Ұлы тұлғаның алдында 75
*Ислам жалқаулықты жақтырмайды. Өйткені, жұмыссыз адам көбінесе күнә мен бұзақылыққа, қоғам зұлымдыққа бет бұрады. Еңбек пен талпыныс экономиканы алға ілгерілетуімен бірге қоғамды өркендетіп, дамытады. Жұмыссыздық орны толмас шығын келтіреді.*
Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның еңбектің құндылығы туралы рауаяттарының бірінде: «Кейбір адамдардың дұғалары орындалмайды. Ондай адамдар үйлерінде отырып, ырзығы үшін сыртқа шықпастан: «Уа, Алла! Ырзығымды бере гөр!» деп сұрайды» деген. Қасиетті Ислам діні еңбек пен талпынысты өте маңызды санайды. Бұл дін еңбекті ердің құндылықтарының бірі ретінде таныстырып, жалқаулық пен жұмыссыздықтан алыстауға шақырады. Еңбек пен өндіріске ерекше назар аудартатын Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Исламның көзқарасы бойынша еңбектің рөлі адал ғамал болып табылады. «Аср» сүресінің 2-3-ші аяттарында «Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер бір-біріне шындық пен сабырды үгіттескендер. Олар зиянға ұшырамайды»,- деп айтылған. Ізгі іс істеу тек намаз оқып, ораза тұту, зияратқа барып, зікір айту ғана емес, ізгі іске күнделікті міндеттерді жақсы орындау да жатады. Олардың ең маңыздысы – еңбек ету»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Алла елшісінің рауаятына тоқталып: «Исламның пайғамбары бір жігітті көріп, оған риза болып, қасына шақырып, оның есімі мен жұмысы туралы сұрағанда «Мен жұмыссызбын»,- деп жауап береді. Хазірет: «Менің алдымда беделің төмендеді. Өйткені, жұмыс өте маңызды»,- деді.
«Еңбектің» лексикалық мағынасы адамның жұмыс жасауы, яғни еңбек – өндіріс немесе қызмет көрсету саласында белсенділік танытып, сол үшін жалақы алу. Діни мәдениетте жұмыстың түрі маңызды емес, оның ахлаққа сай әрі халал болуы маңызды. Өкінішке орай, осы кезде кейбір қоғамдарда әсіресе үшінші мемлекеттерде қара жұмыс бағаланбайды. Сондықтан, жастардың көбі столдың басында отыратын жұмысты іздейді. Негізінде қоғамның алға ілгерілеп, бақытына жетуінің маңызды факторына жұмыстың түрі мен сапасына назар аудару жатады. Егер қара жұмыс пен физикалық жұмысты құнсыз әрі қоғамның тек төмен таптарының жұмысы деп санайтын болсақ, дамымаймыз. Тоқырау мен бұзақылыққа ұшыраймыз»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи әртүрлі жұмыстың маңыздылығына тоқталып: «Жалпы айтқанда жұмыстың әр түрі, атап айтқанда қара жұмыс, физикалық жұмыс, зияткерлік жұмыс, ғылыми жұмыс, басқару жұмысы қоғамның алға ілгерілеп, дамуының факторлары болып табылады. Егер жұмыс болмаса, инвестиция, шикізат, энергия мен мәліметтің адам үшін пайдасы болмайды. Жұмыс инвестиция, энергетикалық ресурстар мен шикізатқа дем беріп, оларды пайдалануға болатын нәрсеге айналдырады. Мұның барлығы жүмыстың құндылығы»,- деп баса айтты
Барлық илаһи діндерде көбінесе физикалық жұмыстарға көп назар аударылды. Илаһи пайғамбарлар еңбектенуді қуаттап, өздері де көп еңбектенетін. Исламның ұлық пайғамбары беғсаттан бұрын қой бағып, хазірет Хадиджаның қаржысымен сауда жасаған. Хазірет Мұса да шопандық еткен. Хазірет Ибрахим шопандық және құрылыспен айналысты. Хазірет Идрис тігінші, хазірет Нұх ағаш шебері болды. Алланың пайғамбарларының барлығы өздерінің жеке жұмыстарын өздері орындаған.
