақта жеңілдетілген тариф тағайындау жөнінде келісімге келді.
Бұл келісім Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Армения елдерімен экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту үшін мүмкіндік тудырады.
Иран мен еуропалық елдердің ынтымақтастықтары алаңында да осы аптада жаңа келісім жасалды. Бұл келісімге дүйсенбі күні Францияның Renault көлік жасау корпорациясы мен Иранның Өнеркәсіпті кеңейту және жаңарту ұйымы қол қойды.
Renault көлік жасау корпорациясымен жасалған келісімі шеңберінде құны 660 миллион еуроны құрайтын бірінші фазада 150 мың көлік жасалып, алғашқы өнімдер 2019 жылдың сәуір айында нарыққа берілетін болады. Жасалған келісімге сәйкес, құрыстырылған көлік пен бөлшектерді қамтитын өнімдердің 30 пайызы Renault көлік жасау корпорациясы басшыларының жауапкершілігімен экспортталады.
Бұл келісім Францияның Total мұнай компаниясымен жасалған келісімнен кейінгі Иран мен Франция арасындағы екінші маңызды келісімшарт саналады.
Иран бұл ауқымды жобаларды Ауғанстанның саудасында стратегиялық маңызы бар Чабаһар портын кеңейту үшін жүзеге асырды. Иранның мұхитта орналасқан жалғыз порты болып табылатын Чабаһар порты мұхитта жүзетін кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие. Бұл порт стратегиялық жағдайына байланысты құрлықпен қоршалған Орталық Азия елдері, соның ішінде, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан елдері мен Ауғанстан үшін еркін суларға шығатын ең жақын жол саналады. Ауғанстан мен Үндістан ортақ біркелісім негізінде Иранмен осы салада әріптестік жасауды бастады.
Осы аяда Исхақ Джаһангири жексенбі күні Теһранда Үндістанның Тасымал және кеме қатынасы министрі Ниитин Гаддикаримен кездесуінде Чабаһар портының Теһран үшін маңыздылығын қуаттап, Үндістанның осы портқа қатысты жобаларды жүзеге асыруға атсалысуына қызығушылық білдірді.
Үндістанның Тасымал және кеме қатынасы министрі осы кездесуде: «Үндістан үкіметі Чабаһар порты жобасының неғұрлым тезірек қолданысқа берілуін қалайды. Үндістандық саудагерлер де Чабаһар портының жобаларына инвестиция салуға ынта білдіріп отыр» деді.
Екі елдің инвесторлары мен экономикалық белсенділері енді Чабаһар аймағының инфрақұрылымдары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Иранның ауқымды темір жол желілеріне қосылу арқылы Иранның сауда мүмкіндіктері мен транзиттік жолдарын пайдалана алады.
ИИР президенті Хасан Руханидің президенттігін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға сапармен келген Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғанидің кездесуінде жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейту және нығайту мәселесі талқыланды. ИИР президенті екі елдің ауқымды әрі терең байланыстарын нығайтудың маңыздылығын қуаттап: «ИИР Ауғанстан халқының қауіпсіздігін нығайтуға бар күшін салады» деді.
Рухани Иранның Ауғанстанмен жақсы қарым-қатынас жасауды қалайтынын айтып: «Чабаһар порты темір жолдармен байланыстырылғандықтан Ауғанстанның пайдалануы үшін қолайлы болады. Осылайша, екі елдің экономикалық, сауда және тау-кен саласындағы ынтымақтастықтары арта түседі» деді.
Осы аптада Захеданда Иранның Систан мен Балучестан облысы және Пәкістанның Балучестан облысының ортақ сауда комитетінің бесінші отырысы өтті.
Балық шаруашылығы, теңіз және темір жол тасымалы, шекаралық сауданы жақсарту, Иран мен Пәкістан кәсіпкерлерінің қиыншылықтарын шешу, сауда айналымын арттыру бойынша қарым-қатынастарды кеңейту шекаралық ортақ комитеттің отырысында көтерілген мәселелердің қатарын құрады.
Захедан-Милек-Серахс темір жол желісінің құрылысы, Чабаһарда мұнай-химия кешенін салу, Ираншахр мен Сарбазда жаңа цемент зауыттарын ашу, Систанда мүмкіндігі 50 мың тоннаны құрайтын шина жасайтын зауыт жобасы екі ел инвестиция сала алатын жобалардың қатарын құрайды.
Иран мен Пәкістанның екі шекаралық облысы арасында қатынайтын жүк пойыздар санын аптасына төрт пойыздан жеті пойызға дейін арттыру және Пәкістан кәсіпкерлері үшін Мирджаве арнайы экономикалық аймағында инвестиция салу мүмкіндігін тудыру Иран мен Пәкістанның шекаралық келісімінің тараулары болып табылады.
ИИР Президенті Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездесуінде Теһран-Астана әріптестігін нығайту қажеттігін қуаттап: «Иран мен Қазақстан арасында өте жақсы келісімдер жасалды. Оларды орындауды тездету екі ел мен аймақтың мүдделері үшін пайдалы болады»,-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Иранның он екінші Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға келген Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесуінде екі елдің терең достық қарым-қатынасына тоқталып: «Иран мен Қазақстан энергетика, темір жол тасымалы, Каспий теңізі арқылы туристер мен тауарларды тасымалдау, ауыл шаруашылығы мен елден тыс жерде егін егу саласында әріптестіктерін кеңейте алады. Иранда әсіресе мұнай-газ бен мұнай-химия салаларында көптеген жобалар бар. Қазақстан сол жобаларға қатысып, инвестиция сала алады»,-деді.