Там 15, 2017 16:28 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 74

Исламның көзқарасы бойынша сөз бостандығының Шығыс пен Батыстың көзқарасындағы сөз бостандығынан айырмашылығы бар. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, мұсылман адам Шығыс пен Батыстағы сөз бостандығын қайталамауы керек.

Демократиялық үкіметтердегі ең маңызды факторлардың бірі – қоғамдағы адамдарына сөз бостандығын беру. Әртүрлі сөздер мен сындарға төзімділік білдіру, халық пен ақпарат құралдарының сындарлы пікірлеріне құлақ салу қоғамның алға ілгерілеуіне оң әсерін тигізеді. Бүгінде «сөз бостандығы» деген өте әдемі ұран мемлекеттердің көбінде естілгенімен, сөз бостандығы бұл елдерде сақталып, халықтың өз сөзін айту құқығы бұзылмай жатыр ма деген сауал туындайды. Иранда патшалық үкімет кезеңдерінде сөз бостандығының мағынасы болмады. Шындықты айтқаны үшін қаншама адам азап-қорлық көрді. Алайда, 1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткен соң бұл елде сөз бостандығына жол ашылды. Бұл үлкен оқиға Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни мен революцияның қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің қырағы көзқарасының нәтижесі болып табылады.

 

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи азаттықты қажет фактор және Алланың нығметтерінің бірі, бірақ үкіметтер  азаматтарын сонымен қамтамасыз ете алмаған адамның басты әрі табиғи құқығы деп санайды. Азаттыққа илаһи нығмет ретінде қарайтын болсақ, бұл нығмет те басқа илаһи нығметтер сияқты сақталуы  керек.

Сөз бостандығы азаттық туындыларының бірі ретінде адамдар мен қоғамды дұрыс жолға нұсқап, ағарту жұмыстарын жүргізуде маңызды рөл атқарады. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша сөз бостандығы ойлану азаттығынан тамырланады. Қоғамда ойлану азаттығы қалыптасып, тұлғалар өз пікірілерін оңай баяндай алған кезде сөз бостандығы да орнатылады. Діни басшы сөз бостандығының тілдеу мен ауызға келгенді айтудан  айырмашылығы бар деп санайды. Әр адам сөйлеу әдебін үйреніп, басқаларды үйретуге міндетті. Аятолла Хаменеи: «Ауруларды емдеу және мәдени талан-таражды тоқтату заң мен ислам негіздеріне сай қалыптасуы қажет» дейді.

Исламның көзқарасы бойынша сөз бостандығының Шығыс пен Батыстың көзқарасындағы сөз бостандығынан айырмашылығы бар. Ислам  революциясы жетекшісінің пікірінше, мұсылман адам Шығыс пен Батыстағы сөз бостандығын қайталамауы керек.  Өйткені, Исламның азаттыққа қатысты пікірі Шығыс пен Батыстағы сөз бостандығы туралы пікірінен өзгеше. Аятолла Хаменеи  исламдағы азаттықты Құдайдан басқаға бет бұрмау деп санайды. Азаттық – адамгершілік пен Аллаға қарай алға ілгерілеу. Оның пікірі бойынша, азаттықтың бұл түрі – ислам тұрғысынан шындық сөзін тыңдап, қабылдауға дайын болу. Яғни, ең әлсіз адам ешбір алаңдаусыз  өз сөзін үкімет  басшысына жеткізу мүмкіндігіне ие болуы керек. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Қоғамда әділеттің орнатылуының белгілеріне қоғамның ең төмен табы адамының діни басшы мен мемлекеттің ең жоғары басшысының алдында еш нәрседен қорықпай, өз құқығын орындауы және оған зұлымдық жасалмауы жатады. Кейбіреулер мұндайды мүмкін емес деп санайды. Біздің ойымызша бұл адамдар діни билікке сенбейді. Шын мәнінде, діни билік кеңістігінде әлсіз адамның өз пікірін айту мүмкіндігі болады. Азаттық талап ету – әділет талап ету. Өйткені, егер қоғамда әділет орнатылса, адамдардың құқықтары мен азаттықтары да мүмкін болады»,- деді.

Сөз бостандығы 

Исламдық мәдениеттегі азаттықтың тамыры тауһидтік дүниетанымда. Діни жетекші  азаттық мәселесіне тауһидтік тұрғыдан қарап, азаттықты адамдардың дерттері деп атап: «Адамдардың нәпсілерінің тұтқындығына түспей,  залым үкіметтерден қорықпауы – барлық халықтардың теңдігінің белгісі және барлық халықтардың дерттерінің дәрмені. Яғни, адам ішкі азаттық, рухани азаттық және адамның алға ілгерілеуіне кедергі болатын шынжырлардан азат болу керек»,- деп баса айтты. Сөз бостандығының бос сөзден айырмашылығының үлкен болуына байланысты аятолла Хаменеидің пікірінше, Ислам діні сөз бостандығына шектеу мен шекара қойған. Өйткені, кейбіреулер сөз бостандығын сылтауратып, халықтың ой-пікірін адастырмақ. Ислам революциясының жееткшісі бұл туралы: «Ислам халықтың адасуына себеп болатын сөзге тыйым салған. Бұл тыйымның дәлелі мен философиясф анық. Өйткені, азаттық қоғамдық ой-пікірді дұрыс жолға нұсқап, оның дамуы мен қоғамның алға ілгерлеуі үшін қажет. Ал қоғамдық ой-пікірдің адасуына себеп болатын азаттықтар оның бұрыс жолға түсуі мен қоғамның кері қайтуына соқтырады. Яғни, сөз бостандығына қойылған шектеулердін бірі адастыру мәселесіне қатысты. Қоғамды адастырып, жүректер мен ой-пікірлерді қате жолға түсіретін кез келген сөзге тыйым салынған. Келесі тыйым қоғамда бейберекеттік орнатуға қатысты болды. Құранның «Ахзаб» сүресінің 60-шы аятында: «Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек таратқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз...»,- деп айтылған. Бұл аятта «морджефун» деп қоғамда тәртіпсіздік орнатып, адамдарды бұрыс  жолға салғандарға айтылған. «Морджеф» – сөзі, қауесеті және ұстанымдарымен қоғамдық пікірді бейберекеттікке душар еткен адам. Ислам қоғамды бұзуды қабылдамайды. Бұл – сөз бостандығына шектеу қойылған жайттардың бірі.

Әділет пен азаттық

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында сөз бостандығы тақырыбындағы исламның көзқарасындағы маңызды мәселеге тоқталды. Бұл маңызды мәселе исламның кейде үнсіз қалуды айыптауы мен пікір білдірмеуді жөнсіз санауы саналады. Ол бұл туралы: «Исламның келесі ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік исламның кейбір жағдайларда үнсіз қалуға тыйым салуы болып табылады. Яғни, сөз сөйлеу тек рұқсат ғана емес, алайда одан маңыздысы, үнсіз қалу харам. Кейбір кездерде пікір білдіру міндет. Шындықты теріске шығару исламдық жүйенің мәслихаты мен қоғамның ой-пікірінің дамуына қарсы болса, үнсіз қалмау уәжіп, шындықты теріске шығару харам саналады. «Әл-Имран» сүресінің 187-ші аятында:  «...Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар..»,- деп айтылған. Егер басшылар исламның жолынан ауытқып, жолды өзгертіп, исламдық негіздерден басқа жолға бұрылатын болса, сөз сөйлеу уәжіп болады. Жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіріп, халыққа шындықты әшкерелеу қажет. Мұның барлығы исламның сөз бостандығы мен азаттыққа қатысты пікірін айқындай түседі.