Аятолла Хаменеи физикалық жұмыс пен күнделікті істердегі талпыныстардың маңыздылығына тоқталу үшін Исламның ұлық пайғамбарынынң басқа рауаятына сілтеме жасап: «Пайғамбардың сахабаларының бірінің зақымдалған әрі сүйел қолын сүйгені туралы естідіңдер ме?»- деп сұраған. Пайғамбар одан: «Неге қолың осындай болған?»- деп сұрағанда: «Уа, Алланың елшісі! Мен бұл қолыммен еңбек етемін»,- деген жауапты естіп, сахабасының қолын сүйіп: «Бұл қолдарға тозақ оты жақындамайды»,- деді. Яғни, еңбектену арқылы өзімізді оттан алыстатамыз. Бұл мәселе өте маңызды. Бұл ислам дінінің еңбек туралы ұстанымы»,- деді. Аятолла Хаменеи Алла елшісінің сол рауаятына тоқталып: «Исламның ұлық пайғамбарының қарапайым жұмысшының қолын көтеріп, сүюі тек адамды мадақтау емес. Бұл – сабақ. Бұл рауаят бізге жұмысшы, өнім шығарушының қолының құнды болғаны сондай, тіпті пайғамбар сынды қасиетті адамның оның қолын сүйгенін көрсетеді. Әрине, бұл біз үшін сабақ»,- деп қуаттады.
Діни жетекшінің пікірі бойынша, егер жұмысшының өзі мен шаршап-шалдыққан қолдарына құрмет көрсетілсе, ұстаздадың беделі сақталатын болса, қоғам алға ілгерілейді. Алайда жалқаулық пен жалғыздық дамудан алыстатып, бұзақылықтың басталуына себеп болады. Кедейшілік пен тоқырау, абыройсыздық пен қорлық жұмыссыздықтың салдардары. Күндердің бірінде Маоз бен Касир имам Джафар Садық (ғ.с.)-ның қасына келіп, жұмысты тастап, осыған дейін жинаған мүлкіне қанағаттанғаны әлде еңбегі мен талпынысын жалғастырғаны дұрыс па деп ақылдасады. Имам Садық (ғ.с.): «Егер олай жасасаң, абыройың төгіліп, ешбір жұмыста сенен көмек сұралмайды»,- дейді. Жұмыс қарапайым болғанымен, адамның беделіне себеп болып, адам басқаға қол жаюға мұқтаж болмайды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі Алланың елшісі мен хазіреттің пәк ұрпағының құнды рауаяттарына сүйеніп, еңбек пен талпыныстың ислам дініндегі маңыздылығын қуаттайды. Ол жұмыс мәселесіне ерекше назар аударып, әсіресе жастарға жұмысқа шынайы көңіл бөліп, уақыттарын босқа өткізбеу туралы ақыл айтады. Аятолла Хаменеи әр адам мен қоғамның дамуына көмектесетін маңызды мәселелерге тоқталып, іске асырылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына назар аудартып: «Егер жасап жатқан жұмысы адам үшін маңызды болса, адам оған немқұрайдылық танытпайды. Оға, өатысты үмітсіздік пайда болмайды. Қоғам мен мемлекеттің тұрмысы үшін біздің ішкі күштеріміз өте маңызды. Сондықтан біздің бірінші айтатынымыз, жұмысты ынтамен орындаңдар. Алланың елшісі: «Жұмысты орындау міндетін қабылдап, оны дұрыс әрі толық орындайтын адам Алланың рақымына ие болады. Бұл маған, сіздер мен әрбір жұмысшы, мұғалім, дәрігер және басқа да мамандар мен басшыларға қатысты. Міндетімізге алған жұмысты толық әрі дұрыс орындайық»,- деді.