Қыр 01, 2017 10:44 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 20

Мешіт – мұсылмандар илаһи міндеттерін орындап, діни жиындар өткізу үшін жиналатын, сондай-ақ діни білім мен шариғатты тарату үшін ең жақсы мекен. Сол себепті исламның алғашқы кезеңінде дін мен исламдық тағылымдар мешітте үйретілді. Каирдің ең көне әрі ең танымал мешіттерінің бірі – әл-Азхар мешіті.

Беғсат басталған жылдары Меккедегі қиын жағдайға қарамастан пайғамбар кейбір күндері сахабаларын әл-Харам мешітінде жинап, Құран оқып, оларға илаһи уәжіптерді үйретті. Кейбір кезде құрайыш басшыларымен таухид пен Алланың жалғыздығы туралы ұзаққа созылған жиналыстар өткізді.

Исламның ұлық пайғамбарының Меккеден Мединеге хиджратынан кейін ағартушылық жұмыстар ән-Наби мешітіне ауысты. Пайғамбар көбінде таң немесе иша намазынан кейін ғылыми сұхбат жүргізді. Құран тәпсірі хазіреттің жиындарының көп уақытын алды. Бұл жиындардан басқа пайғамбар мешітте білім беру сыныптарын өткізді. Пайғамбар білім беру сыныптарының маңыздылығы туралы: «Үш іс, атап айтқанда намаздан кейін Құран оқу, Алланы еске алып, зікір айту және ғылыми пікірталас болмаса, басқа кезде мешітте қалу пайдасыз»,- деген.

Мешіт – мұсылмандар илаһи міндеттерін  орындап, діни жиындар өткізу үшін жиналатын, сондай-ақ діни білім мен шариғатты тарату үшін  ең жақсы мекен. Сол себепті исламның алғашқы кезеңінде дін мен исламдық тағылымдар мешітте үйретілді.

Мешіттердің құрылған мерзіміне назар аудармастан тарихшылардың көбі медреселерден бұрын мешіт ислам әлемінде маңызды ғылыми-мәдени орталық болды деп санайды. Кейін мешіттерде шәкірттер үшін сыныптары салынды. Мұндай мешіттерді осы кезге дейін Иран мен басқа исламдық елдерден кездестіруге болады. Сондықтан лексикалық мағыналарында айырмашылық болғанымен, көбінде «медресе» мен «мешіт» синоним сөздер болды. Тіпті, медреселер құрылған кезде де мешіттер өзінің тәлім-тәрбие беру функциясын сақтады. Сегізінші ғасырдың танымал саяхатшысы Ибн Баттута Бағдаттың орталық мешітінде хадис сабақтарының жүргізілгені және өзінің соларға қатысқаны туралы жазды. Сол кезде Бағдатта  бірнеше үлкен діни медресе болған. Осыған орай медресені кейде мешіт немесе мешітті медресе деп атайды. Кейбір уақытта Захедан немесе Суфиенің ғибадатханалары  сабақ үшін пайдаланылды.

Бүгін де мешіттер медреселер немесе үлкен діни орталықтар ретінде танымал. Діни ғалымдардың көбі мешіттерде сабақ өткізеді.  

     ******************************

 

Каирдің ең көне әрі ең танымал мешіттерінің бірі – әл-Азхар мешіті. Мешітте медресе бар. Бұл мешіт Солтүстік Африкадағы ең үлкен билік династияларының бірі саналатын Фатемиун билігі кезінде салынды. Фатеми халифалары өздерін Алла елшісінің қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға қатысты санайды. Сондықтан кейбіреулер әл-Азхар мешітінің атауын хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның лақап атының бірі деп санайды. «Әл-Азхар», яғни жарық таратушы. Бұл мешіт Мысырдың басқа мекендерінің арасында ерекше көзге түседі.

Әл-Азхар

Әл-Азхар мешітін хиджри жыл санағы бойынша 359-361 жылдары, сәйкесінше милади жыл санағы бойынша 970-972  жылдары төртінші Фатимиун халифалары сардар Моезеддинолланың кезінде Джоуһар Катеб Сақели салғызды. Ол Мысырды жеңіп алған соң  Моезеддинолланың бұйрығымен әл-Азһар мешітін Торк пен Дейлам мекендерінің арасында халифанің сарайына қарай салды. Хиджридің 361 жылының рамазан айының 7 жұлдызында бірінші рет бұл  мешітте жұма намазы өткізілді. 365 жылдың рамазан айында әл-Азхар мешітінде біірнші рет оқыту жұмыстары басталды. Әли бен Неғман әкесі жазған «Әл-Ихтесар» кітабын сол жерде оқыды. Шын мәнінде ол әл-Азхарда өткен бірінші семинар болып тіркелді. Бұл жылы Әли бен Неман Моезеддиннің бұйрығымен шиіттердің тағылымдарын баяндауға жағдай жасауға кірісті.

 Әл-Азхар мешітінің асында ауласы мен ғимараты болды. Ғимаратының да екі бөлімі болды. Бірінші бөлімін Джоуһар Саһели 76 мәрмәр тірегімен салды. Бұл бөлім намазхандардың негізгі бөлімі болып, төрт қатар тірек намазхананы қыбыласы бар және тіркесе орналасқан бес қатарға бөлді. Қатарлар мешіттің ортасында михрабына тірелген үлкен  шабестанмен аяқталды. Әл-Азхар мешітінің ғимаратының екінші бөлімін кейін Абдолрахман Кадхода салды. Оның 50 мәрмәр тірегі бар. Ол мешіттің көне михрабының артына салынған.

Әл-Азхар михрабы

Хиджри қамаридің 400 жылы Әл-Хакем Биамролла әл-Азхар мешітін қайтадан жөндеп, мешіттің істерін алға ілгерілетіп, шәкірттердің оқуының қаржысы үшін көптеген ақша бөлді. Бұл халифа сондай-ақ Дор әл-Хакаме кітапханасындағы кітаптарды әл-Ахзар кітапханасына ауыстырды.

Әл-Азхардың іші

Осы күні әл-Азхар мешіті деп аталатын мешіттің алғашқы мешіттен көптеген айырмашылығы бар. Өйткені, бұл ғимарат әрқашан билік басындағылардың назарына түсіп, көптеген өзгерістермен кезігіп, алғашқы қарапайым түрінен алыстады. Басшылардың әрқайсы өз талғамы және әр уақыттың қажеттілігі  бойынша оның бөлімдерін қиратып, бөлімдер қайтадан салған. Сондықтан, әл-Азхар мешіті әртүрлі стильдерді біріктіреді. Бұл мешіттен әртүрлі исламдық және араб сәулнтін байқауға болады. Осы кездегі  әл-Азхардың бес мұнарасы мен үш күмбезі бар. Мешіттің ең әдемі бөлімдерінің бірі Фатимиун кезінде жасалған арка сынды терезелері саналады. Олардың көбінде жүзім, жартысында құрма жапырақтары салынған. Мамлүк және Осман сұлтандарының кезеңдерінде мұнаралар, мазарлар мен су қоймалары мен медреселер қосылды. Хиджридің 740 жылы әл-Азхарға Ақ Бақе қосылып, хиджридің 1316 жылы Құран кітаптары мен құнды жазбалар жиналды.

Әл-Азхар

Әл-Азхар мешіті әртүрлі кезеңдерінде алуан оқиғалар және өзгерістермен кезікті. Хиджридің 702 жылы Каирдегі жерсілкінісі салдарынан әл-Ақса мешіті жөндеуді қажет етіп, Мысырдың сол кездегі үкіметі оны жөндеуден өткізді. Моңғолдардың шабуылынан кейін әл-Азхар мешіті басып алынған жерлердегі мұсылман зерттеушілердің жалғыз панажайына айналып, алыс және жақын жерлерден ғалымдар жиналды. Осыған орай хиджридің 8-9 ғасырларында әл-Азхар мешіті өзінің жарқырау кезеңіне куә болып, ол жерде діни ғылымдармен бірге медицина, математика, тарих, география мен астрономия сынды ғылымдар үйретілді.  Әл-Азхардан  көптеген әйгілі тұлғалар оқып шықты. Солардың ішінде Ибн Халдун, Моқризи, Асқалани, Махави мен Сиюти және соңғы жылдардағы Саад Зағлул, Мұхаммад Абде, Таһа Хосейнді атауға болады. Шиіт мазхабының Фатимиун халифаларының бастамасымен салынған әл-Азхар сол үкіметтің қоғамдық  базасын қалыптастырмақ болған. Бірақ Салаһаддин Аюби Мысырды жеңіп алып, сүннит мазхабының Аюби үкіметін орнатып, бағдарын өзгертіп, оның ресми мазхабын исмаилиттік шиіттіктен сүнниттердің шафии мазхабына өзгертті.

Әл-Азхар шәкірттері

Әл-Азхар қоғамы қазіргі кезде діни ғылымдар саласы бойынша шәкірт дайындайтын Мысырдың жалғыз діни оқу орталығы саналады. Сонымен бірге Құран қырағаты,  каллиграфия, поэзия мен өлең, кітаптар мен уағыз сынды кейбір салаларда көптеген техникалық және кәсіби жұмыстарды атқарады.